Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

08.01.2022

Жұмабек Мамұтов: "Біздің әрбір қадам отандастарымызға қамқор болу үшін жасалады", - Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары банктің қазіргі жағдайы мен жұмысы туралы айтып берді

- Бірінші кезекте, Halyk Bank атынан терроризмге қарсы операциялар барысында қаза тапқан құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет қызметшілерінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Олар өздерінің кәсіби міндеттерін соңына дейін қайсарлықпен атқарды.

Банк Басқармасы қаза тапқандардың бізде ресімделген барлық кредиттерін есептен шығару туралы шешім қабылдады, қаза тапқандардың әр отбасына қосымша 5 миллион теңгеден бөлінеді. Бұл біздің азаматтық парызымыз. Біздің қабылдаған шешімнен еліміздің барлық жетекші қаржы институттары мен компаниялары үлгі алады деп сенеміз.

Бүгінгі күннің батырларына тағзым…

Сонымен қатар, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ҚР екінші деңгейдегі банктеріне қызмет көрсетуді тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасы бойынша Halyk Homebank мобильді қосымшасының жұмысы іске қосылды. Бұл Бағдад Мусиннің басшылығымен ҚР цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен мүмкін болды.

Мұның бәрі біздің азаматтарымызға жасалған қамқорлығымыз. Олар өздерінің қаржылық жағдайы да қорғаулы болуын сезінуі керек. Көптеген өңірлерде Halyk Bank-тің банкоматтарында қолма-қол ақшаны қамтамасыз ету бойынша жұмысын тұрақтандыру басталды, олар қазіргі уақытта ҚР ІІМ қолдауымен белсенді түрде инкассаланады.

Клиенттердің қаржы қызметтеріне қол жеткізу қажеттілігінің маңыздылығын назарға ала отырып, банк командасы және ЦДИАӨМ Halyk Bank Pos-терминалдары желісінде қолма-қол ақшасыз төлемдерді қалпына келтіру бойынша жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта төлемді жүргізуге болады:

  • Супермаркеттер желісінде (Magnum, Анвар, Дина гипермаркеті, Bakker, Южный және т. б.)
  • ЖҚБ желісінде (ҚазМұнайГаз, Sinoil, Qazaq Oil және т. б.)
  • Ірі дәріханалар желісінде (Europharma, Гиппократ, Садыхан және т. б.)

Біз Қазақстанның барлық өңірлері бойынша барлық Pos-терминалдық желінің жұмысын тезірек қалпына келтіру үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз.

Салымшыларымыздың депозиттері - біз үшін басты басымдық екенін атап өткім келеді. Салымшылар өз жинақтарының сақталуына алаңдамауы керек. Қазіргі уақытта интернеттің тұрақсыз жұмысына байланысты ақпарат алуға шектеулер болуы мүмкін. Салымдар бойынша барлық деректер тұрақты байланыс қалпына келтірілген сәттен бастап қолжетімді болады.

Сондай-ақ, 7 қаңтарда заңды тұлғалар Onlinebank сервисті пайдалану мүмкіндігіне ие болды, онымен қоса кәсіпкерлерге Halyk Bank жүйесінің ішінде 24/7 режимде 7, 8, 9 қаңтарда төлемдерді тегін жүзеге асыру, соның ішінде жалақыны есептеу мүмкіндік берілді.

Halyk Bank - төтенше жағдай кезінде елдің бірқатар өңірлерінде жұмысын жалғастырған және клиенттеріне қызмет көрсетуді тоқтатпаған жалғыз банк. Осылайша, біз осы қиын-қыстау кезеңде серіктестігіміз бен ынтымақтастығымызды көрсеттік.

Алдағы уақытта бәрі жақсы болады. Үрейленбеңіздер және арандатушылық мәлімдемелерге ермеңіздер. Бір-бірімізге және Президентімізге қолдау көрсетіңіздер. Бірлесе отырып біз бұл қиын сынақтан өтеміз.

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!


Өзекті ақпаратты банктің тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығынан 7111 нөмірі бойынша білуге болады.

Кәсіпкерлерге арналған байланыс орталығы тәулік бойы 9595 нөмірі бойынша жұмыс істейді.


Halyk Bank PR-қызметі

тел. +7 727 330 17 19 pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде