Баспасөз орталығы
Halyk өңірдегі 17 елдің ішінде жүргізушілерге арналған алғашқы Жанармай бизнес картасын ұсынады
Құрметті клиенттер!
Visa компаниясының цифрлық төлемдер индустриясының әлемдік көшбасшысымен серіктестікте жаңа Visa Fleet Жанармай бизнес-картасының іске қосылғаны туралы хабарлаймыз. Бұл Қазақстан, Украина, Грузия, ТМД елдері және Оңтүстік Шығыс Еуропа сияқты 17 елді қамтитын өңірдегі алғашқы өнім.
Visa Fleet Жанармай бизнес-картасы шағын және орта бизнес иелеріне бизнестің автопарк шығындарын тиімді басқаруға көмектеседі. 2025 жылғы 4 сәуірден бастап банк клиенттері жанар-жағармай материалдарын сатып алу және автопаркке қызмет көрсету үшін жаңа төлем шешімін пайдалана алады.
Visa Fleet-тің негізгі артықшылықтары:
- Цифрлық картаны лезде шығару және бірнеше минут ішінде Onlinebank мобильді қосымшасында жүргізушілерді тіркеу,
- Жүргізуші балансын толтыру,
- Бизнес иелерінің мобильді қосымша арқылы қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауы және транзакцияларға лимиттер белгілеуі,
- Жүргізушілер картасын нақты уақыт режимінде, тәулік бойы, онлайн режимінде 365 күн толтыру,
- Әлемнің кез келген жанармай құю станциясында байланыссыз операциялар, соның ішінде Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay және Garmin Pay арқылы жүргізу мүмкіндігі.
Шағын және орта бизнес иелері Onlinebank мобильді қосымшасында картаны шығарып, бірінші жылы тегін қызмет көрсетуге қол жеткізе алады. Жақын арада өнімді веб-платформада жасау және қосымша мүмкіндіктер қосу жоспарланып отыр.
Құрметпен,
Halyk