Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Акциялар

22.09.2023

Halyk-тан автокөлік ұтыс ойыны

Басты сыйлық - а-а-автокөлік!

Halyk-та автокредит ресімдеп, сыйлыққа екінші автокөлікті алыңыз!


Өткізілетін кезеңі: 2023 жылғы 11 тамыз - 24 желтоқсан аралығында

Ұтыс ойынының сатылары: 3 саты, әр сатыда 1 автокөлік

Ойнатылатын көлік: Hyundai Tucson

Ұтыс ойынының сатысы

Ұтыс ойынына қатысу үшін автокредитті ресімдеу кезеңі

Ұтыс ойынының өткізілетін күні

1-автомобиль

11 тамыз – 24 қазан

31 қазанға дейін

2-автомобиль

11 тамыз – 24 қараша

3 желтоқсанға дейін

3-автомобиль

11 тамыз – 24 желтоқсан

29 желтоқсанға дейін


Қатысу шарттары:

  • Halyk қосымшасында автокредит рәсімдеңіз;
  • Сіздің кредитіңіз автоматты түрде ұтыс ойынына қатысушылар тізіміне қосылады.


Ұтыс ойынына:

  • Halyk қосымшасында серіктес Автосалондар арқылы Halyk-тың цифрлық автокредитін ресімдеген клиенттер.


Ұтыс ойынына келесілер қатыса алмайды:

  • Банк қызметкерлері;
  • Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар;
  • Осы ұтыс ойыны аясында жеңімпаз болған клиенттер;
  • Ұтыс ойынының тиісті сатысы кезеңінде немесе ұтыс ойынының тиісті сатысын өткізу үшін Банк соңғы тізімдерді қалыптастырған күнге дейін:
  • ұтыс ойынына қатысатын кредиттер бойынша толық мерзімінен бұрын өтеуді іске асырған клиенттер;
  • ұтыс ойынына қатысатын кредиттер бойынша міндеттемелерді орындауды кешіктірген клиенттер;
  • Банк тізімдерді қалыптастыру кезеңінде Банктегі кез келген кредит бойынша ағымдағы мерзімі өткен міндеттемелері бар клиенттер.

Жеңімпаздар Банктің Instagramдағы @halykbank.kz ресми парақшасында тікелей эфирде комиссияның қатысуымен кредит шартының нөмірі/реттік нөмір бойынша Банк құрған кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталады.


Ерекшеліктер:

  • Егер клиентте ұтыс кезеңінде ресімделген бірнеше кредит шарты болса, онда ұтыс ойынына ұтыс ойыны кезеңінде бірінші жасалған кредит шарты қатысады. Бұл ретте, егер ұтыс ойынын өткізу кезеңінде жасалған клиенттің бірінші кредиті мерзімінен бұрын өтелген болса, ұтыс ойынына осы кезеңде жасалған келесі кредит қатысатын болады;
  • Егер ұтыс ойынының жеңімпазы ұтыс ойыны өткізілген күннен бастап үш күн ішінде байланысқа шықпаса (телефон қоңырауына жауап бермейді/өзінің байланыс деректерін дұрыс көрсетпеген/Банкке хабарламай байланыс деректерін өзгерткен/кез келген басқа себептермен қолжетімді емес/ұтысты алудан бас тартқан), автокөлік автоматты түрде ұтыс ойынын өткізу кезінде анықталған бірінші дублерге өтеді. Жоғарыда көрсетілген себептермен 1-дублердің ұтысты алуы мүмкін болмаған кезде Банк ұтысты 2-дублерге беру құқығын өзіне қалдырады.

 

Жүлдені алу тәртібі:

  • Автокөлікке меншік құқығының ауысуы туралы құжаттарды рәсімдеу тек Алматы қаласында ғана жүргізіледі. Егер ұтыс ойынының жеңімпазы басқа қалада болса, жеңімпаз жол жүру/тұру шығындарын өз бетінше көтереді.
  • Баж салығы бойынша барлық қосымша шығыстарды Банк төлейді.

Банк кез келген уақытта осы ұсыныстың күшін жою немесе еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда осы ұсыныстың шарттарын біржақты тәртіппен өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде