Баспасөз орталығы
Halyk Bank қаржылық қауіпсіздік жөніндегі республикалық диктантты қолдады
2025 жылғы 10-20 қазан аралығында Қаржылық мониторинг агенттігі «Заң мен Тәртіп», «Адал Азамат» тұжырымдамалары аясында және ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай қаржылық қауіпсіздік жөнінде республикалық диктант өткізеді.
Бастаманың басты мақсаты – халықтың қаржылық қауіпсіздік туралы білім деңгейін арттыру, алаяқтық схемалардан қорғау дағдыларын дамыту және қаржы мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.
Диктантқа жасына және білім деңгейіне қарамастан ниет білдірген барлық азаматтар қатыса алады. Тестілеу толығымен тегін және https://amlacademy.kz/finiq платформасында онлайн режимінде өтеді, бұл диктантқа смартфон, планшет немесе кез келген басқа гаджет арқылы қосылуға мүмкіндік береді. Тапсырмалар қиындық деңгейлері бойынша бөлінеді. Осылайша, әркім өз білімін тексеріп, қаржылық тәуекелдер мен алаяқтыққа байланысты нақты жағдайларға дайындала алады.
Қатысушылар қаржылық сауаттылық туралы ақпаратпен алдын ала таныса алады, содан кейін олар бірнеше рет емтихан тапсырып көре алады.
Диктант қорытындысы бойынша әркім атаулы сертификаттар алады, ал үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар – жобаның бас серіктесі Halyk Bank-тен арнайы сыйлықтар алады.
«Halyk елдегі қаржылық сауаттылықты дамытуға көп көңіл бөледі. Банк осы салада бірқатар әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруда, олардың арасында азаматтарда шамадан тыс кредиттің болмауына және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» ірі жобасы бар. Сонымен қатар, біз қоғамда қаржылық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған білім бағдарламалары мен бастамаларын кеңейту жөнінде жұмыс жүргізіп келеміз», – деп атап өтті банктің баспасөз қызметі.