Баспасөз орталығы
Halyk Euromoney басылымының нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік транзакциялық банкі болып танылды
Halyk тағы да беделді халықаралық сыйлыққа ие болды. Лондонда Euromoney халықаралық іскерлік басылымы ұйымдастырған Transaction Banking Awards 2025 салтанатты рәсімінде Halyk алғаш рет Kazakhstan’s Best Transaction Bank 2025 номинациясында үздік деп танылды.
Transaction Banking Awards – операцияларды басқару, есеп айырысу және төлем сервистері, сауданы қаржыландыру, сондай-ақ инновациялық цифрлық шешімдерді қоса алғанда, транзакциялық және корпоративтік банкинг саласындағы жетістіктері үшін жыл сайын жетекші қаржы институттарына табысталатын мамандандырылған халықаралық сыйлық.
Беделді сарапшылардың бұл мойындауы Halyk-тің транзакциялық банкинг саласындағы көшбасшылығын айқындап, негізгі көрсеткіштер бойынша қол жеткізген серпінді жетістіктерін жоғары бағалайды.
Halyk Euromoney тарапынан бірнеше рет жоғары марапаттарға ие болған. Соңғыларының қатарында 2025 жылғы шілдеде өткен Euromoney Awards for Excellence 2025 салтанатында алынған сыйлық бар – онда банк Қазақстандағы үздік банк деп танылды. Сарапшылар Halyk-тің рекордтық қаржылық көрсеткіштерін, цифрлық трансформациядағы табыстарын және тұрақты даму саласындағы көшбасшылығын ерекше атап өтті.
«Euromoney сыйлығы Halyk Bank-тің нарықтағы ең мықты ойыншылардың бірі ретіндегі ұстанымын айқын көрсетеді: қаржы саласы қарқынды өзгеріп жатқан жағдайда банк тұрақты көшбасшылықты сақтап, даму қарқынын айқындайды. Беделді халықаралық басылымның биыл Halyk жетістіктерін екі рет атап өтуі біз үшін аса маңызды. Бұл бағалау банктің жоғары бәсекелестік, жаһандық экономикалық тұрақсыздық, технологиялық трансформация және жасанды интеллектке негізделген шешімдердің жедел енгізілуі жағдайында тиімді жұмыс істей алу қабілетін көрсетеді. Біз бизнестің негізгі бағыттарын жүйелі түрде нығайтып, Қазақстанның банк секторындағы көшбасшылығымызды сақтаймыз», – деп атап өтті Halyk Bank басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова.
Euromoney – жаһандық қаржы нарықтары мен банк секторына маманданған халықаралық іскерлік басылым. Журналды Euromoney Institutional Investor медиа тобы шығарады. Басылым транзакциялық және корпоративтік банкинг, сауданы қаржыландыру, капитал нарықтары, тәуекелдер, цифрлық инновациялар және тұрақты даму сияқты әлемдік қаржы жүйесінің негізгі бағыттары бойынша аналитика, зерттеулер, сараптамалық пікірлер мен салалық рейтингтерді жариялайды. Euromoney жыл сайынғы халықаралық және аймақтық марапаттарымен, соның ішінде Awards for Excellence және Transaction Banking Awards сыйлықтарымен кеңінен танымал.
Halyk – жиынтық активтері 20 трлн теңгеден асатын Қазақстандағы ең ірі банк. Банктің үлесіне Қазақстан Республикасының экономикасының нақты секторын кредиттеудің 50%-дан астамы тиесілі. Halyk Bank еліміз бойынша 540-тан астам бөлімшеден тұратын филиалдық желі мен цифрлық арналар арқылы қызмет көрсететін ең ірі клиенттік базалардың біріне ие. Сонымен қатар, банк Грузия мен Өзбекстанда да қызметін жүзеге асырады.
Halyk Bank шетелдік қатысуы жоқ коммерциялық банктер арасында ең жоғары несиелік рейтингтерге ие (инвестициялық деңгейде: Moody’s – Baa1 / Fitch – BBB- / S&P – BBB-).