Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

25.05.2020

S&P халықаралық рейтинг агенттігі Халық банкінің кредиттік рейтингін, операциялық қызметті жүргізу жағдайларының нашарлауына қарамастан, тұрақты болжаммен «BB» деңгейінде екендігін растады

2020 жылғы 21 мамырда S&P халықаралық рейтинг агенттігі Халық банкі эмитентінің ұзақмерзімді кредиттік рейтингін тұрақты болжаммен «BB» деңгейін растады. Рейтингтің осы деңгейі шетелдік қатысуы жоқ қазақстандық банктердің арасындағы ең жоғары көрсеткішті көрсетуде.

Бұл рейтингті растау Қазақстанның банк секторындағы Халық банкінің көшбасшылық позициясы, пайда жасау қабілеті, сондай-ақ капитал мен өтімділіктің едәуір қоры Қазақстандағы операциялық жағдайлардың нашарлауына қарамастан, Банктің қаржылық позициясын сақтайтынына қатысты рейтинг агенттігінің пікірін көрсетеді.

S&P Халық Банкінің қорландыру бағдары қазақстандық банктердің бағдарымен салыстырғанда қолайлы болып табылады деп санайды, бұл депозиттердің әртараптандырылған базасының және Қазақстандағы ең ірі нарықтық үлесінің – клиенттердің бөлшек және корпоративтік сегменттердегі жиынтық депозиттерінің 35%-ының болуымен негізделген (2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша).

Рейтингтік агенттігі Банктің жоғары капиталдандыруы өсудің сараланған стратегиясы мен жақсы пайда жасау қабілеті есебінен бұрынғыдай сақталады деп күтуде.

Рейтингілік агенттік андеррайтингтің жалғастырылып жатқан сараланған саясаты мен ХҚЕС 9 анықтауына сәйкес сипаттамалары 3-сатыға сәйкес келетін, 2018 жылдың соңында 19,6%-дан 2019 жылдың соңындағы жағдай бойынша шамамен 15,9% жиынтық кредиттерге дейін төмендеген кредиттер үлесімен өткен жыл ішінде проблемалық активтерді реттеудегі елеулі жетістіктерінің арқасында Банк активтері сапасының айтарлықтай жақсарғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Халық банкінің берілген кредиттер бойынша есептелген пайыздық кірістерді ақшалай алу қабілетінің қазақстандық банктерге қарағанда жақсырақ екендігінің атап өтілгені де маңызды, бұл туралы 2019 жылы шамамен 89% деңгейінде болған «ақшалай түрде алынған пайыздық төлемдер/есептелген пайыздар» қатынасы куәландырады.

Рейтингтік агенттігі Халық банкінің Қазақстанның банктік секторы үшін бұрынғысынша жоғары жүйелік маңызы бар деп санайтындығын, сондай-ақ Банктің өзінің кредитті өтеу қабілетінің бағалануы Қазақстанның ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша «BBB-» тәуелсіз рейтингіне жақын екенін атап өтті.

«Тұрақты» деген болжам рейтингілік агенттіктің капитал мен өтімділіктің едәуір қоры, сондай-ақ жоғары пайда жасау қабілеті Банкке COVID-19 таралуына қарсы әрекет ету шараларымен және Қазақстандағы экономикалық өсу қарқынының баяулауымен негізделген қысымға қарсы тұруға мүмкіндік беретініне қатысты болжалдарын көрсетеді.

«Ағымдағы жаһандық экономикалық дағдарыс пен операциялық ортадағы нашарлауға қарамастан, S&P коронавирустың өршуі басталғаннан бері әлемдегі рейтингілік әрекеттердің басым көпшілігінің теріс баға бергенін бәріміз байқаған уақытта тұрақты болжаммен Банктің рейтингін растағанына қуаныштымыз. Бұл Банктің осы дағдарысқа дұрыс таңдалған стратегияның және макро тәуекелдеріне қарсы тұруға қабілеті бар бизнес үлгінің арқасында қалыптасқан мықты қаржылық ұстаныммен кіргенін тағы да растайды. Айта кететін жай, Қазақстан экономикасы мен банк секторының өзі 2009 және 2015 жылдармен салыстырғанда осы дағдарысқа дайындығы әлдеқайда жақсы», - деді Қазақстан Халық Банкі басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова.


Halyk Bank («Қазақстан Халық Банкі» АҚ) клиенттер базасы мен таралу желісі ең үлкен болатын Қазақстандағы ең ірі қаржы тобы әрі жетекші бөлшек сауда банкі болып табылады. Банк өзінің бөлшек сауда клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиентеріне және корпоративтік клиенттеріне қызметтердің кең ауқымын (сақтандыру, лизинг бойынша қызметтерді және активтерді басқару қызметтерін) ұсынуда. Сонымен бірге Банк өз операцияларын Ресейде, Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда іске асырады


«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 2 591 719| pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz

ҚНРДА Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия (Әмбебап банктік лицензия) №1.1.601.130 берілген күні 13.07.2026. ҚНРДА Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия №1.2.47/230/38/1 берілген күні 23.06.2023.

Сайт пен мобильді қосымша материалдарында жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде