Баспасөз орталығы
Қазақстан Халық Банкі Банктің Директорлар кеңесінің Тәжікстан Республикасындағы «Халық Банк Тәжікстан» ЖАҚ еншілес банкін ерікті тарату туралы шешімін жариялайды
«Қазақстан Халық Жинақ Банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Банк») (LSE: HSBK; KASE: HSBK, HSBKd; AIX: HSBK, HSBK.Y) Банктің Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 30 шілдеде қабылданған Тәжікстан Республикасындағы «Халық Банк Тәжікстан» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ХБТ») еншілес банкін ерікті тарату туралы шешімін жариялайды.
Шешім еншілес банктің қызметін жан-жақты талдау және оның даму перспективасы негізінде қабылданды. Бизнестің неғұрлым перспективалы бағыттарын дамытудың стратегиялық қағидатына сәйкес Halyk тобы өз ресурстары мен Топтың күш-жігерін одан әрі өсу үшін үлкен әлеуеті бар тиімділігі жоғары және табысты жобаларға шоғырландыру мақсатында Тәжікстандағы жобадан шығу туралы шешім қабылдады.
ХБТ Halyk тобының құрамына 2017 жылы «Казкоммерцбанк» АҚ-ты сатып алу нәтижесінде кірді. 2021 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша Halyk тобының активтеріндегі ХБТ үлесі 0,03% құрайды.
Қазақстан Халық Банкі туралы
Қазақстан Халық Банкі – бөлшек сауда, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқаруды қоса алғанда, түрлі сегменттерде жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банктің 1998 жылдан бері Қазақстан Қор Биржасында, 2006 жылдан бері Лондон Қор Биржасында және 2019 жылғы қазаннан бастап Astana International Exchange листингі бар. 2021 жылғы 31 наурыздағы жағдайы бойынша 10 390 млрд. теңге мөлшеріндегі активтерге ие бола отырып, Банк Грузия, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанда жұмыс істейтін Қазақстанның жетекші қаржы ұйымы болып табылады. Банктің ең ірі клиенттер базасы мен филиалдық желісі – ел бойынша 640 филиал мен бөлімшелері бар.