Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Төлем мерзімін ұзарту талаптары

Төлем мерзімін ұзарту талаптары

1. Төлем мерзімін ұзартуды ұсыну шарттары клиенттердің келесі санаттарына таралады:

  • Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын тұлғалар
  • халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыздар


2. Сізге Банк тарапынан кредиттер/кредит карталары бойынша мерзімін ұзарту ұсынылған SMS- хабарламаның жолдануы Сіздің 1-тармақта көрсетілген клиенттер санатына жатқызылғаныңызды білдіреді.

 

3. Төлем мерзімін ұзарту шартарымен танысуыңызды сұраймыз және Сіз қабылдаған шешімге байланысты келесіні орындау қажет:

  • төлем мерзімін ұзартуға келісетін болсаңыз – Банктен келген SMS-хабарламаға жауап ретінде 5656 нөміріне 3 күн ішінде 0 санымен  SMS жолдаңыз. Банк сайты арқылы өтінім берудің, Банктің колл-орталығына хабарласудың немесе Банк бөлімшесіне келудің қажеті жоқ.

Жауап ретінде жолданатын SMS үлгісі:

Кімге – 5656

Мәтіні - 0

төлем мерзімін ұзартуға келіспейтін болсаңыз – жауап беру қажет емес (SMS жолдаудың қажеті жоқ), 3 күн ішінде Банк тарабынан жолданған ұсыныстың күші жойылады


4. Бұл шараға қандай заемдар/кредит карталары қатысады?

2020 жылғы 16 наурызға дейін берілген барлық заемдар/кредит карталары. Заемшының аталған шарттарға сай бірнеше заемдары/кредит карталары бар болса, Келісім алынғаннан кейін:

  • барлық осындай заемдар/кредит карталары бойынша төлем мерзімі ұзартылады
  • кредит картасы бар болған жағдайда, игерілмеген кредит лимиті бұғатталады


5. Төлемдерді уақытша тоқтату (мерзімін ұзарту) кезеңі3 ай (2020 жылғы 16 наурыздан бастап 15 наурызға дейін)

  • 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 15 маусымға дейін кезеңде өтелген төлемдер бойынша мерзімін ұзарту ұсынылмайды;
  • 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейінгі аралықта өтелмеген төлемдер үшін, төлем мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі

 

6. Төлем мерзімін ұзарту кезеңінде сыйақы есептеле ме?

Иә. Сыйақы Банктік заем шартының мөлшерлемесі бойынша негізгі борыштың қалдығына есептеледі.

7. Айыппұлдар мен өсімпұлдар есептеле ме? Төтенше жағдай кезінде есептелмейді 

8. Төлем мерзімі ұзартылғаннан кейін кесте бойынша мерзімдер мен ай сайынғы төлем мөлшері өзгере ме? 

Мерзімі өтпеген немесе 90 күнге дейін мерзімі өткен кредиттер бойынша:

  • Кредиттеу мерзімі ұзартылатын болады.
  • Ай сайынғы төлем көлемі өзгермейді.


90 күннен артық мерзімі өткен кредиттер бойынша: кредиттеу мерзімі ұзартылмайды.

«7-20-25», «Баспана ХИТ» кредиттеудің мемлекеттік бағдарламалары бойынша:

  • Кредиттеу мерзімі кредиттің төлем мерзімі ұзартылған мерзімге ұзартылады.
  • Ай сайынғы төлеміңіз өзгертіледі.
  • Кредит бойынша төлем мерзімін ұзартудан кейінгі келесі төлем күні – 2020 жылғы 15 маусым.


Кредиттік карталар бойынша:

  • Кредиттеу мерзімі ұзартылмайды.
  • Кредиттің төлем мерзімі ұзартылғаннан кейін бірінші төлем күнінде осы мерзім ішіндегі  сыйақы есептеледі.
  • Келесі төлемдер Банктік займ шартына сәйкес қойылатын болады.
  • Қолданылмаған кредиттік лимит кредиттің төлем мерзімін ұзартуға өтінім берген кезде бұғатталады.

  

9. Төлем мерзімін ұзарту ресімделгеннен кейінгі жаңа төлем кестесі мен кредит бойынша төлемнің көлемін қалай білуге болады?

Жаңа төлем кестесі Сізге төлем ұзартылғаны туралы СМС жолданғаннан кейін Homebank қосымшасында қолжетімді болады.

10. Кредит тарихы:

  • Өтінім берілген күнге дейін (қоса алғанда) мерзімі өткен ай сайынғы төлемдер бар болған жағдайда – мерзімі өткен күндер саны бұдан әрі есептеледі.
  • Өтінім берілген күнге дейін мерзімі өткен ай сайынғы төлемдер жоқ болған жағдайда – кредит тарихы нашарламайды.


11. Өтінім беруге қажетті құжаттар: талап етілмейді

12. Мерзімін ұзартуды жүзеге асырғаны үшін комиссия және өзге төлемдер: жоқ


Ертеде берілген өтінімнің жағдайын Сіз осы беттен анықтай аласыз.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде