Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

05.03.2026

Almaty Museum of Arts пен Halyk Bank стратегиялық серіктестік орнатқандарын жариялады

Алматы, Казақстан | 5 наурыз 2026 жыл – Almaty Museum of Arts пен Halyk Bank екеуара Қазақстандағы заманауи өнерді ұзақмерзімді дамыту мен қолдауға бағытталған стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойды.

Бұл серіктестік Орталық Азиядағы ең ірі заманауи өнер мұражайы мен өңірдің жетекші қаржы институтының жұмысын бір арнаға тоғыстырып, Қазақстандағы бизнес пен мәдени ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа үлгісін қалыптастырмақ. Меморандум аясында Halyk биыл Almaty Museum of Arts мұражайының негізгі көрмелері, білім беру бағдарламалары және баспа саласына қатысты жобаларына бас серіктес ретінде қолдау көрсетіп, заманауи өнердің өрісін кеңейтуге үлес қоспақ.

Мәдени өмірге атсалысу мүмкіндіктерін кеңейту мен білім беру бастамаларын тұрақты дамытуға деген ортақ ұмтылыс мұражай мен банк жұмысын бір арнаға тоғыстырып отыр. Серіктестер мәдениет пен білімге салынған инвестицияны ел болашағына жасалған маңызды үлес ретінде көреді.

«Біз Halyk компаниясы әу бастан әлеуметтік жауапкершілікті жалау еткенін жиі айтып отырамыз. Мәдениетті қолдау біздің мақсатымыздың маңызды құрамдас бөлігі десек, біз оны қоғам дамуының негізгі алғышарттарының бірі санаймыз. Мен заманауи өнер жаңашыл әрі қарқынды дамып отыратын орта қалыптастырып, аталған ортада мына әлем мен өмірдің сұлулана түсуіне сеп болар визионерлер мен инновациялық идеялар пайда болады деп үлкен сенім артамын. Almaty Museum of Arts-пен жасалған осы бір ынтымақтастық біздің мәнді де мағыналы бастамаларға қолдау көрсетуді бас ұстанымға айналдырғанымыздың айғағындай», - деді Halyk Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова.

«Біз мұражайды заманауи өнердің елеулі тұлғаларын Қазақстанға әкелуге және жергілікті көркем үдерістерді қолдауға қауқарлы халықаралық деңгейдегі институт ретінде көреміз. Halyk-пен жасалып отырған серіктестік бізге стратегиялық тұрғыда ойлауға және шынайы ауқымды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді Almaty Museum of Arts негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов.

Ынтымақтастық аясында ұйымдастырылғалы отырған 2026 жылдың басты жобасы – «Билл Виола: екі дүние арасы» көрмесі, ол осы жылдың маусым айында ашылады.

Билл Виола – XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басында аса ықпалды болған суретшілердің бірі, ол шығармашылығы арқылы бейнежазбаны өнердің маңызды медиумы ретінде қайта ой елегінен өткізуге сеп болған. Оның көрмелері әлемнің жетекші мұражайларында өтті, соның ішінде MoMA (Нью-Йорк), Tate (Лондон), Guggenheim Bilbao (Бильбао) және Centre Pompidou (Париж) бар. Виоланың ауқымды видеоинсталляциялары өмір мен өлім, есте сақтау мен уақыт, рухани және ішкі трансформация сынды адам өмірінің негізгі тақырыптарын қозғайды. 1970 жылдардан бастап суретші бір бойына технология мен философиялық тереңдікті тоғыстыра білген айқын көркем тіл қалыптастырып, видеоарттың дамуына елеулі үлес қосты.

Өнер майталманының Орталық Азиядағы алғашқы көрмесі аталған аймақ үшін айрықша маңызға ие болып, елдің халықаралық өнер үдерісіндегі орнын нығайтуға мүмкіндік береді.

Серіктестік аясында Алмагүл Меңлібаеваның Гридтия Гавивонг кураторлық ететін «Мен бәрін түсінемін» атты жобасының екінші бөлімі жалғасын табады. Сонымен қатар қос көрменің шеңберінде ғылыми каталогтар жарияланып, ұзақ мерзімді зерттеу базасы қалыптастырылып, кәсіби дискурс кеңейтіледі.

Almaty Museum of Arts-тың директоры Татьяна Ходжаева былай деді:

«Мұражай есігі ашылғалы бері 250 000-нан астам қонақ қабылдады, бұл кеңістікке күн сайын түрлі жас өкілдері, сан алуан мамандық иелері мен қилы мәдени контексттен келген адамдардың бас сұғатынына куәгер боп жүрміз. Біздің мұражайымыздың бағдарламасына мұндай өнер ордасына алғаш қадам басқан адамдарда да, кәсіби өнер қауымдастығы өкілдері де қызығушылық танытады. Мұражай кеше ғана 2025 жылы қыркүйекте ашылғанына қарамастан, ол Tate және Getty Foundation-мен бірлескен жобаларды жүзеге асырды, бұл оның халықаралық өнер кеңістігіндегі маңыздылығын растайды. Halyk Bank-тің қолдауы ел мәдени өміріндегі мұражайдың елеулі рөлін мойындаудың белгісі және біздің жұмысымызға берілген ең маңызды бағалардың бірі екені анық».


Анықтамалық ақпарат

Halyk – жиынтық активтері 20 трлн теңгеден асатын Қазақстандағы ең ірі банк. Банктің үлесіне Қазақстан Республикасының экономикасының нақты секторын кредиттеудің 50%-дан астамы тиесілі. Halyk Bank еліміз бойынша 540-тан астам бөлімшеден тұратын филиалдық желі мен цифрлық арналар арқылы қызмет көрсететін ең ірі клиенттік базалардың біріне ие. Сонымен қатар, банк Грузия мен Өзбекстанда да қызметін жүзеге асырады. Halyk Bank шетелдік қатысуы жоқ коммерциялық банктер арасында ең жоғары несиелік рейтингтерге ие (инвестициялық деңгейде: Moody’s – Baa1 / Fitch – BBB- / S&P – BBB-).

Halyk қайырымдылық қызметімен кеңінен танымал. Соңғы 5 жылда банк пен «Halyk» қайырымдылық қоры бүкіл ел бойынша әлеуметтік жобаларға шамамен 62 млрд теңге бағыттады.

Almaty Museum of Arts (ALMA) – Қазақстандық коллекционер әрі меценат Нұрлан Смағұлов негізін қалаған жаңа заманауи өнердің жеке мұражайы. Мұражай 2025 жылдың күзінде ашылды.

Музей миссиясы – өнер атаулымен жақын байланыс жасап, ашық диалог орнату арқылы адам мен қоғамның дамуына жол салатын кеңістік құру.
Мұражай Қазақстан мен Орталық Азия өнерін зерттеп, қолдап, қастерлеп сақтаумен қатар, оны жаһандық көркем оймен ұштастыра отырып, кәсіби орта мен қарапайым қауымға бағытталған тұрақты мәдени кеңістік қалыптастырады.

ALMA қорында 700-ден астам өнер туындысы бар, оған қазақстандық шеберлердің (Айша Ғалымбаева, Салихитдин Айтбаев, Рустам Хальфин, Алмагүл Меңлібаева және басқалары) шығармалары мен жаһандық өнердің негізгі есімдері кіреді: Ричард Серра, Яёи Кусама, Ансельм Кифер, Билл Виола. Йинка Шонибаре, Алисия Кваде және Жауме Пленсаның арнайы Almaty Museum of Arts үшін жасаған ашық аспан астындағы монументал мүсіндерінің орны тым бөлек. 

Мұражайдың сәулеті британиялық Chapman Taylor бюросы, сондай-ақ Lord Cultural Resources және Buro Happold компанияларының қатысуымен жасалған (Buro Happold портфолиосында Guggenheim Bilbao, Louvre, Centre Pompidou бар). Сәулеті қос L тәрізді құрылымнан тұрады, оның бір бөлігі Тянь-Шань тауларын еске салатын Юра әктасымен қапталса, ал екіншісі қала тұрмысының қарқынды ырғағын көрсететін алюминий панельдермен жабылған.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде