Кепілдіктер

Банктік кепілдік деген не?
Банктік кепілдік — серіктес шарт/келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін тиісті түрде орындамаған жағдайда тапсырыс берушіге келісімшарт бойынша ақшалай қаражат төлеуге берілген банктің жазбаша міндеттемесі
Ақшалай өтемі бар кепілдікті қалай алуға болады?
Ақшалай өтемі бар кепілдікті (өтелген кепілдік) алу үшін:
• Банкте шот ашу керек;
• қажетті құжаттар топтамасын ұсыну керек;
• Банкпен келісім жасау керек.

Кепілдіктер шығару бойынша Сіз:
• Банктің кез келген бөлімшесіне өтініш білдіре аласыз;
• Банктің сайтына жылдам өтініш жібере аласыз, сізге маман өзі қоңырау шалып барлық мәселелер бойынша кеңес береді: https://halykbank.kz/business/garanty;
• мына байланыс нөмірлері бойынша хабарласа аласыз: +7 (727) 2597-227, моб. 9595
Ақшалай өтемсіз тендерлік кепілдікті қалай алуға болады?
Ақшалай өтемсіз кепілдікті (өтелмеген кепілдік) алу үшін:
• кредит желісінің немесе кепіл мүлкінің болуы керек;
• Банкте шот ашу керек;
• қажетті құжаттар топтамасын ұсыну керек;
• Банкпен келісім жасау керек.

Кепілдіктер шығару бойынша Сіз:
• Банктің кез келген бөлімшесіне өтініш білдіре аласыз;
• Банктің сайтына жылдам өтініш жібере аласыз, сізге маман өзі қоңырау шалып барлық мәселелер бойынша кеңес береді: https://halykbank.kz/business/garanty;
• мына байланыс нөмірлері бойынша хабарласа аласыз: +7 (727) 2597-227, моб. 9595
Кепілдіктер бойынша комиссияның мөлшері қандай?
•Өтелген тендерлік кепілдік шығару:
1) 100 мың теңгеге дейін - 5 000 теңге;
2) 100 мың теңгеден жоғары - 0,2% (мин. 10 000 теңге/макс. 58 000 теңге);
• Бланктік тендерлік кепілдік шығару:
1) 5 млн. теңгеге дейін - 1,75% (мин. 10 000 теңге)
2) 5 млн. теңгеден жоғары - 1,5% (макс. 150 000 теңге);
•(өтелген/бланктік тендерлік кепілдіктерді қоспағанда) кепілдік шығару:
0,2% (мин. 15 000 теңге/макс. 150 000 теңге)

* өтелмеген кепілдіктер бойынша кредит тәуекелдері үшін комиссия қосымша алынады
Кепілдікті шығару тәсілдері қандай?
кепілдік шығаруға өтініш жіберу арқылы:
• Onlinebank арқылы - Басты мәзір - Кепілдіктер - Жасау
• Банк бөлімшесіне өтініш білдіру арқылы
Кепілдікті қалай жабуға/күшін жоюға болады?
Кепілдіктің күшін жою (мерзімінен бұрын жабу) үшін мына құжаттардың біреуін алу қажет:

• кепілдіктің түпнұсқасы (қағаз тасығышта кепілдік шығарғанда) және/немесе кепілдіктің күшін жоюға келісімі туралы Бенефициардың хаты (хатқа қол қойған тұлғалардың өкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмесімен сүйемелденетін) немесе Бенефициардың кепілдіктің күшін жою келісімі туралы Бенефициар банктің аутентификацияланған SWIFT берілген растамасы;
• өткізілмеген конкурс/тендер туралы қол қойылған хаттама (тендерлік кепілдік шығарғанда).

zakup.sk.kz, goszakup.gov.kz, eep.mitwork.kz, fms.ecc.kz порталдарында шығарылған электрондық банктік кепілдіктердің күшін жою үшін:
• web порталда Бенефициарлардан күшін жою қажеттілігі туралы хат (хабарлама) алу;
•өткізілмеген конкурс/тендер туралы хаттама алу.
Банктік кепілдік бойынша арнайы терминдер?
Аппликант/Принципал - бұл банкке кепілдік шығаруға өтініш беретін компания;
Бенефициар – бұл тұлға, оның пайдасына кепілдік шығарылады және принципал міндеттемелерді орындамаған жағдайда кепілгер банк төлем жүргізеді.
Бланктік тендерлік кепілдік үшін қайда жүгіну керек?
Бланктік тендерлік кепілдіктер шығару бойынша Сіз Банктің кез келген бөлімшесіне өтініш білдіруіңіз керек.
(байланыс телефоны: +7 (727) 2597-227, ұялы 9595)
Кепілдік алу үшін Onlinebank арқылы өтініш беруге болады ма?
Иә, Onlinebank арқылы өтініш жіберу арқылы өтелген кепілдіктер шығарылуы мүмкін

Банк өнімдері бойынша қажетті ақпараттың барлығын сіз сілтеме бойынша көре аласыз
Подробнее
Банк тендерге қатысу үшін электрондық кепілдіктер шығарады ма?
Банк электрондық банктік кепілдіктерді:
• Мемлекеттік сатып алулар веб-порталында
• Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ электрондық сатып алулар порталында
• Евразиялық электрондық порталда
• СК-Фармация ЖШС-нің электрондық сатып алулар порталында шығарады