Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
Біздің назарымызда
Банктің әлеуметтік қызметінің басым бағыттары: балалардың денсаулық сақтау, білім беру саласындағы жобаларды қаржыландыру, мәдениетті, өнерді, бұқаралық және кәсіби спортты қолдау, қоршаған ортаны қорғау және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқорлық жасау
Барлық жобалар
Ұлттық баскетбол федерациясы мен «Халық» қайырымдылық қорының қатысуымен балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері арасында баскетболдан жыл сайынғы чемпионат
Қазақстанның 22 қаласындағы медициналық мекемелерде ұзақ емделіп жатқан балаларға арналған «Халық» қайырымдылық қорының жыл сайынғы жаңа жылдық акциясы
2018 жылдың соңына қарай 16 өңірде және 2019 жылы қалған бес өңірде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін өңірлік ұйымдарды мамандандырылған автомобильдермен жарақтандыру
Банктің филиалдары бар Қазақстанның барлық қалаларында балалардың аула алаңдарын орнату, оларды қазіргі заманғы спорттық және ойын жабдықтарымен жарақтандыру
Жаңа оқу жылының басталуы – 1 қыркүйек қарсаңында мұқтаж және көп балалы отбасыларды қолдауға арналған қайырымдылық акциясы «Мектепке апаратын жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясына орайластырылды
9 мамыр – Жеңіс күніне Халық банкінің дәстүрлі республикалық акциясы, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен ардагерлеріне және еңбек майданының қатысушыларына атаулы материалдық көмек
Халық банкінің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова басқаратын ҚР гимнастика федерациясын қолдау. Федерация құрамында Қазақстанның 13 өңірінен спорттық гимнастика, көркем гимнастика, спорттық акробатика, акробатикалық жолмен секіру және батут бойынша аккредиттелген 16 өңірлік федерация бар
Еліміздің жетекші футбол клубтарының бірі, ҚР футбол Чемпионатының күміс жүлдегерімен көпжылдық серіктестік
Студенттер арасында ең танымал спорт түрі. Халық банкі дәстүрлі түрде мини-футболдан Ұлттық студенттік лиганың (НСЛ) және Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындары арасында футзалдан жыл сайынғы чемпионаттың, ал 2018 жылы Алматыда студенттік футзалдан Әлем чемпионатының бас демеушісі болады
Қазақстан бойынша қамқорлыққа алынған 18 балалар үйінде және мектеп-интернатта баскетбол қозғалысын дамытуға бағытталған әлеуметтік спорттық жоба. Банктің қолдауының арқасында кем дегенде 500 тәрбиеленуші аптасына үш рет кәсіби жаттықтырушылармен және қажетті жабдықтармен жаттығуға мүмкіндік алады
2017 жыл Алматыда 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың сәтті өтуімен атап өтілді, бұл бұқаралық спортты одан әрі дамытуға түрткі болды. Спорттық инфрақұрылым нысандарын қолдау үшін Қазақстан Халық банкі Алматы қаласының әкімдігімен «Halyk arena» деп аталатын 3 мың орындық Мұз кешенін дамыту жөнінде келісім жасады
2013 жылдан бастап Халық Банкі жыл сайын «Астана Опера» опера және балет театрының бас серіктесі болып келеді. Театр Қазақстанның ғана емес, жақын және алыс шетел көрермендерінің назарын және қызығушылығын тудыратын республиканың негізгі сахналық алаңына айналды
Еншілес Казкоммерцбанк 10 жыл бойы театр мен оның премьералық қойылымдарын қолдады. 2018 жылы Халық Банкімен біріккеннен кейін Halyk тобы театрмен серіктестікті жалғастырды және болашақта еліміздің басты опера және балет сахналарын қолдауға ниетті
Бұл YouTube-тегі білім беру арнасы, онда ғылымның түрлі салаларынан орыс және қазақ тілдеріне аударылған ғылыми-көпшілік видеоларды табуға болады. Halyk қорының жобасы оқушылар мен студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттыруға, олардың білім деңгейін жақсартуға, болашақ мамандығын таңдауға және жоғары оқу орындарына түсуге дайындалуға көмектесуге бағытталған
Банктің 95 жылдығына арналған қайырымдылық акциялар марафоны Балалар алаңы Жаппай коньки тебу
Қоршаған ортаны сақтауға үлес қосу және халыққа ТЖ жоюға көмек көрсету
Денсаулық сақтау жобаларының мұрағаты
2008 жылдан бастап Банк екі Қордың тұрақты серіктесі болып табылады. Қайырымдылық қорлары Қазақстанның балалар оқу және білім беру мекемелерін қолдайды
Банк 2012 жылдан бастап Қордың тұрақты серіктесі болып табылады. Қор әлеуметтік көмек көрсетеді, атап айтқанда дарынды жетім балаларды, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды оқыту
Әлеуметтік жобалар мұрағаты
Банк бүкіл Қазақстан бойынша ардагерлер ұйымдары мен Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларға көмек көрсетеді.
Банк бүкіл Қазақстан бойынша 36 балалар үйіне, мектеп-интернаттарға және балаларға арналған мамандандырылған мекемелерге демеушілік етеді.
Қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу және төтенше жағдайларда тұрғындарға көмектесу.
Спорттық жобалар мұрағаты
Жоба 2005 жылдан бастап іске қосылды. Жобаның мақсаты балалар үйлері мен интернаттардың оқушылары арасында балалар мен жасөспірімдердің баскетбол қозғалысына қолдау көрсету болып табылады
Банк бүкіл Қазақстан бойынша қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға көмек көрсетеді
Спортшылар мен жаттықтырушыларға қолдау көрсетіледі
Мүгедектігі бар спортшыларға қолдау көрсету
Мәдениет және білім беру жобаларының мұрағаты
Банк мәдениет мекемелеріне және Қазақстан бойынша мәдениет пен өнерді дамытуға бағытталған жобаларға көмек көрсетеді
Балалар мекемелерінің түлектеріне арналған бағдарлама. Қазақстандық мамандандырылған жоғары оқу орындарында оқитын жетім балалардың білім алуына ақы төленеді.