Баспасөз орталығы
Бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу кезіндегі Halyk жұмысы туралы
Құрметті клиенттер!
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні Halyk-та техникалық жұмыстар жүргізіледі және кейбір банк қызметтері үзіліспен жұмыс істеуі мүмкін.
Техникалық жұмыстар 25 минут бойы сағат 23:50-ден (UTC +6) сағат 00:15-ке дейін (UTC +5) жүргізіледі.
Осы уақыт аралығында келесі қызметтер қолжетімді болады:
- POS-терминалдарда банк карталарымен төлеу;
- Halyk банк карталарымен банкоматтардан қолма-қол ақша алу;
- Жеке тұлғаларға арналған Halyk қосымшасына кіру және картада қалған ақшаны қарау.
Мобильді қосымшаның жұмысында кішігірім үзілістер болуы мүмкін:
- Төлемдерді жүргізу;
- Карталар, ағымдағы шоттар және депозиттер бойынша аударымдар;
- Несиелер, депозиттер бойынша қалдық соманы қарау және олармен операциялар жүргізу.
Бүкіл Қазақстан бойынша сыртқы провайдерлер мен бөтен сервистерде техникалық жұмыстар жүзеге асырылатынын ескере отырып, Halyk қосымшасындағы кейбір қызметтер 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні үзіліспен жұмыс істейді:
- Онлайн-кредит ресімдеу (29 ақпан сағ. 21:00-ден бастап 1 наурыз 08:00 дейін жұмыс істемейді);
- Тауарлай кредитті/бөлеу төлеуді ресімдеу (29 ақпан сағ. 21:30-ден бастап 1 наурыз 05:00 дейін жұмыс істемейді);
- ОТП-код қолдана отырып жасалған төлемдер мен аударымдар.
Сыртқы провайдерлерге тәуелділікті азайту үшін төлемдер мен аударымдарды жүргізу кезінде биометриялық авторизацияны (Touch ID/Face ID) пайдалануды ұсынамыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда мына нөмірлер бойынша хабарласыңыз:
- 7111 (ұялы телефоннан тегін);
- +7 (727) 259-07-77 (қалалық) шетелден қоңырау шалу үшін.
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқаныңыз үшін алғыс айтамыз. Банк операцияларын алдын ала жоспарлауыңызды өтінеміз.
Сервистер қолжетімсіздігінің толығырақ кестесімен сілтеме арқылы таныса аласыз.
Құрметпен,
Halyk