Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі

Баспасөз орталығы

12.12.2024

S&P эмитент Halyk Bank-тің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «BBB-» дейін көтерді, деңгейі тәуелсіз; болжамы «Тұрақты»

2024 жылғы 12 желтоқсан, Алматы, Қазақстан. 2024 жылғы 12 желтоқсанда S&P Global Ratings («S&P») халықаралық рейтингтік агенттігі қазақстандық банктер үшін рейтингтің базалық деңгейінің өзгеруі салдарынан эмитент Halyk-тың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингін «BB+/B»-дан «BBB-/A-3»-ке дейін, ұлттық шкала бойынша рейтингін «kzAA+»-тен «kzAAA»-ға дейін көтерді. Жаңа рейтингтер Halyk үшін тарихи максимумды көрсет         еді және Қазақстанның тәуелсіз рейтингтерімен бір деңгейде тұр. S&P рейтингтер бойынша болжам тұрақты екенін атап өтті.

Halyk-тың Басқарма Төрағасы Үміт Шаяхметова: «Бұл рейтингтік әрекет Halyk үшін маңызды кезеңді білдіреді, өйткені біз Қазақстанда S&P-ден және барлық үш жетекші кредиттік рейтингтік агенттіктен инвестициялық рейтинг алған алғашқы және жалғыз банк болдық. Біз бұл жетістікті өзіміздің мықты қаржылық ұстанымымызды, тәуекелдерді басқарудың теңдестірілген тәсілін және стейкхолдерлеріміз үшін тұрақты өсуді қамтамасыз ету міндеттемесін мойындау ретінде қарастырамыз. Бұл, сонымен қатар нарықтың Halyk-қа деген үміті мен сенім артуының дәлелі» - деп айтып өтті.

S&P Halyk-тың мықты бизнес-ұстанымын бағалауды жалғастырып келеді, бұл банктің Қазақстан нарығындағы жетекші үлесін, бизнесті сенімді әртараптандыруды және экономикалық кезеңдер бойы тұрақты қаржылық нәтижелерді дәлелдеп келе жатқан тәжірибелі менеджментті көрсетеді. Бұл көрсеткіштерге көптеген ұқсас банктермен салыстырғанда қорландырудың төмен құны негіз болып табылады.

Рейтингтік агенттік, сонымен қатар жақсы кірістілік пен теңгерімді дивидендтік саясатпен қамтамасыз етілген Банктің барабар капитализациясын атап өтті. Сонымен қатар барабар және теңдестірілген тәуекел профилі атап өтілді: 3-кезең ретінде жіктелген кредиттердің үлесі 2020 жылдың соңындағы 12,3%-дан 2024 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 6,9%-ға дейін біртіндеп төмендеді.

S&P, сонымен қатар Halyk-тың тұрақты өтімділігі мен тұрақты депозиттік базасын атап өтті, бұл Қазақстандағы ең жоғары болып табылатын, нарық үлесінің шамамен үштен бірін қамтитын банктің әртараптандырылған депозиттік портфелімен түсіндіріледі.

Тұрақты болжам S&P-дің Halyk алдағы 18-24 ай ішінде тұрақты қаржылық көрсеткіштер көрсетуді жалғастырады деген үміттерін дәлелдейді.

Қазақстан Халық Банкі туралы

Халық Банкі – бөлшек, ШОБ және корпоративтік банк қызметтерін, сақтандыруды, лизингті, брокерлік қызметтерді, активтерді басқаруды және өмір салтына арналған қызметтерді (лайфстайл) қоса алғанда, әртүрлі сегменттерде жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Халық Банктің Қазақстан қор биржасында 1998 жылдан бастап, Лондон қор биржасында 2006 жылдан бастап және Астана халықаралық биржасында 2019 жылдан бастап листингі бар.

2024 жылғы 30 қыркүйек жағдайы бойынша Банк 17,650.1 млрд теңге мөлшеріндегі активтерге ие бола отырып, Қазақстандағы ең ірі кредиттік ұйым болып табылады. Банк клиенттердің ең ірі дерекқорына ие және филиалдарының желісі кең таралған, ел бойынша 568 филиалы мен бөлімшесі бар. Бұған қоса банк Грузияда және Өзбекстанда да қызмет етеді.

Банк туралы толығырақ ақпаратты: https://www.halykbank.com сайтынан табуға болады.

Қосымша ақпарат алуға болатын тұлғалар:


Мира Тиянақ

+7 727 259 04 30

MiraK@halykbank.kz


Нұргүл Мұхади

+7 (727) 3301677

NyrgylMy@halykbank.kz


Рустам Телiш

+7 727 330 15 66

RustamT@halykbank.kz