Баспасөз орталығы
Ұсыныс туралы хабарлама
АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНЫҢ («АҚШ») (ОНЫҢ АУМАҚТАРЫ МЕН ИЕЛІКТЕРІН, АҚШ-ТЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН ШТАТЫН ЖӘНЕ КОЛУМБИЯ ОКРУГІН ҚОСА АЛҒАНДА), ОҢТҮСТІК АФРИКАНЫҢ, АВСТРАЛИЯНЫҢ, КАНАДАНЫҢ НЕМЕСЕ ЖАПОНИЯНЫҢ НЕМЕСЕ МҰНДАЙ ӘРЕКЕТТЕР БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НЕМЕСЕ ОЛАРДЫ РЕТТЕУ ТУРАЛЫ ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗУ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН КЕЗ КЕЛГЕН ЮРИСДИКЦИЯНЫҢ АУМАҒЫНДА ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТҮРДЕ, ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ІШІНАРА ШЫҒАРУҒА, ЖАРИЯЛАУҒА НЕМЕСЕ ТАРАТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН
ОСЫ ЖАРИЯЛАНЫМ ТЕК АҚПАРАТТЫҚ МАҚСАТТА ҒАНА БЕРІЛЕДІ ЖӘНЕ ҚАНДАЙ ДА БІР ЮРИСДИКЦИЯДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ҰСЫНЫСЫ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ. ӨТІНІШ, ОСЫ ЖАРИЯЛАНЫМНЫҢ СОҢЫНДА КЕЛТІРІЛГЕН МАҢЫЗДЫ МҰҚИЯТ ХАБАРЛАМАНЫ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ.
ОСЫ ЖАРИЯЛАНЫМ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТАН ШЫҒУ ТУРАЛЫ 2018 ЖЫЛҒЫ ЗАҢҒА (ӨЗГЕРІСТЕРІ ЖӘНЕ ТОЛЫҚТЫРУЛАРЫМЕН ҚОСА) СӘЙКЕС ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ІШКІ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БІР БӨЛІГІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН НАРЫҚТА ТЕРІС ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНІҢ (596/2014/EС) 7-БАБЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ ҮШІН ИНСАЙДЕРЛІК АҚПАРАТТЫ ҚАМТИДЫ.
2025 жылғы 19 қараша
«АЛМЭКС» холдингтік тобы» акционерлік қоғамы («АЛМЭКС» немесе «Сатушы акционер») және «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы («Халық Банкі» немесе «Банк») халықаралық және жергілікті инвесторлар үшін жиынтықта Банктің айналымдағы жай акцияларының («Акциялар») шамамен 4%-ын құрайтын, Банктің кем дегенде 12 миллион жаһандық депозитарлық қолхаттарына («ЖДҚ»), олардың әрқайсысы 40 Акцияға сәйкес келеді, қатысты нарықта ашық ұсыну және өтінімдер жинау процесі туралы хабарлайды. Ұсыныс көлемі өтінімдер жинау процесі нәтижелеріне сәйкес ұлғайтылуы мүмкін. Мәміле Банк акцияларының өтімділігін жақсартуға және Банктің акционерлік базасын әртараптандыруға бағытталады.
Ұсыныс: (i) АЛМЭКС тарапынан Банктің ЖДҚ-ын халықаралық («Халықаралық ЖДҚ») ұсынуды («Халықаралық ұсыныс»); және (ii) ЖДҚ-ын жергілікті ұсынуды («Жергілікті нарықта ұсынылатын ЖДҚ» және Халықаралық ЖДҚ-мен бірге бұдан әрі – «Ұсынылатын ЖДҚ» ) және АЛМЭКС тарапынан Банк Акцияларын («Жергілікті нарықта ұсынылатын акциялар») ұсынуды қамтиды («Жергілікті ұсыныс» және Халықаралық ұсыныспен бірге бұдан әрі – «Ұсыныс»). Жергілікті ұсыныс институционалдық және бөлшек инвесторлар үшін Қазақстанда Astana International Exchange («AIX») арқылы (тек Жергілікті нарықта ұсынылатын ЖДҚ-ға қатысты) және Қазақстан қор биржасы («KASE») арқылы (тек Жергілікті нарықта ұсынылатын акцияларға қатысты) жүргізіледі. Банк Ұсыныстан ешқандай түсім алмайды.
Халыралалық ЖДҚ Ұлыбританияның қаржылық реттеу және қадағалау басқармасының («FCA») ресми тізімінде белгілі бір бағалы қағаздарды (депозитарлық қолхаттар) білдіретін сертификаттар санатына жатқызылып, Лондон қор биржасының (London Stock Exchange plc) бағалы қағаздар тізіміндегі негізгі нарықта сауда-саттыққа жіберіледі. Жергілікті нарықта ұсынылатын ЖДҚ және Жергілікті нарықта ұсынылатын акциялар AIX-те және KASE-де сауда-саттыққа жіберіледі.
Ұсынысты жүзеге асыру үшін бірлескен жаһандық координаторлар мен букраннерлер ретінде Citigroup Global Markets Limited, J.P. Morgan Securities plc және «Halyk Finance» АҚ тартылды.
Халықаралық ұсыныс Citigroup Global Markets Limited және J.P. Morgan Securities plc басқаруымен жүзеге асырылады. «Halyk Finance» АҚ Халықаралық ұсынысқа қатыспайды, лицензиясы немесе оған қатысуға өкілеттіктері жоқ және оның қандай да бір аспектісі үшін жауап бермейді.
Жергілікті ұсыныс «Halyk Finance» АҚ-ның басқаруымен жүзеге асырылады. Citigroup Global Markets Limited және J.P. Morgan Securities plc Жергілікті ұсынысқа қатыспайды, лицензиясы немесе оған қатысуға өкілеттіктері жоқ және оның қандай да бір аспектісі үшін жауап бермейді.
Жергілікті нарықта ұсынылатын бір акцияның түбегейлі бағасы теңгемен белгіленеді және бір Ұсынылатын ЖДҚ-ны түбегейлі бағасын 40-қа бөлінгеніне тең болып, Бағаны айқындау күнінің (анықтамасы төменде берілген) алдындағы күні қолданыста болатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің («ҚРҰБ») ресми айырбастау бағамы бойынша теңгеге айырбасталады. KASE-де Жергілікті нарықта ұсынылатын акцияларды сатып алу туралы инвесторлардың өтінімдері теңгемен берілуі тиіс.
Өтінімдерді жинау кезеңі бүгін, 19 қарашада, басталады және болжағанымыздай 2025 жылғы 21 қарашада аяқталады. Ұсынысқа байланысты 2025 жылғы 19 қарашада Ұсыныс туралы алдын ала меморандум («Ұсыныс туралы алдын ала меморандум») жарияланды. Ұсыныс туралы алдын ала меморандум Банктің https://halykbank.com/for-shareholders/prospectuses-and-offering-memoranda веб-сайтында электрондық нысанда қолжетімді. Ұсыныстың түбегейлі бағасы өтінімдер жинау процесі аяқталғаннан кейін айқындалады және болжағанымыздай шамамен 2025 ж. 21 қарашада («Баға айқындау күні») жарияланады.
Сатушы акционер бүгінгі күні 7 583 538 228 Акцияға ие, бұл Банктің айналымдағы акцияларының шамамен 69,5%-ын құрайды. Ұсыныстан кейін АЛМЭКС Банктің бақылаушы акционері (кемінде 51% иелену үлесімен) болып қалады. Қалған шамамен 30,5% акция бүгінгі күні еркін айналымда жүр.
