Баспасөз орталығы
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер туралы
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) Банктің Директорлар кеңесі Александр Сергеевич Павловтың 2025 жылғы 1 мамырдан бастап Банктің Директорлар кеңесінің Төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жазбаша хабарламасын қарағанын хабарлайды.
Александр Сергеевич өзінің жұмысы барысында Банктің дамуына зор үлес қосқан ірі тұлға, оның жетекшілік етуімен маңызды стратегиялық мақсаттарға қол жеткізілді, корпоративтік басқару мен орнықты дамудың үздік халықаралық стандарттары енгізілді, Директорлар кеңесінің, Ішкі аудит қызметінің және Корпоративтік хатшының тиімді жұмысы қамтамасыз етілді.
2025 жылғы 30 сәуірде Директорлар кеңесінің жүзбе-жүз отырысында тәуелсіз директор Арман Ғалиасқарұлы Дунаев 1 (бір) жыл өкілеттік мерзіммен Банктің Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы болып сайланды, бұл өкілетті мерзім 2025 жылғы 1 мамырдан басталып, акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілетін сәтте аяқталады, сол жиналыста Банктің Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланады.
Арман Ғалиасқарұлының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы сияқты жауапты мемлекеттік лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар. Қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда басшылық позицияларда жұмыс істеді. А.Ғ. Дунаев қазіргі уақытта Банктің бірқатар еншілес ұйымдарында Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
Осылайша, бүгінгі таңда Банктің Директорлар кеңесі жеті адамнан тұрады:
- Арман Галиаскарович Дунаев – Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;
- Жаксыбек Абдрахметович Кулекеев – тәуелсіз директор;
- Франк Кайларс – тәуелсіз директор;
- Жомарт Досанкулович Нурабаев – «Холдинговая группа «АЛМЭКС» АҚ өкілі;
- Петр Романовски – тәуелсіз директор;
- Герман Тишендорф – тәуелсіз директор;
- Умут Болатхановна Шаяхметова – Басқарма Төрағасы.
Банк туралы:
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk Bank) – өз қызметін 100 жылдан астам жүргізіп келе жатқан жүйе құраушы әмбебап коммерциялық банк. Банк банктік, сақтандыру және лизингтік қызметтердің, брокерлік қызметтердің, активтерді басқару және өмір салты қызметтерінің (лайфстайл) кең түрлерін ұсынатын Қазақстанның ең сенімді және әртараптандырылған қаржы институттарының бірі болып табылады.
Halyk Bank Қазақстан қор биржасында (KASE) 1998 жылдан бастап, Лондон қор биржасында (LSE) 2006 жылдан бастап және Астана Халықаралық биржасында (AIX) 2019 жылдан бастап листингтен өтті.
Halyk Bank – 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жиынтық активтері шамамен 18,5 трлн теңгені құрайтын Қазақстанның ірі банкі. Банктің үлесіне Қазақстанның коммерциялық банктері арасында экономиканың нақты секторын кредиттеудің 50% - дан астамы тиесілі. Halyk Bank-тің клиенттер базасы елімізде ең ірі болып табылады және оның 542 бөлімшесі мен филиалы бар. Сонымен қатар, Halyk Bank өз қызметін Грузия мен Өзбекстанда жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта халықаралық рейтингтік агенттіктер Банктің сенімділігі мен тұрақтылығын жоғары бағалайды:
- Moody's Investors Service: Baa1 (болжам – тұрақты);
- Standard and Poor`s: BBB- (болжам – тұр ақты);
- Fitch Ratings: BBB- (болжам – тұрақты).
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі