01.01.2025 — 31.12.2026
Halyk бонустарын Alser бонустарына айырбастау
Halyk-та жинаған бонусты Alser-дегі бонусқа айырбастап, онымен саудаңыз үшін толықтай немесе ішінара төлеңіз. Сонымен қатар әрбір айырбасталған бонус үшін Сіз +50% сыйақы аласыз.
Halyk Bank-тегі бонусты Alser-дегі бонусқа қалай айырбастауға болады:
1
alser.kz сайтында тіркеліңіз
2
alser.kz сайтындағы жеке кабинетте, «Бонустар» бөлімінде «Halyk бонусын айырбастау» батырмасын басыңыз
3
Бонустың қолжетімді сомасын енгізіп, «Айырбастау» батырмасын басыңыз
Шарттар:
- Alser сайтында тіркелу кезінде Halyk-та тіркелген ұялы нөмірді көрсету қажет
- 1 клиентке лимит – тәулігіне 300 000 бонустан көп емес сомаға 10 бонустық операция, айына 1 500 000 бонустан көп емес
- Halyk бонустарын Alser бонустарына айырбастаудан кейін клиент Alser серіктестің ниеттестік бағдарламасының талаптарымен келіседі
- Alser бонустарын Halyk бонустарына айырбастау – мүмкін емес