Ұсыныс аясында сату көзделетін Ұсынылатын ЖДҚ және Жергілікті нарықта ұсынылатын акцияларды ұсынудың түбегейлі бағасы мен түбегейлі саны Citigroup Global Markets Limited, J.P. Morgan Securities plc, «Halyk Finance» АҚ және Сатушы акционер арасында өтінімдер жинау процесі аяқталғаннан кейін келісілуі тиіс, ал Ұсыныс нәтижелері бағалы қағаздар сатып алуға өтінімдер жинау процесі аяқталғаннан кейін жарияланады.
Ұсыныс туралы толық ақпарат Баға айқындау күні Банктің https://halykbank.com/for-shareholders/prospectuses-and-offering-memoranda веб-сайтында электронды нысанда қолжетімді болатын Ұсыныс туралы түбегейлі меморандумға енгізіледі.
Өтініш, қосымша ақпарат алу үшін мына тұлғаларға хабарласыңыз:
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Мира Тиянак | +7 727 259 04 30 MiraK@halykbank.kz |
Екатерина Сванбаева | +7 727 330 12 88 EkaterinaS@halykbank.kz |
Рустам Теліш | +7 727 330 15 66 RustamT3@halykbank.kz |
Лаура Кустубаева | +7 727 259 60 27 LauraKus@halykbank.kz |
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
Банк осы жарияланымда сөз болып отырған Ұсыныс шеңберіндегі Ұсыныс туралы алдын ала меморандумды дайындады және оған толық жауап береді. Инвестицияламас бұрын сізге Банк және Ұсыныс туралы толығырақ ақпарат алу үшін Ұсыныс туралы алдын ала меморандуммен танысу керек. Бұл жарияланымды Ұсыныс туралы алдын ала меморандуммен бірге оқыған жөн.
Осы жарияланым АҚШ аумағында немесе қандай да бір басқа юрисдикцияда бағалы қағаздарды сатуға арналған ұсыныс болып табылмайды, себебі мұндай ұсыныс немесе орналастыру заңсыз болып саналады. Осы жарияланымда сөз болып отырған бағалы қағаздар өзгерістерімен қоса алғанда 1933 жылғы Бағалы қағаздар туралы АҚШ Заңына («Бағалы қағаздар туралы заң») сәйкес немесе АҚШ-тың қандай да бір штатының немесе басқа юрисдикциясының бағалы қағаздар туралы кез келген тиісті заңдарына сәйкес тіркелмеген және тіркелмейді және тіркеуі болмаған және Бағалы қағаздар туралы заңға сәйкес және штаттардың бағалы қағаздар туралы заңдарына сәйкес тіркеусіз немесе тіркеу талабынан тиісті босатуды қолданусыз АҚШ аумағында тікелей немесе жанама ұсынылмайды немесе сатылмайды. Банк Ұсыныстың қандай да бір бөлігін АҚШ-та тіркеуді жоспарламайды және өзінің бағалы қағаздарын АҚШ аумағында жария ұсынуды көздемейді. Әлеуетті сатып алушылар Ұсынылған ЖДҚ немесе жергілікті нарықта ұсынылатын Акцияларды сатушылар Бағалы қағаздар туралы заңның 144А Қағидаларына сәйкес, осы Заңның 5-бөлімінде көзделген тіркеу туралы талаптардан босатылуға сүйене алатыны жөнінде хабарланады.
