Банк туралы ақпарат
Тарихы
1923 жылғы тамыз айында Ақтөбе қаласында алғашқы жинақ кассасы ашылды, дәл осы сәт Халық банкі тарихының есептеу нүктесі болып саналады
1941 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда 1515 жинақ кассасы болды. 550 мың азамат 114,5 миллион рубль көлемінде жинақ ұстады
1945 жылдың соңына қарай Қазақстанның жинақ кассаларында 316 адам жұмыс істеді
1959 жылдың аяғында банк жүйесін қайта құру аяқталды. 1961 жылдың басында 2805 жинақ кассасы болды, онда 1770 жеке шоттарда 322,7 миллион рубль мөлшерінде салымдар сақталды
Республиканың барлық орталық жинақ кассаларында құжаттарды арифметикалық тексеру және синтетикалық есепті жүргізу, сальдолық және айналым балансын жасау механикаландырылды
1989 жылға қарай жинақ кассаларындағы халықтың салымдарының қалдығы 3,65 миллиард рубльден 7,87 миллиард рубльге дейін немесе 2,2 есе өсті. Осы уақыт ішінде халықтың салымдарының саны 4263 мыңнан 7273 мыңға дейін немесе 1,7 есеге артты
Ермак қаласындағы ферроқорытпа зауыты мен ҚР жинақ банкінің бірлескен күшімен Қазақстанда «Ертіс-card» төлем карталары шығарылды
Банктің құрылымы 2400 мекемеден тұрды: оның ішінде филиалдар, жинақ кассалары. Жалпы алғанда банкте 14 мыңға жуық адам жұмыс істеді
1995 жылдың соңына қарай Қазақстан Халық банкі Республиканың ең ірі операциялық банкіне айналды
1998 жылғы шілдеде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк Үкіметтің 100% қатысуымен жабық үлгідегі акционерлік қоғамнан «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды
Интернет-банкингті енгізу. Халық банкі ҚР-да бірінші болып интернет-технологияларға негізделген жаңа жинақ жүйесін енгізуді бастады
2002 жылғы маусымда Халық банкі миллионыншы төлем картасын шығарды
22.02.12 жылы «Euromoney» халықаралық басылымы Қазақстан бойынша «Капиталды басқару қызметтері» санатындағы «2013 жылғы зерттеу: жеке банктік қызмет көрсету және әл-ауқатты басқару» жыл сайынғы конкурсында банкке марапат берілетіні туралы хабарлады
09.01.13 жылы Қазақстан Халық банкінің еншілес компаниясы «Halyk Finance» «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ жай акцияларына туынды құралдармен мәміле жасады
09.04.13 жылы Halyk Bank брендінің құны $266 млн құрады
26.02.14 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ HSBC Bank plc-пен Халық банкінің HSBC еншілес ұйымының Қазақстандағы 100% акцияларын «HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ-мен сатып алуы туралы келісім жасасты
27.02.14 жылы «Global Finance», «Halyk Finance» зерттеу нәтижелері бойынша «2014 ж. Қазақстанның үздік инвестициялық банкі» номинациясын жеңіп алды
11.03.14 - Ақмола облыстық балалар ауруханасында «Өмір сыйлайық» жобасы аясында реанимация бөліміне заманауи жабдықтарды тапсыру рәсімі өтті. Жаңа туған нәрестелерге көмек көрсетуге арналған аппарат
24.04.14 - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ кейіннен жеке кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу үшін 7 млрд теңге сомасына «Қазақстан Халық банкі» АҚ-пен банктік заем шартын жасасты
16.07.14 - Standard & Poor ' s Банктің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «ВВ» - дан «ВВ+» - ке дейін көтерді. Болжам «Тұрақты». Қазіргі уақытта бұл қазақстандық екінші деңгейлі банктер арасындағы ең жоғары рейтингтердің бірі
24.07.14 - Fitch Ratings агенттігі «Halyk Finance» АҚ-қа «ВВ» деңгейінде шетелдік және ұлттық валютада эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін («ЭДР»), болжамы «Тұрақты», «В» деңгейінде шетелдік және ұлттық валютада қысқа мерзімді ЭДР және «3» деңгейінде қолдау рейтингісін берді
13.08.14 - Asian Banking and Finance Retail Banking Awards 2014 зерттеу нәтижелері бойынша Halyk Bank «Қазақстанның 2014 жылғы ең үздік бөлшек банкі» номинациясында жеңімпаз атанды
