Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

ТЖ. Сұраққа жауап

Бұл бетте жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар жинақталған. Ақпарат үнемі жаңартылып отырады. Жаңалықтарды назардан тыс қалдырмаңыз!

Банк бөлімшелеріндегі және Halyk Homebank қосымшасындағы операциялар мен сервистер туралы ақпарат

  • Halyk Homebank қосымшасындағы барлық операциялар мен сервистер штаттық режимде жұмыс істейді
  • Кредиттерді мерзімінен бұрын және жоспарлы өтеу штаттық режимде жүзеге асырылады*
  • Сейф ұяшықтарын жалға алу және олардың мерзімін ұзарту** штаттық режимде қолжетімді
  • Банкоматтардың қызметі жөнінде өзекті ақпаратты 7111 нөмірі бойынша немесе сілтеме бойынша білуге болады


*Кредитті бөлімшеде өтеу жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Halyk Homebank қосымшасында демалыс/мереке күндерінен бөлек, өтеу сағат 09:00-ден бастап 18:00-ге дейін қолжетімді

**Сейф ұяшықтарын жалдау төлемінің мерзімін кешіктіргені үшін айыппұлдар/өсімақы ТЖ кезінде толықтай жойылды 


Ескерту:

ҚР аумағында: Halyk Homebank қосымшасы интернетті бұғаттауға қарамастан, интернет (мобильдік интернет немесе wi-fi) қосулы тұрғанда қолжетімді және стандартты режимде жұмыс жасайды 

Шетелде: ТЖ енгізілуіне байланысты ҚР тарапынан қойылған шектеу салдарынан  Halyk Homebank қосымшасы уақытша қолжетімсіз.

Сұрақ-жауап

Зейнетақы мен жәрдемақы карталық шотқа қашан есептеледі?

Ағымдағы кезең үшін барлық зейнетақы мен жәрдемақы 2022 жылғы 11 қаңтарда есептелді.

Алматы қаласындағы Halyk Bank бөлімшелері өз жұмысын қашан бастайды?

Бүгінгі таңда Алматы қаласында Halyk Bank-тің 59 бөлімшесі жұмыс жасауда. Бөлімшелер тізімімен және олардың жұмыс кестесімен мына жерде толығырақ таныса аласыз

Алматы қаласында қай банкоматтар жұмыс жасайды?

Банктоматтар жұмысы туралы өзекті ақпаратты мына жерден біле аласыз

Талдықорған қаласындағы бөлімшелер қашан ашылады?

Қазіргі уақытта Талдықорған қаласында Halyk Bank-тің 28 бөлімшесі жұмыс жасауда. Бөлімшелер тізімімен және олардың жұмыс кестесімен мына жерде таныса аласыз.

Сейф ұяшықтарына зақым келтірілген жоқ па?

Барлық сейфтік депозитарийлер өз қалпында.

Сейф ұяшығына қашан қол жеткізуіме болады?

Сейфтік депозитарийлердің қызметі тікелей банк бөлімшесі жұмысының мәртебесіне байланысты. Бөлімшелер тізімімен мына жерде толығырақ таныса аласыз.

Кредит/бөліп төлеу бойынша ай сайынғы төлемім ТЖ уақытына сәйкес келді. Айыппұл/өсімақы есептеледі ме?

Жоқ, есептелмейді. 05.01.2022 бастап 19.01.2022 (қоса алғанда) дейінгі аралықта Банк бөлшек кредиттердің барлық түрлері бойынша айыппұл/өсімпұл есептемейді. Егер техникалық себептермен Сізге айыппұл/өсімпұл есептелген болса, Банк олардың күшін жояды. Соған қоса, Сіз айыппұлды/өсімпұлды өтеген болсаңыз, Банк шегерілген айыппұл/өсімпұл сомаларын қайтарады және кредит бойынша кезекті төлемді өтеуге жібереді.

ТЖ кезінде менде төлем мерзімін өткізу пайда болды, бұл менің кредиттік тарихыма ықпал ете ме?

Жоқ, ықпал етпейді. Банк мерзімін өткізу туралы ақпаратты кредиттік бюроға тапсырмайды.

Кредит бойынша ай сайынғы төлемнің мерзімін қалай ұзартуға болады?

Төлем мерзімін ұзарту бойынша өтініштер сатудан кейінгі қызмет көрсету орталықтарында/аудандық басқармаларда жеке тәртіпте қаралады. Бұл ретте Банк кестені өзгертуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді алмайды. Төлем мерзімін ұзартуды растау ретінде ТЖ режиміне байланысты қаржылық жағдайының нашарлағаны туралы растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Halyk Light картасы бойынша менің ай сайынғы төлемім ТЖ кезінде түсті. Айыппұл/өсімпұл есептеле ме?

Барлық кредиттік карталар және Halyk Light бөліп төлеу карталары бойынша 05.01.2022 ж.бастап 19.01.2022 ж. дейінгі кезең үшін есептелген және өтелмеген / өтелген өсімпұлдарды реттеу ақпанның бірінші онкүндігінде жүзеге асырылады.

Банк төтенше жағдай кезеңінде құтқару операцияларына қатысқан қаза тапқан құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтер қызметкерлерінің кредиттері/кредиттік карталары бойынша берешекті толық көлемде есептен шығарады. Қазіргі уақытта тізімдер әзірленуде.

ҚР Ұлттық Банкінен алынған ақпараттық хабарламаға, сондай-ақ Ұлттық Банктің 09.01.2021 жылғы Қаулысына сәйкес, интернеттің тұрақсыз жұмысына және Алматы мен басқа өңірлерде жалғасып жатқан терроризмге қарсы операцияға байланысты банк жүйесін қалпына келтіру халық пен бизнес үшін банк сервистерінің басымдығы мен әлеуметтік маңыздылығын негізге ала отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.


Ақпарат 18.01.2022 ж. жағдай бойынша әзірленді.


Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!


#СилавЕдинстве!

#КүшімізБірлікте!

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде