Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі

Баспасөз орталығы

29.01.2024

«Air Astana» АҚ-дан IPO акцияларына өтінім беру процесі басталды

2024 жылғы 29 қаңтарда Орталық Азия және Кавказ өңірлеріндегі ірі әуе компаниялары тобы «Air Astana» АҚ листинг рәсімінің басталғаны туралы хабарлап, баға диапазонын жариялады. Қазақстанда алғашқы жария ұсыныс («Ұсыныс») шеңберінде инвесторларға  KASE-де (акциялар) және AIX-те (акциялар және ЖДҚ) компанияның бағалы қағаздары ұсынылады.

ЖДҚ бағасы 8,50 АҚШ долларынан 11,00 АҚШ долларына дейін және бір акция үшін 2,13 АҚШ долларынан 2,75 АҚШ долларына дейін болады. KASE және AIX-те акцияларды сатып алуға инвесторлардың өтінімдері теңгемен берілуі тиіс.

Ұсыныс нәтижесінде еркін айналыстағы компанияның бағалы қағаздарының саны «Air Astana» АҚ орналастырылған акцияларының жалпы санының кемінде 25 %-ын құрауы тиіс деп күтілуде.

Жергілікті ұсыныстың бағалы қағаздары Қазақстандағы институционалдық және жеке инвесторларға AIX (ЖДҚ және акциялар) және KASE (тек акциялар) алаңдарында ұсынылады. Ұсыныстың түпкілікті бағасы, сондай-ақ Ұсыныс шеңберінде сатылатын ЖДҚ мен акциялардың ең көп саны өтінімдер кітабын (букбилдинг) қалыптастыру аяқталғаннан кейін айқындалады. Сондай-ақ «Air Astana» АҚ менеджментінің роуд-шоуы 2024 жылғы 29 қаңтарда басталғаны хабарланды. Толығырақ сілтемеден біле аласыз.

Естеріңізге сала кетейік, Halyk клиенттері Halyk Invest сервисі арқылы сатып алуға өтінімдер жинау кезеңінде кез келген бағалы қағаздардың қажетті санын сатып алуға өтінім бере алады. Ол үшін болашақ инвесторлар:

  • Halyk қосымшасының Halyk Invest бөліміне кіруі;
  • брокерлік шартқа қосылу туралы онлайн өтінішке қол қоюы;
  • автоматты құрылған инвестициялық шотты толықтыруы;
  • «Не сатып аласыз» бөлімінде IPO және SPO қосымша бетін ашуы;
  • IPO-ға қатысу үшін қажет компанияны/құралды таңдауы
  • өтінім беріп, ықтимал аллокацияны күтуі керек.