Баспасөз орталығы

Halyk Bank ШОБ клиенттерін қолдады және кредиттің төлем мерзімін ұзартты

01.04.2020

Елде коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимінің [ТЖ] және Қазақстанның бірқатар қалаларында карантинді енгізілуі бизнеске соның ішінде орта және шағын кәсіпкерлікке қатты әсерін тигізді.

Міне, осы себепті Halyk Bank қиын кезеңінде өз клиенттерін қолдау үшін ШОБ заемшыларына ағымдағы кредиттердің төлем мерзімін маусымның ортасына дейін ұзартуды ұсынады. 

Заемшы - кәсіпкерлерге

  • 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейінгі уақытқа кредиттің төлемі ұзартылады (негізгі қарыз және сыйақы бойынша);
  • бұл мерзімде айыппұлдар есептелмейді;
  • займдар қазіргі талаптардың сақталуымен 3 айға созылуы мүмкін;
  • мерзімі ұзартылған кредиттердің төлемі соңғы 3 айға ауысады және займның мерзіміне қосылады;
  • мерзімінен бұрын өтеу клиенттің өтінімі бойынша комиссиясыз орындалады.


Төлемнің жаңа кестесі заемшыларға ТЖ режимі аяқталған соң ұсынылады.

Кредиттің төлем мерзімін ұзартуды ресімдеу үшін 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейінгі уақытта электрондық өтінімді өз менеджеріңізге өзіңізге ыңғайлы электрондық тәсіл арқылы жолдау қажет.  

Жоғарыдағы талаптар ТЖ режимінен бұрын кредиттерінің төлемі бойынша берешегі бар заемшыларға жүрмейді.

Сонымен қатар, қосымша зерттеуді қажет ететін өзге категориялы заемшылардың кредиттері, солардың ішінде мемлекеттік қолдау бағдарламаларға қатысушы заемшылардың кредиттері бойынша төлем мерзімін ұзарту мәселесі тиісті бағдарламалардың Операторларымен бөлек шарттарымен жеке қарастырылатын болады.   

Құрметті клиенттер, біздің бірігіп жасаған іс әрекеттеріміз қазақстандық кәсіпкерліктің тарихында қиын кезеңді өтуге мүмкіндік беретініне, ал Сіздердің бизнесіңіз бұрынғы қалпына келіп, өркендей түсетініне сенеміз!

Өздеріңізге және өз жақындарыңызға қамқор болыңыз!  

Biz birgemiz!