Баспасөз орталығы
ЖДҚ-ны сатып алу бағдарламасы туралы хабарландыру
«Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы («Халық Банкі» немесе «Банк») Банктің Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі шешіміне сәйкес өзінің жаһандық депозитарлық қолхаттарын (ISIN (Reg.S) US46627J3023, ISIN (144A) US46627J2033) («ЖДҚ») сатып алу бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды. Бағдарлама 50 миллион АҚШ долларына дейінгі сомаға есептелген және Банк капиталының құрылымын оңтайландыруға бағытталған (төменде көрсетілген шекті мәндерді ескере отырып).
Осы бағдарлама аясында Халық Банкі Citigroup Global Markets Limited-ке («Citi») ЖДҚ сатып алу бойынша тәуекелсіз принципал ретінде әрекет етуді тапсырды, әрбір ЖДҚ Халық Банкінің акционерлік капиталында 40 жай акцияны білдіреді (атап айтқанда ЖДҚ-ның акцияларға арақатынасы 1:40). Citi ЖДҚ-ны Банк атынан жалпы 50 миллион АҚШ долларынан аспайтын сомаға сатып алады және әрі қарай ЖДҚ-ны қайтадан кері Халық Банкіне сатады. Бұл ретте сатып алынатын ЖДҚ-ның жалпы саны жоғарыда көрсетілген ЖДҚ-ның акцияларға арақатынасын (1:40) және 50 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі сатып алудың жалпы сомасын ескере отырып, Банктің орналастырылған жай акцияларының жалпы санының 1%-ынан аспайды.
Сатып алу жөніндегі барлық мәмілелер тиісті биржалардың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады және нарықта теріс пайдаланудың алдын алу мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеудің қолданылатын нормаларына жауап береді.
Сатып алу бағдарламасы 2024 жылғы 18 қыркүйекте басталады және 2025 жылғы 18 қыркүйектен кешіктірмей аяқталады (жоғарыда көрсетілген шекті мәндер және лимиттер сақталған жағдайда).
Бұл хабарландыру кез келген юрисдикцияда бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату туралы ұсыныс немесе өтініш емес, сонымен қатар оның бөлігі болып табылмайды.
Заңды тұлғаларды сәйкестендіру коды (LEI) 213800NYDTVQM4SDUD67
Халық Банкі туралы
Халық Банкі – бөлшек, ШОБ және корпоративтік банк қызметтері, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер, активтерді басқару және өмір салты қызметтері (лайфстайл) сияқты түрлі сегменттерде қызмет ететін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Халық Банкі Қазақстан қор биржасында 1998 жылдан бастап, Лондон қор биржасында 2006 жылдан бастап және Астана халықаралық биржасында 2019 жылдан бастап листингтелген.
2024 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша банктің жиынтық активтері шамамен 16 749,9 млрд теңгені құрады, бұл оны Қазақстандағы ең ірі кредитор ретінде көрсетеді. Банктің елдегі ең ірі клиенттік базасы және бүкіл ел бойынша 568 филиалы мен бөлімшелерінен тұратын ең тармақталған филиалдық желісі бар. Сонымен қатар банк өз қызметін Грузия мен Өзбекстанда жүзеге асырады.
Халық Банкі туралы қосымша ақпарат алу үшін біздің сайтқа кіріңіз: https://halykbank.com/about/
Қосымша ақпарат алу мәселелері бойынша хабарласуға болатын тұлғалар:
Мира Тиянақ | +7 727 259 04 30 MiraK@halykbank.kz |
Рустам Телiш | +7 727 330 15 66 RustamT@halykbank.kz |
Нұргүл Мұхади | +7 (727) 3301677 NyrgylMy@halykbank.kz |