Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі

Баспасөз орталығы

23.09.2024

Halyk $300 млн-ға синдикатталған қарыз тартты

Halyk 1 және 3 жыл мерзімдері бар екі транштан тұратын $300 млн сомасына синдикатталған қарыз тарту туралы келісімге қол қойды.

Бұл мәміле Halyk-тың 2008 жылдан бері алғаш рет халықаралық синдикатталған кредит беру нарығына оралуын білдіреді. Жалпы корпоративтік мақсаттарды қаржыландыруға бағытталатын тартылған кредиттік қаражат банкке қорландыру көздерін тартымды шарттармен қосымша әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Бастапқыда синдикат үшін $200 млн сомасы ұсынылды, ол инвесторлар тарапынан жоғары сұраныстың салдарынан $300 млн дейін ұлғайтылды. Синдикатталған қарызға Солтүстік Америкадан, Еуропадан, Таяу Шығыстан және Азиядан 12 банк қатысты, бұл халықаралық синдикатталған кредит беру нарығындағы ойыншылардың Halyk Bank қорландыру мақсаттарын қолдауға жоғары қызығушылығын көрсетеді. Бұл мәміле соңғы 15 жылда қазақстандық коммерциялық банктер үшін синдикатталған кредит берудің халықаралық нарығында бірінші болып табылады, бұл оған айрықша мәртебе береді.

Мәміленің уәкілетті жетекші ұйымдастырушылары мен букраннерлері Citi, Abu Dhabi Commercial Bank PJSC және Commerzbank Aktiengesellschaft болды. Citi сонымен қатар мәміленің жетекші үйлестірушісі болды.

Синдикатталған қарызды тартуға түсініктеме бере отырып, Halyk басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова: «Біз банкіміз үшін өте сәтті келісімге қол қойылғанын қуана жариялаймыз. Біз үшін жетекші және қарқынды дамып келе жатқан қаржы ұйымы ретінде қорландыру көздерімізді әртараптандыруды жалғастыру өте маңызды. Бұл мәміле осы процестегі маңызды қадам және банктің кредиттік көрсеткіштерінің сенімділігін тағы бір растау болып табылады. Сонымен қатар әлемнің түкпір-түкпіріндегі бірінші дәрежелі инвесторлардың Halyk қызметіне және оның одан әрі дамуына қызығушылығының жоғары деңгейін атап өткім келеді – бұл банкіміздің бүкіл ұжымы үшін ерекше мақтаныш себебі болып табылады» – деп атап өтті.

Қазақстандағы Citi корпоративтік банкингінің басқарма төрағасы және басшысы Сәуле Жақаева былай деп қосты: «Осы негізгі мәміленің жалғыз үйлестірушісі және букраннері ретінде біз Halyk-тың халықаралық синдикатталған кредит беру нарығына сәтті оралуын қуана қолдаймыз. Бұл келісімнің табысы банктің кредит қабілеттілігінің жоғары деңгейін көрсетеді және шетелдік инвесторлар тарапынан Қазақстанға айтарлықтай сұранысты растайды».

Halyk Bank туралы

1923 жылы негізі қаланған Halyk жиынтық активтер (29,4 % үлесімен), клиенттердің нетто қарыздары (32,2 % үлесімен), клиенттердің қаражаты (30,2 % үлесімен) және таза пайда (35,8 % үлесімен) бойынша нарықтағы көшбасшы позицияларымен Қазақстанның ірі банкі болып табылады. Halyk – бөлшек, ШОБ және корпоративтік банк қызметтерін, сақтандыруды, лизингті, брокерлік қызметтерді, активтерді басқаруды және өмір салты қызметтерін (лайфстайл) қоса алғанда, әртүрлі сегменттерде жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банк жүйе құраушы қаржы ұйымы болып табылады және Қазақстанда шетелдік қатысусыз жеке коммерциялық банктер арасында ең жоғары рейтингке ие (Moody's / S&P / Fitch-тен Baa1/ BB+ / BBB-).

2024 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша банктің жиынтық активтері шамамен 16 750 млрд теңгені құрады, бұл оны Қазақстандағы ең ірі кредитор ретінде көрсетеді. Банктің елдегі ең ірі клиенттік базасы және бүкіл ел бойынша 568 филиал мен бөлімшелерден тұратын ең кең таралған филиалдық желісі бар. Сонымен қатар банк өз қызметін Грузия мен Өзбекстанда жүзеге асырады. Halyk 1998 жылдан бастап Қазақстан қор биржасында, 2006 жылдан бастап Лондон қор биржасында және 2019 жылдан бастап Астана халықаралық биржасында листингтен өтті.

Банк туралы толығырақ ақпарат: https://halykbank.com/about/ сайтында орналастырылған.