Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

24.12.2025

Жеке тұлғаларға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, сейфтік операцияларды жүргізу және Halyk SuperApp операциялары бойынша тарифтердің жаңартылатыны туралы хабарлаймыз

Құрметті клиенттер!

Соңғы екі жыл ішінде Банк тарифтері өзгермеген еді. Олар нарықтық жағдайларға байланысты жаңартылмақшы және Банк сервисінің жоғары деңгейін және сенімділігін сақтауға бағытталған.

Банк ішіндегі және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне аударымдар бойынша тарифтер өзгеріссіз қалатынын атап өту маңызды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жекелеген банк қызметтеріне қосылған құн салығы салынатынына назар аударамыз. Осы күннен бастап ҚҚС мөлшерлемесі 16% құрайды. Барлық тарифтер ҚҚС ескере отырып көрсетілген.

Жаңартылған тарифтер «Жеке тұлғаларға арналған тарифтер» бөлімінде орналастырылған және 2026 жылғы 26 наурыздан бастап күшіне енетін аударымдар бойынша тарифтерді қоспағанда, 2026 жылғы 3 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Сенім білдіргеніңізге рақмет айтамыз. Біз сіздің ынтымақтастығыңызды бағалаймыз және банк қызметтерін ыңғайлы әрі қолжетімді ету үшін әрі қарай жұмыс істейміз.


Сіздің Halyk