Осы жарияланым тек белгілі бір алушыларға, яғни: (А) Еуропалық экономикалық аумаққа («ЕЭА») қатысушы елде болса, 2017/1129 Ереженің (ЕО) 2(е) бабына (өзгерістерімен) сәйкес «білікті инвестор» (сәйкесінше «Білікті инвесторлар» және бұдан әрі – «Проспектілер туралы ереже») болып танылатын тұлғаларға; (В) Біріккен Корольдікте болса, 2018 жылғы Еуропалық одақтан шығу туралы Заңға сәйкес Ұлыбританияның қолданыстағы заңнамасының құрамына кіретін Проспектілер туралы ереженің британдық нұсқасының 2(е) бабына сәйкес «білікті инвестор» болып табылатын, (і) инвестициялар мәселесінде кәсіби тәжірибесі бар, 2000 жылғы Қаржы қызметтері және нарықтары туралы ереженің (Financial Services and Markets Act 2000) (2005 жылғы Қаржы жарнамасы туралы бұйрық, өзгерістерімен) («Бұйрық») 19(5) бабындағы «инвестиция саласындағы кәсіби маман» анықтамасына сәйкес келетін тұлғалар болып табылатын; немесе (іі) Бұйрықтың 49(2)(а)-(d) баптарының күші әсер ететін, жоғары қамтылған субъектілер болып табылатын; немесе (ііі) Банктің немесе оның тобының басқа қатысушыларының қандай да бір бағалы қағаздарын сатуға байланысты инвестициялық қызметті жүзеге асыруға шақыру немесе ұсыныс заңды негізде (өзгерістері бар FSMA 21-бөлімі мазмұнында) басқа тұлғалар ((і), (іі) және (ііі) тармақтарда көрсетілген барлық осындай тұлғалар бұдан әрі бірге «Тиісті тұлғалар» деп аталады) болып табылатын тұлғалардың атына арналып, жіберілді.
Осы жарияланым (і) Тиісті тұлғалар болып табылмайтын Біріккен Корольдіктегі тұлғалар; және (іі) Білікті инвестор болып табылмайтын ЕЭА-ға қатысушы қандай да бір елдегі тұлғалар пайдаланбауы керек және оған сенбеуі қажет. Осы жарияланым қатысты болатын кез келген инвестициялық қызмет (і) Біріккен Корольдікте тек Тиісті тұлғаларға қолжетімді және олардың қатысуымен ғана жүзеге асырылады; және (іі) ЕЭА-да тек Білікті инвесторларға қолжетімді және олардың қатысуымен ғана жүзеге асырылады.
Осы жарияланым және бағалы қағаздар туралы кез келген келесі ұсыныс жекелеген юрисдикцияларда заңмен шектеледі және де осы хабарламаны немесе кез келген келесі ұсынысты алатын тұлғалар осындай шектеулерді оқып, сақтауы тиіс. Мұндай шектеулерді сақтамау тиісті юрисдикцияның бағалы қағаздар туралы заңының бұзулуына әкеп соғуы мүмкін. Банк бұл жарияланымды қандай да бір юрисдикцияда иеленуге немесе таратуға рұқсат алу үшін ешқандай әрекет жасаған жоқ, ол үшін қолданыстағы заңнама бойынша рұқсат қажет болады немесе таратуы шектелген. Осы жарияланымды алған тұлғалар осы шектеулермен өз бетінше танысып, оларды сақтауға міндетті. Австралия, Оңтүстік Африка, Жапония, Канада, Біріккен Араб Әмірліктері (Abu Dhabi Global Market және Dubai International Financial Centre қоса алғанда) және Катарда (Qatar International Financial Centre қоса алғанда) жария ұсыныстар жасалмайды.
Осы жарияланымда қамтылған ақпарат Қазақстанның тұлғаларына немесе ұйымдарына немесе олардың пайдасына бағалы қағаздарды сату, сатып алу, айырбастау немесе басқаша беру туралы ұсыныс немесе ұсынуға шақыру болып табылмайды, егер аталған тұлғалар немесе ұйымдар Қазақстан заңнамасына және осындай құқықтық қабілетті реттейтін кез келген қолданылатын басқа да заңдарға сәйкес мұндай әрекеттерге ие болмаса. Осы жарияланымды Қазақстан аумағында және Қазақстан заңнамасының мақсаттары үшін жарнама (яғни, Банк пен оның тауарларына, тауарлық белгілеріне, жұмыстарына, қызметтеріне және/немесе бағалы қағаздарына қызығушылық тудыру немесе сақтауға, оларды сатуды дамытуға, жасауға бағытталған кез келген нысанда таратылатын және орналастырылатын, шектеусіз адамдар тобына арналған ақпарат) деп және мұндай жарнама Қазақстан заңнамасының талаптарына толық сәйкес келмеген жағдайда, қарауға болмайды.
