Баспасөз орталығы

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына жататын тұрғындардың үйлерін газдандыру және газбен жабдықтау жүйесіне қосылу үшін пайызсыз кредит туралы

06.08.2020

Бүгінгі таңда қалада 2800-ге жуық жеке тұрғын үй газбен жабдықтау жүйесіне қосылмаған.

Осы жылдың басында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарының үйлерін газға қосу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы несие беру мүмкіндігін қарастыруды тапсырған. Әкімдіктің бұл бастамасын Halyk Bank басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова қолдаған еді.

Осыған байланысты әкімдіктің Halyk Bank-пен бірлескен жұмысы басталды. Бүгінгі таңда Банкпен Алматы қаласының тұрғындарына газды қосуға арналған пайызсыз кредит беру туралы келісімі жасалды.

«Бас кеңсесі Алматыда орналасқан Halyk Bank-те қаланың экологиялық жағдайына алаңдайды. Сондықтан, ақпан айында, қала әкімі Б.А.Сағынтаевтың халықпен есеп беру кездесуінен кейін біз бұл жобаны қолдауға дайын екенімізді мәлімдедік. COVID-19 коронавирус инфекциясының пандемиясы және одан кейінгі карантиннің енгізілуі бұл жобаны іске асыру мерзіміне түзетулер енгізгенімен, біз қала басшылығымен бірлесіп, жоба бойынша жұмысты жалғастырдық. Бүгін оны халыққа таныстыра отырып, бұл жобаның ауқымы кең екенін атап өткізіміз келеді. Яғни, жоба халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал санатына жататын және өз үйлерін газбен жабдықтағысы келетін басқа да қала тұрғындарын қамтиды. Біз көмірдің қаланың ауа тазалығына кері әсерін тигізетінін білеміз, сондықтан Halyk Bank өз кезегінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал санатына жататын тұрғындардың үйлерін газ желілеріне тегін қосу түрінде қолдау көрсетеді. Алматы әкімдігі ұсынған тізімдерге сәйкес, біз тұрғын үйге газды қосу және барлық қажетті газ жабдықтарды орнатуды да қаржыландыратын боламыз. Ал, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына кірмеген алматылықтар үшін біз 0% кредит ұсынамыз. Бұл біздің қаламыздың әуе бассейнін тазартуға қосқан үлкен үлесіміздің бірі», - деді Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев. 

Өткен жылдың тамыз айында әкімдік газбен жабдықтау жүйесіне қосылуына зәру халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына жататын тұрғындардың 210 мекенжайын анықтады. 210 мекенжайдың 148-і қосылған, ал қалған 62-і қосылмай қалған. Аудан әкімдіктері қосымша 30 тұрғынның мекенжайын анықтады, нәтижесінде Halyk Bank-ке 92 мекенжайдың тізімі (Алатау - 40, Бостандық - 6, Наурызбай - 46) берілді.

Halyk Bank табысы аз тұрғындарға қолдау көрсету және қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына жататын азаматтардың үйлеріне газ қосуға тегін көмек ұсынуда. Жұмыстың сметалық сомасы 60 миллион теңгеден асады.

Пайызсыз кредит алу үшін азаматтар келесі қадамдарды орындауы қажет:

- қажетті құжаттардың тізімімен кеңесу үшін аудан әкімдіктерімен байланысу қажет;

- газды қосудың техникалық шарттарын алу және қызметті ұсынатын компаниялармен  келісім жасау қажет;

- осы келісіммен кредит алу үшін келесі мекенжайлардағы Halyk Bank–тің екі филиалының біріне хабарласу қажет:

  • Түрксіб ауданы, Кунгурская көшесі, 2 үй, Halyk Bank, 131832 бөлімшесі;
  • Әуезов ауданы,  «Жетысу-4» шағын ауданы, 13 «А» үй, Halyk Bank, 30 ЖСО.


Тұрғындарға 0% мөлшерінде кредит беру бағдарламасы бойынша (Алматы қаласының әкімдіктің берген тізіміне сәйкес жеке үйлерді газдандыру) келесі шарттар ұсынылады:

  • Сыйақы мөлшерлемесі - 0%;
  • Займды ресімдегені үшін комиссия 0,1%;
  • Кредиттеу мерзімі – 18 айға дейін;
  • Бір жеке тұлға үшін займның сомасы 309 000 ₸ мөлшерінде


Halyk Bank республиканың және қаланың ірі қаржы институты ретінде қоршаған ортаны жақсартуға мүдделі және Алматы қаласы әкімдігінің экологиялық бағдарламаларын қолдауға өз үлесін қосуда. Сонымен қатар, банк ауа тазалығына бақылау жүйесін құру, сонымен қатар алматылықтардың үйлерін, атап айтқанда халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобын газдандыру жұмысына басты назар аударады.