Баспасөз орталығы
Onlinebank жүйесінде 2025 жылғы 31 желтоқсаннан 2026 жылғы 05 қаңтарға дейінгі төлемдерді жүргізу кестесі (Астана қ. уақыты бойынша)
Құрметті клиенттер!
Onlinebank жүйесінде 2025 жылғы 31 желтоқсаннан 2026 жылғы 05 қаңтарға дейінгі демалыс және мереке күндерінде төлемдерді (оның ішінде шетел валютасындағы төлемдерді) жүргізу кестесін жолдаймыз.
Егер сіздің компанияңыз шетелдік серіктестермен жұмыс істейтін болса, төлемдерді жіберу кезінде валюталандырудың дұрыс күнін көрсету үшін халықаралық елдердің мерекелік күндер кестесіне назар аударуыңызды сұраймыз (Қосымша: Халықаралық елдердің мерекелік күндер кестесі).
2025 жылғы 31 желтоқсанда жалақы төлеу және контрагенттермен өзара есеп айырысуларды аяқтау төменде көрсетілген кестеге сәйкес жүргізілуі қажет.
Halyk Bank ішіндегі операциялар:
- 2025 жылғы 31 желтоқсанда сағат 23:00-ге дейін қолжетімді;
- 2026 жылғы 3 қаңтарда сағат 9:00-ден бастап қолжетімді.
Басқа банктердің реквизиттері бойынша операциялар:
- 2025 жылғы 31 желтоқсанда сағат 19:45-ке дейін қолжетімді;
- 2026 жылғы 5 қаңтарда сағат 9:00-ден бастап қолжетімді.
Ағымдағы шоттар бойынша үзінді көшірмелер Onlinebank жүйесінде қолжетімді:
- 31.12.2025 күнгі үзінді көшірме 2026 жылғы 3 қаңтардан бастап қолжетімді болады;
- 2026 жылғы 4 қаңтардан бастап үзінді көшірмелер қалыпты режимде қолжетімді.
Корпоративтік карталар мен POS-терминалдар бойынша үзінді көшірмелер қалыпты режимде қолжетімді.
POS-терминалдар / Halyk POS / Halyk QR арқылы төлем сомаларын өтеу:
- 2025 жылғы 31 желтоқсан үшін өтеу күні: Halyk Bank шоттарына — 2026 жылғы 3 қаңтар, басқа екінші деңгейлі банктердің шоттарына — 2026 жылғы 5 қаңтар;
- 2026 жылғы 1–3 қаңтар үшін өтеу күні: Halyk Bank шоттарына — 2026 жылғы 4 қаңтар, басқа екінші деңгейлі банктердің шоттарына — 2026 жылғы 5 қаңтар.
Касса және Автокасса:
- 2025 жылғы 31 желтоқсанда сағат 12:00-ге дейін қолжетімді;
- 2026 жылғы 5 қаңтарда сағат 09:00-ден бастап қолжетімді.
Халықаралық елдердің мерекелік күндер кестесі (шетел валютасы бойынша). Толығырақ
Жаңа жылдарыңызбен!
Бізбен бірге болғаныңыз үшін рақмет!
Құрметпен, Halyk