Корпоративтік басқару
Корпоративное управление в банке
Жоғары сапалы корпоративтік басқару еркін және бәсекелі нарықта Банктің табысты қызметі үшін қажетті шарт болып табылады. Банк Директорлар кеңесі, Басқарма мен акционерлер арасында қарым-қатынасты орнықтыратын корпоративтік басқарудың тиімді жүйесін талап етеді. Мұндай жүйе компанияның құнын ұлғайтуына көмектеседі және инвесторларға олардың ақшасы тиімді пайдаланатынына кепілдік береді. Банктің акциялары 2006 жылы GDR үлгісінде халықаралық нарықта орналастырылған сәттен бастап, біз корпоративтік басқаруды дамытуға ерекше мән беріп тұрамыз. Акциялардың жария орналастырылуы ең басында қаржы құралдарын тарту бойынша рәсім болғанына қарамастан, сонымен бірге ол әлемдік деңгейдегі замануи қаржы институты сәйкес келетін жоғары халықаралық стандарттарға лайықты болатын корпоративтік басқару жүйесін құру бойынша бастапқы нүкте болып табылады. Банктің корпоративтік басқару жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру қажеттілігі төмендегілермен шартталады