Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

17.11.2022

Тәжікстандағы еншілес ұйымның 100% акциясын сату жөнінде келісім жасау туралы

«Қазақстан Халық Жинақ Банкі» акционерлік қоғамы (LSE: HSBK; KASE: HSBK, HSBKd; AIX: HSBK, HSBK.Y) «Тәжікстан Халықаралық Банкі» ЖАҚ-пен «Халық Банк Тәжікстан» ЖАҚ акцияларының 100%-ын сату туралы келісім жасалғаны туралы хабарлайды.

«Тәжікстан Халықаралық Банкі» ЖАҚ барлық қажетті реттеушілік мақұлдауларды алды. Мәміле 2022 жылдың желтоқсанында аяқталады деп күтілуде.

Мәміле барысында және барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін Банк бұрын жасалған келісімдердің талаптарына сәйкес банктік қызмет көрсетудің барлық түрлерін ұсына отырып, жұмысын және клиенттердің қызмет көрсетуді әдеттегідей жалғастырады.

***

Народный Банк Казахстана – бөлшек бизнес, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер мен активтерді басқаруды қоса алғанда түрлі сегменттерде операциялар жүргізетін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банк 1998 жылдан бері Қазақстан Қор Биржасында, 2006 жылдан бері Лондон Қор Биржасында, 2019 жылғы қазаннан бастап Astana International Exchange биржасында листингке ие.

Банк 2022ж. 30 маусымдағы жағдай бойынша 13,735.6 млрд. теңге мөлшерінде активтерге ие бола отырып, Қазақстандағы жетекші кредит ұйымы болып табылады. Банк ең ірі клиенттік базаға және филиалдар желісіне – ел бойынша 577 филиал мен бөлімшеге ие. Банк сондай-ақ Грузияда, Қырғызстанда, Ресей мен Тәжікстанда операциялар жүргізеді.

Тәжікстан халықаралық банкі - жеке және заңды тұлғаларға заманауи банктік өнімдер мен қызметтердің кең спектрін ұсынатын, банк қызметтерінің филиалдары мен орталықтарының кең желісі бар Тәжікстан Республикасының табысты банктерінің бірі. Оның клиенттерінің кредит алуға, тиімді талаптармен ақша салуға, электрондық әмияндарға және IBT24 мобильді банкингтің басқа қызметтеріне қол жеткізуге, ішкі және халықаралық банк карталарын пайдалануға мүмкіндігі бар.

 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 330 17 19, | pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде