Баспасөз орталығы
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ келісім алу туралы ұсынысқа байланысты жиналыстардың нәтижелері туралы хабарлайды
ОСЫ ХАБАРЛАМА ОСЫНДАЙ ХАБАРЛАМАНЫ ТАРАТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН КЕЗ КЕЛГЕН ЮРИСДИКЦИЯДАҒЫ НЕМЕСЕ ОНДА ТҰРАТЫН ҚАНДАЙ ДА БІР ТҰЛҒАЛАРҒА ТАРАТУҒА ЖАТПАЙДЫ.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі - Эмитент) төменде кестеде толық сипатталған өтелмеген Ноталарға қатысты келісім алу туралы ұсынысқа байланысты жиналыстардың нәтижелері туралы хабарлайды (төменде аталған сериялардың әрқайсысы «Серия» деп аталады және екі серияның барлық өтелмеген Ноталары бірге «Ноталар» деп аталады)
Нота сипаттамасы
ISIN / Жалпы код / CUSIP (144A қағидаға сәйкес 2021 жылғы ноталар)
Шығарылым сомасы
Өтелмеген нота сомасы
Келісім бергені үшін сыйақы*
2021 жылы өтеу мерзімімен 7,25% пайыздық мөлшерлемемен 500 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі нота (бұдан әрі – «2021 жылғы нота»)
S ережесі: XS0583796973 / 058379697
144A қағида: US46627JAB08 / 058444251 / 46627JAB0
500 000 000 АҚШ доллары
500 000 000 АҚШ доллары
Біліктілік Нотасының номиналды құнының 0,25 пайызы (Меморандумд а белгіленгендей )
2022 жылы өтеу мерзімімен 5,50% пайыздық мөлшерлемемен 750 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі нота (бұдан әрі – «2022 жылғы нота»)
S ережесі: XS0867478124 / 086747812
144A қағида: XS0867573890 / 086757389
750 000 000 АҚШ доллары
548 012 457 АҚШ доллары
Біліктілік Нотасының номиналды құнының 0,25 пайызы (Меморандумд а белгіленгендей )
* Ноталардың әрбір сериясына қатысты есеп айырысу күнінде (Меморандум шартына сәйкес) Нота Ұстаушыға төленетін келісім бергені үшін қолданылатын Cыйақы.
Бас әріппен пайдаланылатын, бірақ осы хабарламада айқындалмаған терминдер оларға 2020 жылғы 19 ақпандағы келісім алу туралы Меморандумда («Меморандум») берілген мағынаға ие.
Эмитент Нота Ұстаушыларына қатысу және олар ұсынған кері байланыс үшін алғыс білдіреді.
2021 жылғы Ноталар бойынша келісім алу
ОСЫ ХАБАРЛАМА АРҚЫЛЫ Эмитент 2021 жылғы Нота Ұстаушыларына 2020 жылғы 12 наурызда таңғы сағат 10:00-де (Лондон уақыты бойынша) «Линклейтерс» ЖШС мына мекенжайдағы: One Silk Street, Лондон EC2Y 8HQ, Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Корольдігі кеңсесінде 2020 жылғы 19 ақпандағы жиналысты шақыру туралы хабарламада егжей-тегжейлі баяндалған 2021 жылғы Ноталарға қатысты кезектен тыс шешім қабылданғанын хабарлайды. Тиісінше, 2020 жылғы 19 ақпандағы жиналысты шақыру туралы Хабарламада толық сипатталған өзгерістер мен түзетулер,
сондай-ақ 2021 жылғы Ноталар талаптарына қатысты келісім 2021 жылғы сенімгерлік басқару туралы Болжамды Қосымша шартқа қол қою жолымен енгізілетін болады. 2021 жылғы Ноталардың жоғарыда көрсетілген талаптарына қатысты өзгерістер мен толықтырулардың, сондай-ақ келісімдердің күшіне ену күні 2020 жылғы 13 наурыз, ал келісім бергені үшін Сыйақы төлеуге қатысты Есеп айырысу күні 2020 жылғы 16 наурыз болады.
2022 жылғы Ноталар бойынша келісім алу
ОСЫ ХАБАРЛАМА АРҚЫЛЫ Эмитент 2022 жылғы Нота Ұстаушыларына 2020 жылғы 12 наурызда таңғы сағат 10:15-те (Лондон уақыты бойынша) өткен 2022 жылғы Нота Ұстаушылардың жиналысында «Линклейтерс» ЖШС мына мекенжайдағы: One Silk Street, Лондон EC2Y 8HQ, Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Корольдігі кеңсесінде кеңсесінде белгіленген тәртіппен 2020 жылғы 19 ақпандағы жиналысты шақыру туралы хабарламада егжей-тегжейлі баяндалған 2022 жылғы Ноталарға қатысты кезектен тыс шешім қабылданғанын хабарлайды. Тиісінше, 2020 жылғы 19 ақпандағы жиналысты шақыру туралы Хабарламада толық сипатталған өзгерістер мен түзетулер, сондай-ақ 2022 жылғы Ноталар талаптарына қатысты келісім 2022 жылғы сенімгерлік басқару туралы Болжамды Қосымша шартқа қол қою жолымен енгізілетін болады. 2022 жылғы Ноталардың жоғарыда көрсетілген талаптарына қатысты өзгерістер мен толықтырулардың, сондай-ақ келісімдердің күшіне ену күні 2020 жылғы 13 наурыз, ал келісім бергені үшін Сыйақы төлеуге қатысты есеп айырысу күні 2020 жылғы 16 наурыз болады.
Осы Хабарлама ұсынылады:
«ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ
Келісім алу жөніндегі Агент, не табуляция жөніндегі Агент, не Сенімгер басқарушылар (Меморандумда көрсетілген терминдердің анықтамасына сәйкес) осы хабарламаның мазмұны үшін ешқандай жауап бермейді, сол сияқты келісім алу жөніндегі Агент, не табуляция жөніндегі Агент, не Сенімгер басқарушылар, не олардың тиісті директорлары, лауазымды адамдары, қызметкерлер немесе үлестес тұлғалар келісім алуға қатысты қандай да бір растамалар немесе ұсынымдар бермейді. Осы Хабарламаны Меморандуммен бірге оқыған жөн.
Біріккен Корольдікте бұл хабарлама 2005 жылғы Бұйрықтың («Тиісті тұлғалар») 2000 жылғы қаржылық қызметтер және нарықтар туралы Заңның (Қаржылық көтермелеу) 19 (5) бабында «инвестициялық қызметтің кәсіби қатысушысы» анықтамасына жататын инвестицияларға байланысты мәселелерде кәсіби тәжірибесі бар тұлғаларға ғана арналған. Осы хабарламаға жатқызылатын инвестициялар немесе инвестициялық қызмет тиісті тұлғалар үшін ғана қолжетімді және осы хабарламаны алған, бірақ тиісті тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар оларға сәйкес әрекет етуге немесе сүйенуге тиіс емес.
Осы хабарламаны белгілі бір юрисдикцияларда тарату заңмен шектелуі мүмкін. Өкіміне осы хабарлама келіп түскен адамдар кез келген осындай шектеулер туралы білуге және оларды сақтауға тиіс