Halyk Bank өз клиенттерінің игілігіне 97 жылдан артық жұмыс істеп келеді.
Біз бір орында тұрған жоқпыз, үнемі банк өнімдерін, технологияларын және клиенттерге қызмет көрсету тәсілдерін дамытып отырамыз.
Біз қызметкерлердің бастамаларын ынталандырамыз және Банкте ғана емес, сонымен бірге Halyk Group-та да даму мүмкіндігін ұсынамыз. Мамандарымыздың ашықтығын, мейірімділігін және дербес жауапкершілігін құптаймыз.
Halyk Bank-тің Ресейде, Қырғызстанда, Грузияда, Тәжікстанда және Өзбекстанда өкілдіктері бар.
Банк өз клиенттеріне қызметтердің кең саласын ұсынатын Halyk Тобына кіреді:
Біздің миссиямыз – қаржы нарығының барлық сегментінде халықаралық стандарттар деңгейіндегі қызметтерді ұсыну.
Біздің құндылықтарымыз:
Клиентке бейімделушілік - Біз өз мақсаттарына жетуге көмектесетін ең тиімді шешімдерді ұсына отырып, клиенттеріміздің үміттерінен асып түсеміз.
Сенімділік - Біз корпоративтік басқарудың халықаралық стандарттарына сәйкес келеміз және клиенттер, іскерлік серіктестер мен қызметкерлер үшін барынша айқын және ашық саясат ұстанамыз.
Көшбасшылық - Біз нарықтың барлық сегментінде клиенттерге қызмет көрсетуде жетекші орынға иеміз. Барлық басшылар мен қызметкерлер өз ісіне берілген, күш-жігерін аямай, ынтасын білдіреді, инновацияны құптайды және өздерінің үлгісімен шабыттандырады.
Әлеуметтік жауапкершілік - Біз халықтың барлық тобының қажеттіліктері мен мүдделеріне бағдарланғанбыз және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталғанбыз.
Адалдық - Біз қызметтің барлық саласында бизнесті адал жүргіземіз және өз клиенттерімізбен адал, құрметті, сенімді және ең бастысы, ұзақ мерзімді қатынастар орнатамыз.
Кәсібилік - Біз кәсіби қызметтің жоғары стандарттарын ұстанамыз, уақыт талабына сай дамып, инновацияларға ашықпыз. Біздің басты мақсатымыз – клиенттерді үздік сервиспен қамтамасыз ету.
Банктің корпоративтік құндылықтары мен миссиясының толық мазмұны Банктің Директорлар кеңесі 14.09.2018 ж. бекіткен № 5 Halyk Group-тың 2019-2021 жж. кезеңдеріне арналған стратегиясында келтірілген
Ұжымда жайлы қарым-қатынастарды құру және қолдау үшін, біз келесі қарапайым қағидаларды ұстанамыз:
- әріптестерімізге көңіл бөлеміз, таңертең амандасамыз және жұмыс күнінің соңында қоштасамыз
- егер әріптесіміз қоңырау шалғанда жауап беріп үлгермесек, міндетті түрде қайта қоңырау шаламыз және почта арқылы келген хабарламаларды жауапсыз қалдырмаймыз
- егер әріптесіміз көмекке мұқтаж болса, мүмкіндігінше қол ұшын созамыз немесе оған көмек көрсете алатын адамға бағыттаймыз және әріптесіміздің мәселесі шешілгеніне көз жеткіземіз
- барлық жағдайларда әріптестерге түсіністік танытамыз
- егер ақпарат қажет болса, әріптестерімізге жүгініп, көмекті алғыспен қабылдаймыз
- қашықтықтан жұмыс істейтін болсақ та, әрдайым «таза үстел қағидасын» сақтаймыз. Жұмыс орнынан кетер кезде үстел үстінен барлық құжаттарды жинап, үстел астындағы жәшікке саламыз және кілтпен жауып кетеміз.
Қазір біз жұмыстың 3 форматын қолданамыз:
- офисте
- қашықтықтан (үйден)
- аралас (аптасына біпнеше күн офисте, бірнеше күн - үйде).
Жұмыс процестері қашықтықтан жұмыс істеу форматы жүйелердің жұмысқа қабілеттілігін, ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптарды бұзбайтындай және банк клиенттеріне сервистің жоғары деңгейін қамтамасыз ететіндей етіп құрылған.
Қызметкерлердің көпшілігі стандартты жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді: бұл 5 күндік жұмыс аптасы сағ. 09: 00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағ. 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Егер сен қашықтан жұмыс істейтін болсаң, онда қолайлы әрі тиімді жұмыс істеу үшін, біз алдын ала келесі нәрселерге көңіл бөлуді ұсынамыз:
- жылдам және тұрақты интернеттің болуы
- оқшауланған Жұмыс орны
- командамен үнемі байланыста болу.
Кеңседе біз smart-casual стилін таңдаймыз. Киген киімің өзіне ыңғайлы болсын, бірақ міндетті түрде ұқыпты бол, өзіңді жайлы сезініп, сыртқы келбетіңмен әріптестеріңе құрмет көрсет.
Жұмыс аптасы барысында клиенттермен жиі кездесулер өткізетін менеджерлер мен қызметкерлер офистік стильді ұстанады, бірақ жұма күндері, егер ресми кездесулер болмаса, барлығы smart-casual үлгісінде киінеді.
Филиалдардың клиенттерге қызмет көрсететін қызметкерлері үшін киімнің арнайы фирмалық стилі анықталған: ақ көйлек – төмен жағы қара түсті, сондай-ақ бейнені айқынырақ ететін фирмалық атаулы бейдждер мен корпоративтік галстуктер көзделген.
Жұмыстың бірінші күнінен бастап MyHalyk ішкі сайтындағы «Оқыту порталы» бөлімінде қашықтықтан оқыту курстарын пайдалып, білімді арттыруға болады. «Оқыту порталының» «Оқыту және дамыту» айдарына кіріп, өз дамуыңды ұсынылған курстарды оқудан баста.
Қызметкерлердің қызметі мен әлеуетінің тиімділігін бағалау үшін банкте жыл сайынғы «ТББ – еңбек қызметі мен құзыреттерін бағалау» бағалау процесі енгізілді. Қызметкер өзінің міндеттерінің жалпы мақсатқа қалай әсер ететінін және командалық нәтиже үшін жауапкершілікті сезінетінін айқындау үшін біз бағалаудың барынша ашық процесін құрдық.
Біз өз қызметкерлеріміздің мансаптық амбицияларын қолдаймыз және үздіктерді Банктің Кадрлық (басқарушылық) резервінің құрамына қосамыз. Оған қатысушы болу үшін саған бастама көтеру, өзіңе жаңа міндеттер алудан және жобаларға қатысудан тартынбау қажет.
Жалақы
Жалақы қызметкердің жалпы іске қосқан үлесін көрсетеді, ол Korn Ferry (HayGroup) әдістемесі бойынша айқындалады, ол банктегі әрбір лауазым үшін әділ және бәсекеге қабілетті сыйақы жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Еңбек демалысы
Табысты қызмет атқаратын әр жұмыскер толыққанды еңбек демалысына да қол жеткізуі тиіс, сондықтан заңнамаға сәйкес демалыстың күнтізбелік 24 күнінде Банк демалу және қалпына келтіру үшін тағы 2 күн демалыс қосады. Қызметкерлер келесі оқиғаларға байланысты төленетін қосымша күндерді пайдалана алады: некеге тұру, баланың туылуы, жақын туыстарының қайтыс болуы.
Медициналық сақтандыру
Өз қызметкерлеріне қамқорлық жасай отырып, Банк сақтандыру бойынша шығындардың басым бөлігін өзіне ала отырып, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне үлестік қатысу шарттарында медициналық сақтандыруды ұсынады.
Сақтандыру бағдарламасының шарттарымен MyHalyk ішкі сайтында танысуға болады.
Материалдық көмек
Банк өз қызметкерлерін қуанышты және қайғылы оқиғаларда қолдайды, келесі оқиғаларға байланысты материалдық қолдау көрсетеді: жүктілік және босану бойынша демалыс, жасына байланысты зейнетке шығу, жақын туыстарының қайтыс болуы.
Ипотекалық заемдарды субсидиялау
Банкте бірнеше жыл бойы жұмыс істейтін, қызметтік мансабын өсіруді көздеп, болашағын Банкпен байланыстыратын адал қызметкерлері үшін Банк тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қолдау көрсететін ипотекалық несиелерді субсидиялау бағдарламасын ұсынады.
Толық ақпаратпен MyHalyk ішкі сайтында танысуға болады.
Спорттық шаралар
Банк командалары әртүрлі спорт түрлері бойынша банкаралық турнирлерде жүлделі орындарға ие болады. Турнирлерге сапалы дайындалу үшін Банк жалпы командалық жаттығулар үшін спорт залдарын жалға алу ақысын төлейді. Ішкі спорттық турнирлерге, марафондарға және сыртқы жарыстарға қатысыңыз! Жаңалықтар мен хабарламаларды назарыңнан тыс қалдырма – чемпиондар лигасына қосылып, белсенді үлес қосып, әрдайым жеңіске жет!
Қызметкерлердің банк өнімдерін бірінші болып сынап көруге және оларды жақсартуға өз үлесін қосуға бірегей мүмкіндігі бар.
Әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымызға жазылыңыз және белсенді болыңыз! Репост жасап, пікір қалдырыңыз, Банк өнімдерін жарнамалаңыз, жеке парақтарыңызда Halyk Bank қызметкері атағын мақтанышпен білдіріп, Банк туралы айтып беріңіз, Halyk брендінің тартымдылығына өз үлесіңізді қосыңыз!
Halyk Homebank-тің ыңғайлы қосымшасын жүктеп алып пайдаланыңыз, жылдам мобильді төлемдер жасау үшін жалақы картасын телефонға байлаңыз, бонустар жинаңыз және оларды Halyk Club серіктестерінің сауда нүктелерінде жұмсаңыз.
- бүкіл ел сенетін жүйе құрушы Банк
- қаржы және АТ технологияларындағы көшбасшы
- жоғары нәтижелерге қол жеткізетін команда
- даму жолын таңдап, кәсібилігін тоқтаусыз арттыратын Банк
- өз идеяларын құруға және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін команда
- клиенттерді бақытты ету үшін әрдайым өзгерістерге дайын




