Кредиттер бойынша төлем талаптары
Егер кредит бойынша мерзімін өткізіп алуға жол берілсе, онда кесте бойынша төлем күнінен кейінгі күні Банк шотқа мерзімі өткен берешек сомасына төлем талабын қояды.
Қойылған төлем талабы шоттағы шектеу ретінде көрсетіледі, бірақ бұл ретте кредит бойынша мерзімі өткен берешекті өтеу үшін шотты толтыруға болады.
Шотты келесі әдістердің бірімен толтыруға болады:
• Сash-in ақша қабылдау функциясы бар банкомат арқылы:
1. Картаны банкоматқа салыңыз
2. ДСН-кодты енгізіп, «Қолма-қол ақша салу» қызметін таңдаңыз
3. Қолма-қол ақшаны купюра қабылдағышқа салу қажет
4. Ақша сәтті қабылданғаннан кейін банкомат экранында тиісті хабарлама пайда болады.
• Банктің төлем терминалы арқылы:
1. Өзіңіздің ЖСН және картаңыздың соңғы 4 санын білуіңіз керек
2. Басты экранда «Банктік қызметтер» деген батырманы таңдаңыз
3. «Шотты толтыру» қызметін таңдаңыз
4. Соманы купюра қабылдағышқа салыңыз.
• Банктің кез келген бөлімшесіндегі касса арқылы.
• Екінші деңгейдегі басқа банктен ақша аудару арқылы. Бұл жағдайда екі түрлі Банктің карталық шоттары арасындағы операциялар 5 жұмыс күніне дейін өңделуі мүмкін екендігін естен шығармаған жөн.
Бұл ретте, Банктің ҚР заңнамасы шеңберінде түскен соманың тек 50%-ды ғана есептен шығаруға құқығы бар екенін ескеріңіз.
• шотты толтырғаннан кейін Банк түскен соманың 50%-ды автоматты түрде есептен шығарады. Мерзімі өткен берешек сомасының қалған бөлігі мерзімі өткен берешекті өтеуге тұрақты өкім болған кезде кешкі сағат 19:00-ден кейін есептен шығарылады.
Мерзімі өткен берешекті өтеуге тұрақты өкім болмаған кезде Банктің мерзімі өткен соманың қалған 50%-дан ақы өндіріп алуға құқығы жоқ. Мерзімнің кешіктірілуінің пайда болуын болдырмау үшін сіз мерзімі өткен берешекті Банк терминалдары немесе бөлімшелер арқылы өтеуге тұрақты өкімге қол қоя аласыз.
Егер сіз Банктің мерзімі өткен соманы есептен шығаруын күткіңіз келмесе немесе мерзімі өткен берешекті өтеуге тұрақты өкімді қосуға уақытыңыз болмаса, Halyk Homebank қосымшасында «Төлемді өтеу» қызметін пайдалануға болады.




