Баспасөз орталығы
22.11.2024
Жаңа ISO 20022 стандартына көшу күні келесі жылға ауыстырылады
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің хабарламасына сәйкес төлем қатынастарының халықаралық стандартына жоспарлы көшу 2025 жылғы 13 қаңтарға ауыстырылады.
Қаржы ұйымдары арасында деректер алмасудың жалпы әлемдік ISO 20022 стандарты бизнес-процестерді автоматтандыру үшін құрылған. Жаңа стандартқа көшу нарық қатысушыларына жаңа шешімдерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ банк операцияларын жүргізу кезінде төлем хабарламаларымен алмасудың жалпы моделін қолдану есебінен барлық тараптардың шығындарын қысқартады.