Баспасөз орталығы
19.12.2019
«Халық Банк Грузия» АҚ-тың (Halyk Bank-тің еншілес компаниясы) ұзақ мерзімді рейтингісі көтерілгені туралы
2019 жылғы 19 желтоқсан, Тбилиси - Fitch Ratings рейтингтік агенттігі «Халық Банк Грузия» АҚ-тың ұзақ мерзімді эмитент дефолты рейтингісін («ЭДР») позитивті болжаммен «BB-» деңгейінен «BB» деңгейіне дейін көтерді.
«Халық Банк Грузия» АҚ рейтингісінің көтерілуі бас компания Halyk Bank («Қазақстан Халық Банкі» АҚ) рейтингісін қайта қараудан кейін орын алды - «BB +»/болжам «Позитивті».
Fitch-тің пікірі бойынша, Halyk Bank тарапынан әлеуетті қолдауы «Халык Банк Грузия» АҚ-тың ЭДР және қолдау рейтингісін қамтамасыз етті.
«Fitch Ratings Грузияның банк секторының ірі ойыншылары рейтингілерін төмендеткен уақытта, «Халық Банк Грузия» АҚ-тың бұрыңғыдан да жоғары рейтингтік баға алуы қаржы институттың даму тұрақтығын тағы да растап отыр», – деп «Халық Банк Грузия» АҚ-тың Бас директоры Николоз Гегучадзе Fitch Ritings агенттігінің шешіміне түсінік берді.
***
«Халық Банк Грузия» корпоративтік және бөлшек клиенттерге арналған кең ауқымды өнімдері мен қызметтері бар әмбебап коммерциялық банк болып табылады. «Халық Банк Грузия» АҚ Visa халықаралық төлем жүйесінің негізді мүшесі және Master Card төлем жүйесінің қауымдастырылған мүшесі болып табылады. 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Халық Банк Грузия» АҚ-тың активтері - GEL* (грузин лари) 529,6 млн., кредиттік портфель (брутто) – 408,6 млн., капитал – 119,8 млн. құрады.
Halyk Bank («Қазақстан Халық Банкі» АҚ) клиенттер базасы мен таралу желісі ең үлкен болатын Қазақстандағы ең ірі қаржы тобы әрі жетекші бөлшек сауда банкі болып табылады. Банк өзінің бөлшек сауда клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиентеріне және корпоративтік клиенттеріне қызметтердің кең ауқымын (сақтандыру, лизинг бойынша қызметтерді және активтерді басқару қызметтерін) ұсынуда. Сонымен бірге Банк өз операцияларын Ресейде, Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда іске асырады.
____________________________________________
*2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша: 1 USD - 2,9770 GEL
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі
тел. +7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz