Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

26.11.2025

Halyk Өскеменге ауа сапасын бақылау үшін мобильді эколаборатория сыйлады

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде Halyk Bank сатып алған мобильді экологиялық зертхананы өңірге сыйға беру салтанатты рәсімі өтті. Бұл Өскемендегі атмосфералық ауа мониторингі жүйесін дамытудағы және қала тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігін арттырудағы маңызды қадам. Жобаның құны 65,5 млн теңгені құрайды. Зертхана ауаны жедел талдауға арналған заманауи жабдықтармен жабдықталған және пайдалануға толық дайын.

Мобильді зертхананың берілуіне түсініктеме бере отырып, Halyk Басқарма төрағасының орынбасары Тілеген Маткенов банк үшін экологиялық бастамаларды қолдап қана қоймай, өңірдің өзекті мәселелерін шешуге көмектесетін практикалық құралдарды ұсыну маңызды екенін атап өтті. «Бұл — біздің ESG принциптеріміз бен қоғам алдындағы жауапкершілігіміздің көрінісі», — деп түйіндеді спикер.

Зертхана Өскемен қаласына тән барлық негізгі ластаушы компоненттерді жоғары дәлдіктегі электрохимиялық әдіспен талдайды. Атап айтқанда: SO₂ (күкірт диоксиді), H₂S (күкіртсутек), NOₓ (азот оксидтері), CO (көміртек оксиді), HCl (тұз қышқылы), Cl₂ (хлор), NH₃ (аммиак).

Мобильді эколаборатория бүкіл қала бойынша ауа сапасын өлшейтін тағы бір құрал болады. Бұл экологиялық жағдайдың нашарлауына жедел ден қоюға және халық пен мемлекеттік органдар үшін деректердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Halyk Bank-ке өңір экологиясын жақсартуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, қазіргі жағдайда халықты ауа сапасы туралы уақтылы хабардар ету аса маңызды екенін атап өтті.

Мобильді эколаборатория — ШҚО-да банк жүзеге асыратын алғашқы Halyk қайырымдылық жобасы емес. Ағымдағы жылы Halyk облыстық аурухана үшін құны 12,6 млн теңге болатын науқастар мен медперсоналды тасымалдауға арналған автокөлік сатып алды. Сондай-ақ «Мектепке апарар жол» акциясы аясында банк көпбалалы отбасылардан шыққан 100 бірінші сынып оқушысына кеңсе керек-жарақтарының толық жиынтығымен мектеп рюкзактарын сыйға тартты.