Баспасөз орталығы
Halyk Bank «Ішкі аудиттің үздік функциясы 2025» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды
Halyk Bank 2025 жылдың соңында өткен Ішкі аудиторлар институты чаптер мүшелерінің жыл сайынғы форумында «Ішкі аудиттің үздік функциясы 2025» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Ішкі аудиторлар институты чаптер мүшелерінің форум-кездесуі - Астана, Алматы, Ташкент және басқа да қалалардан ішкі аудит, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару саласындағы жетекші сарапшыларды біріктіретін негізгі кәсіби салалық іс-шаралардың бірі. Форум аясында қатысушылар саладағы өзекті үрдістер мен сын-қатерлерді талқылап, ішкі аудит саласындағы үздік тәжірибелер мен жетістіктер үшін марапаттарға ие болды. «Ішкі аудиттің үздік функциясы 2025» номинациясы алғаш рет табысталды және бұл форум күн тәртібіндегі маңызды оқиғалардың бірі болды. Ішкі аудиторлар институтының Директорлар кеңесінің бірауыздан дауыс беру қорытындысы бойынша Halyk Bank жеңімпаз деп танылып, «Ішкі аудиттің үздік функциясы 2025» мәртебесіне ие болды.
Бұл марапат команданың жоғары кәсібилік деңгейін, Банктің ішкі аудит жүйесінің жетілуін және оның үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкестігін растады. Ішкі аудиторлар институты Halyk Bank ішкі аудит департаменті қызметкерлерінің Қазақстандағы кәсіби қауымдастықты дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Волонтерлік негізде банк қызметкерлері жаңартылған халықаралық ішкі аудит стандарттарын қазақ тіліне аудару жұмысына қатысты. Аталған іске филиалдардың аудит басқармасының бастығы Бауыржан Қадырбеков пен CIA, филиалдардың аудит басқармасының Audit Lead қызметін атқаратын Гүлмира Бадашева өз үлестерін қосты.
«Бұл жетістік Halyk Bank ішкі аудит департаменті қызметкерлерінің үйлесімді командалық жұмысының, жоғары кәсібилігінің және сапа, тәуелсіздік пен тұрақты жетілдіру қағидаттарына адалдығының нәтижесі. Мұндай деңгейдегі жеңіс — Банктің Қазақстан Республикасында ішкі аудитті дамытуға қосқан үлесін мойындаудың айқын көрінісі», — деп атап өтті Ішкі аудит басшысы Оскар Дияров.
Ішкі аудиторлар институты 1941 жылы АҚШ-та құрылған және бүгінде әлемнің 170-тен астам елінен 200 мыңнан аса маманды біріктіреді. Қазақстан Республикасындағы институт чаптері 2018 жылдан бастап қызмет атқарып келеді.