Бірлескен жаһандық координаторлар ретінде Citigroup Global Markets Limited те, J.P. Morgan Securities plc де, «Halyk Finance» АҚ да (бірлесіп – «Бірлескен жаһандық координаторлар» деп аталады), Банк те, Сатушы акционер де, олардың қандай да бір үлестес тұлғалары да, олардың қандай да бір директорлары да, лауазымдық тұлғалары да, қызметкерлері де, кеңесшілері де немесе агенттері де қандай да бір мәміле осы жарияланымда көрсетілген талаптарға немесе тәртіпке сәйкес жүргізілгені немесе жүргізілу мүмкіндігі туралы немесе, олар болған жағдайда, алдағы болжамдардың, басшылық мақсаттарының, бағалаудың, перспективалардың немесе кірістіліктің орындалуы немесе негізділігі туралы қандай да бір нақты немесе болжамды растаулар немесе кепілдіктер бермейді.
Бірлескен жаһандық координаторлардың ешқайсысы да, олардың ешқандай үлестес тұлғалары, сондай-ақ директорлары, лауазымды тұлғалары, қызметкерлері немесе агенттері осы жарияланымның мазмұны үшін немесе Ұсынысқа қатысты Банк жасаған немесе оның атынан жасалуы мүмкін қандай да бір растаулар үшін жауап бермейді. Сәйкесінше, Бірлескен жаһандық координаторлар және олардың әрбір үлестес тұлғасы шартты бұзудан туындаса да немесе осы жарияланымға немесе кез келген осындай растауға қатысты туындауы мүмкін құқық бұзушылыққа қарамастан қандай да бір жауапкершіліктен бас тартады. Бірлескен жаһандық координаторлардың немесе олардың үлестес тұлғаларының ешқайсысы да осы жарияланымда берілген ақпараттың дәлдігі мен толықтығына қатысты қандай да бір нақты немесе болжамды растаулар немесе кепілдіктер бермейді.
Citigroup Global Markets Limited және J.P. Morgan Securities plc әрқайсысына Ұлыбританияның пруденциалдық реттеу басқармасы («PRA») өкілеттік берген және Ұлыбританияның қаржылық реттеу және қадағалау басқармасы («FCA») және PRA реттейді. «Halyk Finance» АҚ-ға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті өкілеттік беріп, оның қызметін реттейді.
Бірлескен жаһандық координаторлар Ұсынысқа қатысты ешкімнің атынан емес, тек Банктің және Сатушы акционердің мүддесінде әрекет етеді. Олар басқа ешқандай тұлғаларды Ұсынысқа қатысты өз клиенттері ретінде қарастырмайды және Банк пен Сатушы акционерден басқа ешкімнің алдында олардың клиенттері үшін көзделген қорғауды ұсыну үшін, сонымен қатар Ұсынысқа, осы жарияланымның мазмұнына немесе қандай да бір мәлілелерге, уағдаластыққа немесе осы жарияланымда сөз болған өзге мәселелерге қатысты кеңес беру үшін жауапкершілік арқаламайды.
Ұсынысқа байланысты Бірлескен жаһандық координаторлар және инвесторлар ретінде өз атынан әрекет ете отырып, олардың кез келген үлестес тұлғалары Ұсынылатын ЖДҚ-ны және/немесе Жергілікті нарықта ұсынылатын акцияларды сатып алуы мүмкін, және осы ретте өз атынан осындай ЖДҚ-ны, Акцияларды және Банктің басқа де бағалы қағаздарды немесе Ұсынысқа байланысты ұстап тұруға, сатып алуға, сатуға, сауда-саттыққа ұсынуға немесе басқа да жолмен билік етуге немесе Ұсынысқа байланысты инвестиция жасауға немесе басқа жолмен пайдалануға рұқсат етіледі. Сәйкесінше, Ұсыныс туралы алдын ала меморандумда Ұсынылатын ЖДҚ-ны және Жергілікті нарықта ұсынылатын акцияларды шығаруға, ұсынуға, сатыпа алуға, жазылым бойынша орналастыруға немесе Ұсынылатын ЖДҚ-ны және Жерігілкті нарықта ұсынылатын акцияларды басқаша да қолдануына сілтемелерді Бірлескен жаһандық координаторлар және инвестор ретінде өз атынан әрекет ететін кез келген олардың үлестес тұлғалары тарапынан кез келген шығарылымды немесе ұсынысты, жазылым бойынша орналастыруды, сатып алуды, орналастыруды басқаша да қолдануды қамтиды деп түсіну қажет. Бірлескен жаһандық координаторлар кез келген заңнамалық немесе нормативтік талаптарға сәйкес талап етілетін жағдайларды қоспағанда, мұндай инвестициялардың немесе мәмілелердің көлемін ашуды көздемейді. Бұған қоса, Бірлескен жаһандық координаторлардың кейбірі немесе олардың үлестес тұлғалары инвесторлармен қаржы келісімдерін (своптарды немесе айырмашылық келісімшарттарын қоса алғанда) жасай алады, соған байланысты мұндай Бірлескен жаһандық координаторлар (немесе олардың үлестес тұлғалары) Ұсынылған ЖДҚ-ны және/немесе Жергілікті ұсынылатын Акцияларды арасында сатып ала алады, сақтай алады немесе билік ете алады (мән-жайларға байланысты). Бірлескен жаһандық координаторлардың ешқайсысы кез келген заңнамалық немесе нормативтік талаптарға сәйкес талап етілетін жағдайларды қоспағанда, мұндай инвестициялардың немесе мәмілелердің көлемін ашуды көздемейді.
Егер басқасы көрсетілмесе, нарық, сала және бәсекелестік ұстаным туралы деректер бағалау ретінде көрсетілген (және сәйкесінше болжамды болып табылады) және сақтықпен қаралуы керек. Мұндай ақпарат тексерілген жоқ және тәуелсіз расталған жоқ, Банк, Сатушы акционер немесе Бірлескен жаһандық координаторлар оның негізі болған негізгі экономикалық болжамдарды тексермеді.
Түсініспеушіліктерді болдырмас үшін Банк веб-сайтының немесе Банк веб-сайтымен тікелей немесе жанама байланысты кез келген веб-сайттың мазмұны және оның бір бөлігі болып табылмайды.
Бірлескен жаһандық координаторлар, Сатушы акционер және Банк, қолданыстағы заңнамамен барынша жол берілген шамада, 2000 жылғы өзгерістерімен Қаржы қызметтері және нарықтары туралы заңға («FSMA») FCA белгілеген Ұлыбританияның листинг туралы қағидаларын (UK Listing Rules) қоса алғанда, бірақ шектелмей, қолданыстағы заңнамаға немесе нормативтік актілерге сәйкес, (ЕU) нарығында теріс пайдалану туралы № 596/2014 ережеге («EU MAR») және түзетулерімен және толықтыруларымен бірге 2018 жылғы Еуропалық одақтан шығу туралы заңға сәйкес Ұлыбритания заңнамасының бір бөлігі болып табылатын, EU MAR британдық нұсқасына, Ақпарат ашу жөніндегі нұсқаулыққа және FSMA-ға сәйкес FCA белгілеген Ашықтық қағидаларына (Disclosure Guidance and Transparency Rules), Лондон қор биржаларының биржи (London Stock Exchange plc) немесе FCA қағидаларына сәйкес Банк мұны жасауға міндетті болатын жағдайларды қоспағанда, жаңа ақпараттың пайда болуы, болашақ оқиғалар немесе өзге мән-жайлар салдарынан болсын осы жарияланымда қамтылған қандай да бір болжамдық мәлімдемелерді жаңарту, қайта қарау немесе түзету бойынша қандайда да бір міндеттен немесе міндеттерден тікелей бас тартады.