Баспасөз орталығы
17.03.2026
Halyk Bank сапалы есеп пен ашықтық үшін үш марапатқа ие болды
Halyk Bank 2025 жыл бойынша сапалы корпоративті есеп пен ақпарат бөліскені үшін Kazakhstan Stock Exchange (KASE) тарапынан үш марапатқа ие болды.
Банк мынадай номинациялар бойынша атап өтілді:
- Ашықтыққа ынталанғаны үшін;
- Үздік жылдық есеп (қаржы секторы);
- Тұрақты даму туралы үздік есеп (қаржы секторы).
KASE марапаттары Halyk банкінің, қаржы секторы көшбасшысының бірі ретіндегі статусын, ашықтық, корпаритивті жауапкершілік пен ұлттық және халықаралық деңгейде дамуға берік ұстанымын көрсетеді.