Halyk bonus digital картасы туралы барлық ақпарат
Сұрақтар мен жауаптар
Картаны:
- Halyk Bank-тің Сash-In функциясы бар банкоматтарында;
- Halyk Bank-тің төлем терминалдарында;
- Halyk қосымшасы арқылы картадан картаға аударымдар жасау арқылы;
- картадан картаға аударымдарды қолдайтын басқа банктерде;
- Halyk Bank бөлімшелеріндегі кассалар арқылы толықтыруға болады.
- Halyk қосымшасының «Шоттар» бөлімінде картаны және одан әрі «Картасыз ақша алу» қызметін таңдау қажет*, кез келген Halyk Bank банкоматында;
- NFC функциясы бар Halyk Bank банкоматтары арқылы;
- QR-кодты сканерлеу арқылы.
* Ақша алу үшін берілетін код 24 сағат ішінде жарамды, 24 сағат өткеннен кейін қаражат автоматты түрде картаға қайтарылады.
- Halyk қосымшасында төлемдер жасау арқылы;
- Halyk Bank-тің POS-терминалдарында QR-кодты сканерлеу арқылы;
- интернетсіз смартфонмен жанасусыз төлеу арқылы (картаны Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay-ге байланыстыру арқылы).
Жалақыны, зейнетақыны алу кезінде - 0 теңге.
Басқа да аударымдарды алу кезінде айына 300 000 теңгеге дейін – 0 теңге, 300 000 теңгеден жоғары болса – транзакциялар сомасынан 1%.
Банкоматтар арқылы ақша алудың тәуліктік лимиті 700 000 (жеті жүз мың) теңгені құрайды. Halyk қосымшасында соманы 5 000 000 теңгеге дейін ұлғайтуға болады. Банк бөлімшесінде лимит - 5 000 000 теңгеден астам.
Жоқ, цифрлық карта бойынша жылдық қызмет көрсету үшін комиссия алынбайды.
Картаға пластик шығарылған жағдайда комиссия:
- бірінші жылы 0 теңге;
- кейінгі жылдары ай сайын 150 теңге.
Иә, шығарылған карталар саны 3 белсенді картадан аспауы керек.
Карта 3 валютада шығарылады - KZT, USD, EUR.
Halyk қосымшасында цифрлық карта > «Деректемелер» > Карта деректемелері > таңдаңыз және сенімді нөміріңізге жіберілетін SMS кодын енгізіңіз.
1. Apple Pay:
- Halyk қосымшасында картаны таңдап, «Apple Pay-ге қосу» түймесін басыңыз;
- авторизациядан кейін карта Apple Wallet-ке қосылады.
Ескерту: iPhone SE, iPhone 6 құрылғылары және одан да жаңа модельдер.
2. Google Play:
- Halyk қосымшасында картаны таңдаңыз, әрі қарай Google Pay бөліміне өтіп, картаны қосу үшін «Add to GPay» түймесін, содан кейін «Төлем әдістері» түймесін басыңыз;
- карта деректерін енгізіңіз және Пайдалану шарттарын қабылдаңыз. Деректерді растаңыз.
Дегенмен, смартфон параметрлерінде NFC тасымалдауын (Android құрылғыларында) қосуды ұмытпаңыз және жанасусыз төлем бөлімінде – әдепкі қалпы бойынша Google Pay-дің таңдалғанына көз жеткізіңіз.
3. Samsung Pay:
- Samsung Pay қосымшасында Halyk Bank-тің цифрлық картасының нөмірін және үш таңбалы авторизация кодын енгізіңіз;
- қосылғаныңызды SMS кодпен растаңыз.
- Halyk қосымшасында «Шоттар» бөлімінде «Halyk Bonus Digital» картасын таңдап, «Картаға тапсырыс беру» батырмасын басыңыз;
- Банк бөлімшесінде;
- курьермен жеткізу.
Жеткізу тегін және жұмыс күндері (сенбі, жексенбі – демалыс күндері) жүзеге асырылады, курьердің қоңырауын күтіңіз.




