Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

100 жыл халықпен бірге!

2023 жылы Halyk 100 жылдық мерейтойын атап өтті!

Банк өзінің мерейтойы аясында «100 игі іс» жобасын іске қосты. 2023 жыл бойы Halyk Қазақстанның түкпір-түкпірінде денсаулық, білім, мәдениет және экология салаларында қоғамдық маңызы бар жобалар мен қайырымдылық бастамаларды іске асырды.

Бір жыл бойы Банк қазақстандықтарға арнап бірнеше маңызды және ауқымды іс-шаралар өткізді.

Конькимен жаппай тегін сырғанау

2023 жылдың қаңтарында Банк Қазақстан тұрғындары мен қонақтарын демалуға, яғни коньки тебуге шақырды. Бірнеше күн бойы еліміздің қалалары мен өңірлерінде қазақстандықтарды тегін жаппай сырғанау арқылы тамаша және жылы естеліктер алуға шақырды.

Коньки тебуге қатысушылар Банктің бастамасына оң баға беріп, Halyk банкті мерейтойымен шын жүректен құттықтады.

Іс-шара туралы толығырақ сайттан оқуға болады.

Наурыз

2023 жылғы наурызда Halyk банк қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен ерекше құттықтады. Еліміздің қалалары мен өңірлерінде Банк киіз үй құрып, қонақтарға дәмді дәстүрлі тағамдар ұсынды.

Сондай-ақ, қонақтар шақырылған әншілердің, әртістердің қойылымдарын тамашалап, тик-ток хаус қатысушыларымен суретке түсті.

Іс-шара туралы толығырақ сайттан оқуға болады.

Қаржылық сауаттылық

2023 жылғы 10 сәуірде Amanat партиясы және Halyk «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосу туралы меморандумға қол қойды. Жобаның мақсаты - жеке тұлғалар арасында проблемалық қарыз алушыларды қаржылық сауаттылыққа үйрету.

Жалпы жоба ауылдық елді мекендердің 80 мыңға жуық тұрғынын, оның ішінде елдің сегіз өңірін: Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау және Маңғыстау облыстарын қамтиды.

Толығырақ сайттан оқуға болады.

Халық лигасы

Halyk 2023 жылы бүкіл Қазақстан бойынша қамқорлыққа алынған балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері үшін «Халық лигасын» қайта бастады.

Жоба 2005 жылдан бастап 2019 жылға дейін сәтті жүзеге асырылды. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты оны уақытша тоқтатуға тура келді. 2023 жылы «100 игі іс» аясында Банк «Халық лигасын» қайта бастады.

14 жыл ішінде Halyk банк балалар үйі мен мектеп-интернаттардағы балалардың баскетбол сабақтарын қаржыландырып, үздік аймақтық тәлімгерлерді тартты, командаларды жаттығу және ойын формаларымен, сондай-ақ спорт жабдықтарымен қамтамасыз етті.

Жоба туралы толығырақ сайттан оқуға болады.

«Азия Дауысы» музыкалық фестивалінің жандануы

Halyk Bank аты аңызға айналған «Азия Дауысы» фестивалінің қайта оралуының бірлескен ұйымдастырушысы болды. Алғаш рет «Азия Дауысы» концерті 1990 жылы өтіп, 2005 жылға дейін сахнада қазақстандық және шетелдік жұлдыздар өнер көрсетті. 2023 жылы Halyk өзінің 100 жылдығына орай осы айтулы оқиғаны қайта жаңғыртуды ұйғарды.

28-30 шілде аралығында Медеу мұз айдынының сахнасында жаңа буын жұлдыздары мен аты аңызға айналған қазақ эстрадасының әртістері өнер көрсетті. Концерттің хедлайнерлері өзбекстандық «Ялла» тобы, швецияның Secret Service және американдық The Black Eyed Peas тобы болды.

Толық ақпарат сілтемеде

Тегін газдандыру

Halyk Bank өз қаражатынан Алматы мен Астанадағы 200 үйді магистральдық газға қосуға қаржы бөлді.

Жергілікті әкімдіктер ұсынған тізімдер бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын адамдардың үйлері газдандырылды. Алматы, Астана әкімдіктері және Halyk Bank арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Бұл жоба 2023 жыл бойы іске асырылды. Алдын ала бюджет 230 миллион теңгеге бағаланды.

Halyk барлық кезеңдерді толығымен қаржыландырды — газды тұрғын үйге жеткізуден бастап, барлық газ байланыстарын қосуға және қажетті жабдықты орнатуға дейін.

