Баспасөз орталығы

Қазақстанда Mastercard-ты токендеу платформасы енгізілді

05.03.2021

Алматы, 2018 ж. 25 сәуір — «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және Mastercard халықаралық төлем жүйесі алғаш рет Қазақстанда Mastercard Digital Enablement Service (MDES) токендеу платформасын пайдалану арқылы смартфонның көмегімен жанасусыз төлемдер жасау мүмкіндігін жүзеге асырды. Енді Халық банкінің Mastercard картасын ұстаушы клиенттері жанасусыз төлем технологиясымен жабдықталған POS-терминалға смартфонды жақындату арқылы жасаған саудасы үшін төлем жасай алады. Токенделген транзакциялардың қауіпсіздігі Mastercard-тың ең озық әзірленімдерімен қорғаулы. Смартфон иелері үшін бұл қызмет NFC технологиясын қолдайтын ОС Android-тың 4.4 және одан жоғары нұсқасының базасында қолжетімді.

Есептеулердің тағы бір қауіпсіздігі клиентті авторластыру рәсімдерімен қамтамасыз етіледі: клиент myHalyk мобильдік қосымшасы арқылы төлем жасайтын кезде қолжеткізу кодын енгізуі немесе саусақ ізін қалдыру керек. Сонымен қатар, ол төлем жасау үшін токендеу технологиясын myHalyk мобильдік қосымшасын ашпай-ақ фондық режімде іске қоса алады. Ол үшін  смартфонда міндетті түрде экранды бұғаттау баптамалары болуы тиіс. Қазіргі уақытта Халық банкі мен Казкоммерцбанктің POS-терминалдарының басым көпшілігінде (ал бұл деген 37 мыңнан аса құрылғы) жанасусыз төлем қызметі бар. Халық банкінің клиенттері МyHalyk мобильдік қосымшасы арқылы Mastercard Classic дебеттік картасын тегін аша алады немесе виртуалды Mastercard Virtual картасын әп-сәтте шығара алады. Бұл туралы толығырақ:

Mastercard Digital Enablement Service (MDES) токендеу платформасы мобильдік төлем сервистеріне қорғаудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. EMV төлем технологияларындағы жаңа әзірлемлерді, токендеуді және криптографияларды қолданудың арқасында банк карталарының деректері қауіпсіздікте болады. Mastercard картасын myHalyk-тағы әмиянға қосқан кезде оның нөмірі мобильдік құрылғыда, банк серверлерінде, сауда-саттық сервис кәсіпорындарындарының бірінде де сақталмайды. Оның орнына мобильдік қосымшада токен — бірегей 16 таңбалы сандар үйлесімі жасалады, ол нақты бір смартфондағы дәл әмияннның өзіне бекітулі болады. Бұл токен төлем жасаған кезде пайдаланылады. Токенінің көмегімен Mastercard кредиттік немесе дебеттік картасымен жасалған әрбір транзакция сатып алушы, сол сияқты коммерсант үшін де сенімді қорғалған және кез келген Mastercard транзакциясы сияқты кепілдіктер мен артықшылықтарды ұсына алады. 

«Біз өз клиенттерімізге барынша қарапайым әрі сенімді төлем тәсілдерін ұсынуға тырысамыз. Статистикаға сүйенсек, Халық банкі клиенттерінің біразы қашықтан қызмет көрсету арналарын – интернет пен мобильді банкингті, банкоматтарды және POS-терминалдарды таңдайды екен», - дейді Халық банкінің Басқарма Төрағасының орынбасары Марат Әлменов. – Қазіргі заманның адамы үйден бір ғана құралмен – смартфонмен шығатынын ескерсек, біз одан да зорын - клиенттерге қолмен ұстайтын «пластикті» пайдаланбау мүмкіндігін ұсындық. MyHalyk мобильдік қосымшасында оңай жасалатын сандық токендер арқылы Халық банкінің 1 миллион 368 мыңға жуық Mastercard картасын ұстаушылары кез келген сауда-саттық және сервис кәсіпорындарында тауарлар мен қызметтер үшін жанасусыз технология терминалдары орнатылған Android-смартфонын бір рет түртіп есептесе алады».

«Mastercard токендеу технологиясын Қазақстанда Халық банкі арқылы енгізілгені біз үшін үлкен абырой болып тұр. Бұл дегеніміз, қазақстандықтарға әлемдік төлем индустриясының ең замануи жетістіктері қолжетімді бола түсті, олардың көмегімен сауда жасау оңай, ыңғайлы және қауіпсіз. Көптеген жылдар бойы біз мобильдік коммерция үшін инновация саласында, соның ішінде жанасусыз және мобильдік төлем шешімдерін әзірлеу жағынан көшбасшылар қатарында болып келеміз. Елімізде жақында тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және өмір сапасын жақсарту үшін цифрлық экожүйені дамытуға бағытталған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Мұндай жобалардың іске қосылуы осы мақсаттардың табысты жүзеге асырылатынына ықпал етеді деп санаймыз», — дейді Қазақстандағы, Белоруссиядағы және Армениядағы Mastercard басшысы Нина Виллемс.

Бүкіл дүниежүзі бойынша цифрлық төлемдер саны күн санап артып келеді. Masterсard болжамы бойынша  2020 жылға қарай Еуропадағы транзакциялардың 38%-ы электронды түрде болады. Компанияның зерттеулері де цифрлық инновацияларға және келешекте олардың қаржы сервистеріндегі, коммерциядағы және сауда-саттықтағы рөлін пайдаланушылардың жағымды көзқарастарының үнемі өсіп келе жатқанын көрсетеді.  Мысалы, еуропалық банктердің клиенттеріне жақын арада жүргізілген сауалнама бойынша басты артықшылық цифрлық қаржы сервистерінің ыңғайлы болуында деп есептейді.  Респонденттерді көбі (70%-ы) мұндай қызметтер оларға уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді десе, ал 59%-ы пайдаланудың оңай екенін бағалайды екен. Сонымен қатар, 10 сұралғанның 6-уы цифрлық банктік шешімдерге көзқарасы жақсы әрі қаржы саласындағы цифрлық технологиялармен олардың өмір сүруі оңай әрі қауіпсіз болатынына сенеді.  

Бірнеше жылдар бойы Masterсard төлемдерді токендеу сервисін ендіру арқылы технологиялық  серіктестермен және қаржы ұйымдарымен нығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Алғашы MDES платформасы 2013 жылы АҚШ-та ұсынылған және осы сәттен бастап Masterсard-тың миллиондаған карталары танымал электрондық әмияндарда қолданылу үшін токендеу сервисінің аясында әзірленді.

Анықтама үшін:

Қазақстан Халық Банкі — бөлшек бизнес, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер мен активтерді басқаруды қоса алғанда түрлі сегменттерде операциялар жүргізетін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банк 1998 жылдан бері Қазақстан Қор Биржасындағы және 2006 жылдан бері Лондон Қор Биржасындағы листингке ие. 2017 ж. шілдеде Банк активтер көлемі жағынан екінші ірі қазақстандық банктің -  Қазкоммерцбанктің бақылау үлесін сатып алды. 2017ж. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 8,674.6 млрд. теңге мөлшерінде активтерге ие бола отырып, Банк ең ірі клиенттік базасы мен филиалдар желісі – ел бойынша 719 филиал мен бөлімше (Қазкоммерцбанктің 220 филиалы мен бөлімшелерін қосқанда) бар Қазақстандағы жетекші кредит ұйымы болып табылады. Банк сондай-ақ Грузияда, Қырғызстанда, Ресейде және Тәжікстанда операциялар жүргізеді.

Mastercard (NYSE: MA) https://www.mastercard.kz/ru-kz.html – жаһандық төлем индустриясында жұмыс істейтін технологиялық компания. Біз 210-нан астам елдердің аумағындағы тұтынушыларды, қаржы институттарын, сауда ұйымдарын, үкіметтік және іскерлік құрылымдарды біріктіретін әлемдегі ең жылдам төлемдерді өңдеу желісін басқарамыз. Mastercard өнімдері мен шешімдері күнделікті міндеттерді оңай, қауіпсіз және тиімді шешуге мүмкіндік береді, мысалы, сатып алу, саяхат жасау, бизнесті жүргізу және басқару. Бізді Twitter @Mastercard_RU және Mastercard Facebook әлеуметтік желілерінде қараңыз, Beyond the Transaction блогындағы талқылауға қатысыңыз және біздің  Engagement Bureau жаңалықтарымызға жазылыңыз.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
PR қызметі
Тел.: + 7 (727) 259 03 01
e-mail: pr@halykbank.kz

Ресейдегі Mastercard баспасөз қызметі
Елена Пророкова
Тел: +7 (495) 937-77-10
e-mail: elena.prorokova@Mastercard.com

Қазақстандағы Mastercard баспасөз офисі
Юлия Ерлыкина
Тел: +7 (727) 264 67 37
e-mail: Julia.Erlykina@pressclub.kz