Баспасөз орталығы
Төлем картасын шығару және қызмет көрсету туралы қосылу шартына өзгерістер енгізу туралы
Құрметті Банк клиенттері!
Сіздерге Төлем картасын шығару және қызмет көрсету туралы қосылу шартына (бұдан әрі – Шарт) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні туралы хабарлаймыз:
1. Бір клиентке шығарылатын карталар саны бойынша лимиттерге өзгерістер енгізілді:
- жәрдемақыға арналған Арнайы шоттар бойынша – 2 (екі) картадан аспайды;
- төлем карталары (жәрдемақыға арналған Арнайы шоттар бойынша карталарды қоспағанда) бойынша – 9 (тоғыз) картадан аспайды. Бұл ретте Банк әрбір карталық өнім бойынша шығарылатын карталар бойынша қосымша лимиттер белгілеуге құқылы;
2. Шарт клиенттің Банкке телефон арқылы кез келген өтінішін Банк жазу құрылғысының көмегімен тіркей алатын талабымен толықтырылды. Жазба тараптар арасындағы дауларды шешу, дауыстық қызмет көрсету арналарында клиенттердің тәжірибесін жақсарту, сондай-ақ дауыстық қызмет көрсету арналарында клиенттерге қызмет көрсету сапасын бақылауды талдау мақсатында пайдаланылуы мүмкін.
3. Шарт:
1) клиент шотты қолма-қол ақшамен немесе аударым жіберу арқылы толықтырған кезде ақша шотқа есептелгенге дейін толықтыру сомасы есебінен клиенттің Банк алдындағы кез келген міндеттемелері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақшаны алып қоюға құқығы бар үшінші тұлғалардың нұсқаулары бойынша берешегін өтеу;
2) клиенттен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Банктің ішкі нормативтік құжаттарында және рәсімдерінде көзделген және (немесе) халықаралық экономикалық санкцияларда белгіленген талаптарды орындау шеңберінде мәліметтер мен құжаттарды ұсынуды талап ету;
3) мына жағдайларда:
- клиент карталарды шығару бойынша лимиттерді бұзған жағдайда
- 12 (он екі) айдан астам шот бойынша ақша қозғалысы (кіріс және/немесе шығыс төлемдер мен ақша аударымдары) болмаған кезде картаны уақытша бұғаттау (оның ішінде оны кейіннен алу құқығымен) және қажет болған жағдайда Интернет-банкингте жұмыс істеуін шектеу туралы Банк құқығымен толықтырылды.
Шартқа өзгерістер 2024 жылғы 2 қазаннан бастап күшіне енеді.
Шарттағы өзгерістермен келіспеген жағдайда, сіз Банк бөлімшесіне жазбаша өтініш беру арқылы Шарттан бас тартуға құқығыңыз бар.