2014 жылдың 15 қазанынан бастап Тбилисиде «Грузия Халық Банкі» АҚ-тың жаңа филиалы - «Глдани» ашылды, бұл Грузиядағы бесінші филиал
2014 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстанда HSBC Bank plc және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арасында Қазақстандағы HSBC еншілес ұйымының 100% акциясын «HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ сатып алу бойынша мәміле аяқталды
06.04.15 - «EMEA Finance» журналы «Halyk Finance» АҚ-қа «Қазақстанның 2014 жылғы үздік инвестициялық банкі» атағын берді
2015 жылғы 16 қаңтарда «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-пен әріптестікте жүк жөнелтушілердің жеке шоттарына ақша аудару бойынша онлайн-сервисті енгізді
2015 жылғы 19 мамырда Қазақстан Халық банкі (Halyk Bank) – Forbes журналы жасаған, әлемнің екі мың ірі жария компаниясының жыл сайынғы жаһандық рейтингіне енген жалғыз қазақстандық компания
Visa және Грузия Халық Банкі Грузияда мобильді эквайрингтің (mPOS) серіктестік жобасының іске қосылғаны туралы хабарлады
09.07.15 - Лондонда 2015 жылы ерекше жетістіктері үшін орталық және Шығыс Еуропа компанияларына берілген «Euromoney» басылымының марапаттарын тапсыру рәсімі өтті. Қазақстандық қаржы институттары арасында «Қазақстан Халық банкі» АҚ үздік деп танылды
13.10.15 - Қазақстан Халық банкі АҚБЖ ISO/IEC 27001: 2005 стандартының талаптарына сәйкестігін растады және қадағалау аудитімен бірге АҚБЖ-ны ISO/IEC 27001:2013 халықаралық стандартының жаңа нұсқасына ауыстырды
13.10.15 - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жаңа шешім - «myHalyk» қосымшасының іске қосылғаны туралы жариялады
2015 жылдың 7 желтоқсанында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Қазақстандағы Жыл Банкі» марапатына ие болды
25.12.15 - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ MasterCard жүйесінің 1 000 000 төлем картасының шығарылымын тіркеді
17.06.16 - «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының III съезі өтті, онда Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің өкілеттік мерзімі екі жылға - 25.06.18 дейін ұзартылды. Үміт Шаяхметова ҰКП Қаржы секторы комитетінің Төрайымы болып сайланды және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасының құрамына кірді
27.10.16 - Грузия Халық Банкі Кутаиси қаласында Филиалдың ашылғаны туралы хабарлады
03.11.16 – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ стратегиялық инвесторды - China CITIC Bank Corporation Limited тарту бойынша уағдаластыққа қол жеткізгенін және Халық Банкіне тиесілі «Altyn Bank» АҚ акцияларының 60% - ын сатқанын хабарлады
International Banker халықаралық басылымы Үміт Шаяхметованы «Шығыс Еуропадағы жыл банкирі» номинациясы бойынша жеңімпаз деп таныды
Маусым айында Банк Кеңес Рақышевтен және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорынан Қазкоммерцбанктің 96,81% жай акцияларын сатып алуды аяқтады
Шілде айында Банк Казкоммерцбанктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентін салыстырмалы қазақстандық банктер деңгейіне дейін жеткізу үшін Қазкоммерцбанкті 185 млрд теңгеге дейін капиталдандырды
Қараша айында Банктің мажоритарлық акционері, «АЛМЭКС» Холдингтік тобы Казкоммерцбанктің еншілес ұйымын капиталдың жеткіліктілігіне қойылатын талаптарға және ХҚЕС9 жаңа стандарттарына сәйкес тағы 65,2 млрд теңгеге капиталдандырды
Қаңтарда Global Finance журналы Банкті «2018 жылы Қазақстандағы сауданы қаржыландырудың үздік провайдері» деп атады
Ақпан айында Қазақстан қор биржасы (KASE) Банкті «Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының көшбасшысы» деп атады және «Ашықтыққа ұмтылысы үшін» дипломымен атап өтті
Сәуір айында банк өзінің «Altyn Bank» АҚ капиталындағы 60%-дық үлесін стратегиялық инвесторға - China CITIC Bank Corporation Limited сату бойынша мәмілені аяқтады
Мамыр айында Ресейдің еншілес банктері — Москоммерцбанк пен ҚХБ-Банктің интеграциясы аяқталды
Маусым айында EMEA Finance журналы Казкоммерцбанкті сатып алуды 2017 жылы EMEA өңіріндегі бірігу және қосып алу нарығындағы ең үздік мәміле деп атады
Шілдеде Банк Казкоммерцбанктің қосылу процесін аяқтады. Өткізу актісі негізінде Қазкоммерцбанктің барлық мүлкі, барлық құқықтары мен міндеттемелері Банктің меншігіне берілді
Қараша айында Standard Poor's Банктің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «BB» деңгейінде және тұрақты болжаммен «B» қысқа мерзімді рейтингін растады
Қараша айында банк Visa және Mastercard карталарын ұстаушыларға Apple Pay арқылы төлем жасау мүмкіндігін ұсынды
4.12.18 - «Қазақстан Халық банкі» АҚ Балқаш қаласында аймақтық филиалын тіркеді
12.12.2018-Fitch Ratings рейтингтік агенттігі Halyk Bank эмитенті мен оның Halyk Finance еншілес инвестициялық банкінің ұзақ мерзімді дефолт рейтингтерін « ВВ» деңгейінде оң болжаммен растады
30.01.19-Halyk Bank Global Finance журналының нұсқасы бойынша 2019 жылы саудалық қаржыландыру саласында Қазақстандағы ең үздік банк болып танылды
26.02.19 - Standart & Poor ' s Global Ratings рейтингтік агенттігі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтердің, сондай - ақ «Қазақстан Халық банкі» АҚ ұлттық шәкілі бойынша - BB/Stable/B, «kzA+» ұлттық шәкілі бойынша рейтингтердің расталғаны туралы хабарлады
28.02.19 - Halyk Bank бизнеске арналған жақсарту бағдарламасының басталғаны туралы жариялады, ҚР-да бірінші болып Onlinebank Halyk қашықтықтан порталы арқылы «24/7» режимінде заңды тұлғалар арасындағы өзара есеп айырысуларды іске қосты, сондай-ақ Банкке арналған жаңа өнімдер мен қызметтердің тұтас пакетін ұсынды
16.05.19 - Halyk Bank ChinaCITICBank пен AltynBank бірлесіп қазақстандық және қытайлық бизнес арасындағы ынтымақтастықты жандандыру мақсатында алғаш рет жоғары технологиялық компаниялардың бірінші Қазақстан-Қытай форумын өткізді
24.05.19 - Өзбекстанның Орталық Банкі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымына «Tenge Bank» Акционерлік Коммерциялық банкіне (АКБ) банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия берді
21.05.19 - Halyk Bank әлемнің ең ірі және ең ықпалды жария компанияларының жыл сайынғы рейтингінде Global 2000 2018 жылы 1595-ші орыннан бастап 1522-ші орынға көтеріліп, Қазақстанның жалғыз өкілі болып қала берді
05.06.19 - Halyk Bank ел басшылығы жариялаған Жастар жылы аясында «Zhas Halyk» Қазақстандағы жастар кәсіпкерлігін кепілсіз кредиттеу бағдарламасын іске қосты және оны іске асыруға 1 миллиард теңге бағыттады
20.06.19 - «EMEA Finance» Halyk Bank халықаралық сараптамалық журналының «Europe Banking Awards 2018» жыл сайынғы іріктеу нәтижелері бойынша «Қазақстандағы үздік банк» атағына ие болды
Топтың миссиясы мен құндылықтары
Топтың миссиясы бұрынғыша Қазақстанда және басқа да бірқатар елдерде қаржы нарығының барлық сегменттерінде (банктік, сақтандыру, бағалы қағаздар, лизингтік) клиенттер мен акционерлер қаражатының сақталуын, тиімді орналастырылуын және көбеюін қамтамасыз ете отырып, халықаралық стандарттар деңгейінде қызмет көрсету болып табылады
Жетістіктер және марапаттар
Қазақстан Халық Банкі – дүние жүзіндегі аса ірі көпшілік компаниялардың жыл сайынғы жаһандық рейтингінің нәтижелері бойынша таза кіріс көлемі бойынша ТМД банктері арасында екінші және қазақстандық компаниялар арасында бірінші
The Banker халықаралық қаржы журналының пікірі бойынша Халық Банкі Қазақстанда «Жыл банкі» болып танылған
Эксперт РА рейтингтік агенттігінің пікірі бойынша қаржы секторындағы ең үздік жылдық есеп - Халық банкінің жылдық есебі
Үміт Шаяхметова Vlast журналының пікірі бойынша жыл қаржыгері деген атаққа ие болды