Баспасөз орталығы
Автокөлік өнеркәсібін қолдау мемлекеттік бағдарламасының бесінші траншы шеңберінде Halyk Bank 5 млрд. теңгеге жуық соманы құрайтын мыңнан астам автокредит өтінімін мақұлдады
Автокөлік өнеркәсібін қолдау мемлекеттік бағдарламасының бесінші траншы шеңберінде Halyk Bank 5 млрд. теңгеге жуық соманы құрайтын мыңнан астам
автокредит өтінімін мақұлдады
04 желтоқсан 2019 ж.
Бағдарламаны іске қосу басталғаннан бері (18.10.2019 ж.) және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тан («Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тың еншілес ұйымы) қаражат келіп түскеннен бері мемлекеттік автомобиль өнеркәсібін қолдау бағдарламасы аясында (жеке тұлғаға отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алуға жеңілдетілген кредит беру) Halyk Bank-те 1022 өтінім мақұлданды.
Бесінші транш бойынша Halyk Bank тарапынан отандық «Азия Авто» АҚ және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-да құрастырылған автокөліктерге кредит беріледі.
Мақұлданған заемның ең көп бөлігі мына автомобильдерге тиесілі:
«СарыарқаАвтоПром» ЖШС-де құрастырылған -
«Hyundai» маркасының - «Accent», «Creta»;
«Ravon» - «Nexia R3» көліктері көш бастап тұр.
«Азия Авто» АҚ-та құрастырылған -
«Lada» маркасының - «Vesta», « Granta»;
«KIA» маркасының – «Rio», «Cerato» көліктері көш бастап тұр.
Сондай-ақ, «JAC» («S3», «S5»), «Chevrolet» («Chevrolet Niva») және «Skoda» («Octavia», «Kodiaq») автомобиль маркалары үлкен сұранысқа ие.
Жеңілдетілген автокредит беру бағдарламасы бойынша келесі шарттар қолданылады:
- номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4% - дан аспайды,
- кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды;
- заем валютасы – теңге;
- жеңіл автокөліктің бір бірлігінің бағасы – 15 млн. теңгеден аспайды.
Арзан автокредит - ҚР резиденті-жеке тұлғаларға отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алуға жеңілдік беріледі.
Жоғарыда аталған шарттар бойынша сатып алушыларға «Азия Авто» АҚ және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС шығарған «KIA», «Chevrolet», «Skoda», «Hyundai», «LADA», «УАЗ», «JAC», «Peugeot», «Ravon» брендтерінің 46 моделі ұсынылды.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша жеке тұлғаларға отандық өндірістегі жеңіл автокөлікті сатып алуға жеңілдетілген кредит беру туралы банктің кез келген бөлімшесіне хабарласып немесе 7111 нөміріне қоңырау шалып толығырақ білуге болады.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі
тел. +7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz