Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

15.10.2025

Morningstar Sustainalytics агенттігі Халық Банкінің ESG-тәуекел рейтингін жақсартты

Халық Банкі ESG саласындағы әлемдік аналитикалық деректер мен зерттеулер рейтингін жасаушы Sustainalytics агенттігінің соңғы жыл сайынғы шолу нәтижелері бойынша Банктің ESG-тәуекел рейтингін 39,7-ден («Жоғары тәуекел») 26,9-ға («Орташа тәуекел») дейін көтергенін хабарлайды.

Рейтингті жақсарту тиімді ішкі бақылау тетіктері мен жүйелерін және ашықтықтың жоғары дәрежесін көрсете отырып, Банктегі ESG-тәуекелдерін басқару тәжірибесін жетілдіруді көрсетеді. Sustainalytics-тің соңғы шолуына сәйкес ESG саласындағы корпоративтік басқаруды күшейту, жауапты кредиттеу стандарттарын дамыту, киберқауіпсіздік бағдарламалары, сондай-ақ ESG есептілігін тексеру рейтингтің жоғарылауына әсер еткен негізгі факторлар болды.

Банктің мәлімдемесінде: «Бұл жетістік Halyk Bank-тің орнықты даму қағидаттарына, ESG-тәсілдерді стратегияға интеграциялауға және үздік халықаралық тәжірибелерді ұстануға деген ұмытылысын көрсетеді. Банк экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік жауапкершілік саласындағы өз көрсеткіштерін жетілдіруді, мүдделі тараптардың сенімін нығайтуды және өңірдегі орнықты қаржы секторының дамуына үлес қосуды жалғастыратын болады» – деп атап өтілген.

Халық Банкі туралы қосымша ақпарат алу үшін біздің сайтқа кіріңіз https://www.halykbank.com.

*Sustainalytics әдіснамасына сәйкес, ESG тәуекел рейтингі компанияның маңызды ESG тәуекелдеріне ұшырағыштығын және осы тәуекелдерді басқару тиімділігін өлшейді. Бағалар «Маңызды емес» (0-10) деңгейінен «Маңызды» (40+) деңгейіне дейін ауытқиды, төмен бағалар ESG тәуекелінің төмендеуін көрсетеді.

Халық Банкі туралы

Халық Банкі – бөлшек, шағын және орта кәсіпорындар, корпоративтік банк қызметтері, сондай-ақ сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер, активтерді басқару және lifestyle қызметтері нарығында әртарапты қатыса отырып, Қазақстанда қаржылық қызметтер көрсету саласындағы жетекші топ. Халық Банкі Қазақстан қор биржасында 1998 жылдан бастап, Лондон қор биржасында 2006 жылдан бастап және Астана халықаралық биржасында 2019 жылдан бастап тіркелген.

2025 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша Халық Банкінің жиынтық активтері 19 616 млрд теңгені құрады, бұл оны Қазақстандағы ең ірі кредитор екенін көрсетеді. Банктің елдегі ең ірі клиенттік базасы және бүкіл ел бойынша 542 филиалы мен бөлімшелерінен тұратын ең тармақталған филиалдық желісі бар. Сонымен қатар Банк өз қызметін Грузия мен Өзбекстанда жүзеге асырады.

Sustainalytics туралы

Sustainalytics (Morningstar тобына кіреді) - ESG және корпоративтік басқару саласындағы зерттеулер, рейтингтік қызметтер және талдаулар ұсынатын жетекші тәуелсіз компания, ол бүкіл әлем бойынша инвесторларды жауапты инвестициялау стратегияларын әзірлеу мен іске асыруда қолдайды. 25 жылдан астам уақыт бойы Sustainalytics  инвесторларға өздерінің инвестициялық процестеріне тұрақты даму факторларын енгізуге көмектесіп келеді.

Ескерту: Бұл ақпаратты қолданыстағы заңнамаға сәйкес инвестициялар бойынша консультация немесе сараптамалық пікір ретінде қарастыруға болмайды. Осы құжатта қамтылған немесе көрсетілген ақпарат Үндістандағы клиенттерге немесе пайдаланушыларға таратуға немесе қолдануға арналмаған. Оны Үндістанның резиденттері болып табылатын жеке немесе заңды тұлғалар арасында таратуға тыйым салынады және Morningstar/Sustainalytics осыған байланысты үшінші тараптардың әрекеттері үшін жауап бермейді.

Қосымша ақпарат сұрақтары бойынша төмендегі тұлғаларға хабарласуыңызды сұраймыз:

Мира Тиянақ

+7 727 259 04 30

MiraK@halykbank.kz

Екатерина Сванбаева

+7 727 330 12 88

EkaterinaS@halykbank.kz

Рустам Теліш

+7 727 330 15 66

RustamT3@halykbank.kz

Лаура Кустубаева

+7 727 259 60 27

LauraKus@halykbank.kz