Толық ақпарат мына сілтеме бойынша.

Astana Half Marathon 2023

18 маусымда Қазақстан астанасында Astana Half Marathon өтті. Оның бас серіктесі Halyk Bank болды, Halyk Bank осы шараға өзінің 100 жылдық мерейтойы аясында қолдау көрсетті.

Astana Half Marathon 2023 шарасына ондаған елдерден 6 000-нан астам спорт әуесқойлары мен салауатты өмір салтын ұстанушылар қатысты. Марафоншылар 21,1 және 10 шақырымдық қашықтыққа жүгіруде, 10 шақырымдық скандинавиялық жүрісте, сондай-ақ 21 шақырымдық Экиден топтық эстафетасында өз күштерін сынады.

Сонымен қатар іс-шараға банктің әр түрлі филиалдары мен еліміздің әр түрлі аймақтарынан 60-қа жуық қызметкерлері қатысты.

Толығырақ мына сайттан оқыңыз.

«Сүйікті қалада жаз музыкасы» фестивалі

Өзінің мерейтойы жылы Halyk қазақстандықтарға ашық аспан астындағы концерттер сериясын ұсынуға шешім қабылдады. 2022 жылы мұндай іс-шара тек Алматыда өткен болатын, бірақ 2023 жылы «Сүйікті қалада жаз музыкасы» тағы үш өңірдің қонақтары мен тұрғындарын қуантты.

Фестивальдің ерекше тұжырымдамасы барлық қонақтар үшін өнер мен музыкалық шығармашылық әлеміне жол ашқан әртүрлі музыкалық жанрлар мен бағыттарды біріктіру болды.

Қоршаған ортаны қорғау

Алматыда 2023 жылдың шілде айында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында «Reuse. Recycle. Reduce» тұрақты сән және өнер шарасы өтті. Іс-шараны БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі кеңсесі, БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) және елдің жетекші банкі Halyk ұйымдастырды.  Осы шараның мақсаты кең аудиторияны тартып, қатысушыларды пластикпен ластануға қарсы жаһандық күреске қосылуға шабыттандыру.

Іс-шараның негізгі сәттерінің бірі – киім топтамасының көрсетілімі болды. Бұл шығармашылық киімдер қоршаған ортаны сақтауға көмектесетін тұрақты сән әлеуетін көрсететін материалдарды қайта пайдалану және қайта өңдеу идеясын жүзеге асырды.

Толығырақ

Мектепке жол

Halyk жыл сайын «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысады және ҚР барлық өңіріндегі аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетеді, оқу жылы басталар алдында олар үшін қажетті мектеп керек-жарақтары бар рюкзактар сатып алады.

2023 жылы өзінің 100 жылдық мерейтойы аясында Halyk Қазақстанның 25 өңірі мен қалаларында тұратын және бірінші сыныпқа баратын барша оқушыларға мектеп керек-жарақтары мен ортопедиялық рюкзактардың толық жиынтығын табыстады.

Облыстарға сыйлық

Halyk әлеуметтік қызметке ерекше көңіл бөледі. Осылайша, «100 игі іс» акциясы аясында Halyk 2023 жылы Қазақстанның 25 қаласына балалар алаңдарын, шағын футбол алаңдарын және мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тасымалдауға арналған инватаксилерді сыйға тартты.

Мерейтой кітабы

Halyk-тың 100 жылдығына орай «100 жыл Халықпен бірге» атты Мерейтой кітабы әзірленіп, жарық көрді.

Ол тарихи материалдарға, естеліктерге, құжаттарға, фотосуреттерге және әртүрлі жылдары Банкті басқарған Басқарма төрағаларымен сұхбаттарға негізделген.

Мерейтойлық кітаптың электронды нұсқасын мына сілтемелер арқылы үш тілде оқи аласыз, сондай-ақ жүктеп ала аласыз:

Мерейтой фильмі

2023 жылы Halyk туған күніне орай «Халықпен бірге 100 жыл!» фильмі дайындалып таныстырылды.

Ол Halyk Bank тарихы мен қалыптасуы, оның халық пен ел өміріндегі рөлі туралы баяндайды. Фильмде сирек кездесетін мұрағат материалдары, сондай-ақ осы тарихты жасағандар бөліскен қызықты және көпшілікке беймәлім фактілер қолданылған.

Фильмді мына сілтемелер арқылы көруге болады:

100 Жыл Халықпен Бірге!
Halyk «100 игі іс»

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде