Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі

Баспасөз орталығы

15.02.2024

Air Astana KASE және AIX-те IPO өткізу қорытындыларын жариялады

Halyk Group берілген өтінімдер бойынша нарық көшбасшысы болды

14 ақпанда Орталық Азия мен Кавказдың ірі әуе компаниясы Air Astana IPO нәтижелерін жариялады. Компания жалпы сомасы $370 млнға акциялар мен ЖДҚ орналастырды.  Бұл ретте ішкі нарықта ұсыныстардың шамамен 58 %-ы, ал халықаралық нарықта – 42 %-ы орналастырылды. Мәміле нәтижесінде акцияның түпкілікті бағасы 1,073.83 теңгені құрады, ал бір жаһандық депозитарлық қолхаттың (ЖДҚ) бағасы 9,5 АҚШ долларын құрады.

Бұл IPO қазақстандық инвестициялар нарығы тарихындағы ең ірі IPO болды. 29 қаңтардан бастап бөлшек инвесторлардан Air Astana акциялары мен ЖДҚ-ға жалпы сомасы 97,6 млрд теңгеге (216 млн АҚШ доллары) 60 мыңға жуық өтінім берілді. Halyk Group және оның клиенттерінен 30 мыңнан астам өтінім берілді, бұл IPO1-ге барлық өтінімдердің шамамен 52 %-ын құрайды. Брокерлер мен банктердің мобильді қосымшалары мен сауда платформаларын, соның ішінде Halyk қосымшасының жоғары функционалды Halyk Invest-ті белсенді қолданудың арқасында бұл IPO-ны бүкіл Қазақстан үшін табысты деп санауға болады, бұл акцияларды жария орналастыруға шығуды көздеп жүрген ірі бизнестің басқа жергілікті өкілдері үшін үлгі бола алады.

Мәміле нәтижелері бойынша Halyk Group бөлшек инвесторлардың өтінімдер саны бойынша ең ірі алаңға айналды. Жиынтық санның жартысынан көбі немесе қанағаттандырылған бөлшек сауда өтінімдерінің жиынтық көлемінің шамамен 30 %-ы Halyk Group бөлшек сауда клиенттерінің цифрлық сату арналары арқылы берілген өтінімдерінен тұрды. Halyk Group клиенттері болып табылатын 22 мыңнан астам адам Air Astana акционерлері болды. Бұл факт жергілікті инвесторлар үшін Топтың инвестициялық өнімдерінің ыңғайлылығы мен тиімділігін және олардың Halyk Group-қа деген сенімін көрсетеді. Осылайша, Halyk Қазақстанның бөлшек инвестициялар сегментіндегі ең ірі ойыншылардың бірі екенін растады.

Halyk басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова: «Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Air Astana компаниясын IPO-ға сәтті шығуымен құттықтаймыз. Оның жоғары нәтижелері қазақстандық компаниялардың халықаралық нарық үшін де, жергілікті инвесторлар үшін де тартымдылығын айғақтайды. Біз үшін IPO шеңберіндегі өтінімдердің жартысынан көбін Halyk Group клиенттері тапсырғаны ерекше мақтаныш тудырады, осы арқылы біз Қазақстанның өсіп келе жатқан инвестициялық нарығындағы ең ірі ойыншы мәртебесін растадық. Сондай-ақ Air Astana компаниясына және оның мажоритарлық акционерлері – «Самұрық-Қазына» қоры мен BAE Systems-ке Halyk Finance-ты осы мәміленің жалғыз жергілікті үйлестірушісі және букраннері етіп тағайындауға сенім білдіргені үшін алғыс айтқым келеді. Осылайша, біздің топ брокер және инвестор ретінде ғана емес, елдегі ең ірі IPO ұйымдастырушысы ретінде де үлкен үлес қосты», - деп түсіндіріп өтті.

Halyk сондай-ақ, Air Astana IPO кезінде клиенттер қатысу үшін инвестициялық шоттарды өте белсенді түрде ашқанын атап өтті, бұл брокерлер мен банктер жүргізетін маркетингтік науқандардың нәтижесі ғана емес, сонымен қатар IPO-ға өтініш беру процесінің өзі әлдеқайда жеңіл, ыңғайлы және жылдамырақ болғандығының салдары болып табылады. Егер бұрын IPO-ға қатысу үшін өз аяғыңмен барып, әртүрлі қағаз нысандарын қолмен толтыру керек болса, енді бұл үшін Halyk қосымшасының Halyk Invest бөлімінде диваннан тұрмай телефонды бірнеше рет басу жеткілікті.  

***

Halyk Bank клиенттердің ең үлкен базасы мен тарату желісіне ие Қазақстандағы жетекші бөлшек банк болып табылады. Банк өзінің бөлшек клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиенттеріне және корпоративтік клиенттерге қызметтердің кең спектрін (сақтандыру, лизинг бойынша банктік қызметтер, брокерлік және активтерді басқару қызметтері) ұсына отырып, әмбебап қаржы тобы ретінде дамып келе жатыр. Банк өз операцияларын Грузияда, Өзбекстанда және Қырғызстанда да жүзеге асырады.