Баспасөз орталығы
Атырауда Halyk Bank облыстық филиалының жаңа ғимараты ашылды
15 желтоқсан күні Halyk Bank облыстық филиалының жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті. Рәсімге Halyk басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова және Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қатысты.
Жаңа офис қаланың іскерлік бөлігінде орналасқан. Жалпы аумағы 9 000 м²-ден асатын Halyk филиалының ғимараты банктің өңірдегі ең ірі жобаларының бірі болды. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталып, инвестициялар көлемі 10 млрд теңгеден асты. Жаңа офис ай сайын 5 000-нан астам клиентке қызмет көрсетуге арналған және сапа, қауіпсіздік пен жайлылықтың жоғары стандарттарын қамтамасыз ететін заманауи технологиялық шешімдермен жабдықталған.
Филиалдың жаңа ғимаратының ашылуы — өңірлік инфрақұрылымды нығайту және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған банктің стратегиясын жүзеге асырудағы маңызды қадам. Атырау өңірі Halyk үшін әрдайым негізгі аймақтардың бірі болып табылады: облыста тіркелген корпоративтік клиенттердің кредиттік портфелі 2025 жылғы 1 қазанда 428 млрд теңгеге жетті, ал ШОБ кредиттеудегі үлесі 65%-ды құрайды. Бұл көрсеткіштер банктің өңірлік экономиканы дамыту мен бизнесті қолдаудағы елеулі рөлін растайды.
Halyk — елдегі №1 банк, оның активтері 20,4 трлн теңгеден асады. Шетелдік қатысуы жоқ коммерциялық банктер арасында ең жоғары рейтингтерге ие және The Banker халықаралық басылымының нұсқасы бойынша 2025 жылы «Қазақстанның үздік банкі» деп танылды. Банк нақты секторды кредиттеуде де көшбасшы болып, нарықтағы үлесі 52%-дан асады.
Halyk банк экономиканы ғана емес, өңірлердің әлеуметтік дамуын да қолдайды. 2020–2025 жылдары Halyk Group әлеуметтік бағдарламаларға 143,8 млрд теңге бөліп, білім беру, экология, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт салаларында бірқатар жобаларды іске асырды.