Баспасөз орталығы
Nostrum Oil & Gas plc бағалы қағаздарының ұстаушыларына хабарлама
Құрметті Halyk Invest клиенттері!
Euroclear Bank SA/NV SWIFT-хабарламасы негізінде «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-нан алынған ақпаратқа сәйкес, Nostrum Oil & Gas plc бағалы қағаздарына (ISIN: GB00BQVVS097) қатысты корпоративтік іс-шара — тарату жағдайындағы төлем (Liquidation Payment) жарияланғанын хабарлаймыз.
Корпоративтік іс-әрекеттің шарттары:
- Корпоративтік оқиғаның түрі: тарату жағдайындағы төлем (Liquidation Payment);
- Төлем нысаны: ақшалай қаражат (Cash);
- Төлем валютасы: фунт стерлингі (GBP);
- Төлем мөлшері: әлі анықталмаған;
- Төлем күні: әлі анықталмаған.
Хабарлама жарияланған күні сыйақы мөлшері мен төлеу мерзімдері туралы ақпарат жоқ. Ақша қаражатын клиенттердің шоттарына аудару олар депозитарлық есепке алу тізбегі бойынша іс жүзінде түскен жағдайда жүзеге асырылады.
Есепке алу ұйымының тарифтеріне сәйкес, осы корпоративтік іс-әрекет бойынша нұсқаулықты өңдегені үшін комиссия алынуы мүмкін екеніне назар аударамыз.
Осы корпоративтік іс-әрекет бойынша қосымша ақпарат түскенде жеке хабарлаймыз.