Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі

Баспасөз орталығы

25.04.2024

Бәрі рет-ретімен: Салық есептілігінің 250-нысаны дегеніміз не және оны тапсыру не үшін маңызды

Halyk сарапшылары табыс декларациясын ұсынудың ең оңай жолы қандай екенімен бөлісті

Жалпыға бірдей декларациялау – бұл міне үшінші жыл көптеген қазақстандықтың ойын мазалап жүрген тіркес. Халықтың табысы мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі 2021 жылы мемлекеттік қызметшілердің салық есептілігін міндетті түрде ұсынуынан басталды, жыл сайын Қазақстан азаматтарының басым бөлігін қамтып келеді.

Салық есептілігі – бұл арнайы нысанды кезең-кезеңімен тапсыру, онда елдің әрбір азаматы өзінің жинақталған және сатып алынған, бірақ әлі тіркелмеген активтері мен міндеттемелерін көрсетеді. Оларға бағалы қағаздар мен акциялар (сатып алу кезіндегі баға бойынша), қолма-қол ақша, зергерлік бұйымдар, қарыздар, шетелдік және басқа мүлік жатады. Салықтарды реттеудің бұл әдісі көптеген дамыған елдерде кең таралған, жоғары нәтиже көрсетіп, елдерді көлеңкелі экономикадан шығаруға көмектеседі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда салық есептілігінің 250-нысанын тапсыруды қамтитын декларациялаудың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Осы жылдың қорытындысы бойынша аталған нысанды:

  • ЖШС басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;
  • жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары тапсыруы тиіс.

Ал 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап декларациялаудың төртінші кезеңінің басталуымен салық есептілігі еліміздің барлық азаматтарына қатысты болады.

Декларация тапсыру – көп уақытты және мәліметтерге барынша назар аударуды қажет ететін барынша күрделі процесс. Декларацияны қалай және қайда тапсыруға болады? Салық есептілігін тапсыру процесін жеңілдету және қазақстандықтарға салық салудың барлық қыр-сырын түсінуге мүмкіндік беру үшін Halyk Bank Halyk мобильді қосымшасында ЖШС немесе ЖК бар жеке тұлғалардың, сондай-ақ олардың жұбайларының активтері мен міндеттемелері туралы 250-салық декларациясын тапсыру бойынша қызметті іске қосты.

Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев: «Halyk Bank-тің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде қолжетімді жаңа өнімі декларациялаудың барлық аспектілерін жеңіл түсінуге көмектеседі, бұл оны әрбір клиентке қолжетімді етеді. Ыңғайлы интерфейс пен барлық процестердің автоматтандырылуы арқасында Halyk қосымшасы клиенттердің уақытын алмай, декларацияның барлық тармақтарын тікелей өз телефонында толтыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті.

Қосымшаның функционалдығы жеке тұлғаның қолма-қол ақшадан бастап кез келген басқа құнды мүлікке дейінгі барлық түрлерін кезең-кезеңімен толтыруға мүмкіндік береді. Нысанға тікелей Halyk қосымшасында қол қойылғаннан кейін, толтырылған декларация автоматты түрде салық органына жіберіледі.

Салық есептілігінің 250-нысанын 15 қыркүйектен кешіктірмей ұсыну қажет. Сондай-ақ, декларацияны мерзімінде ұсынбағаны үшін үнемі өсіп отыратын әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын есте ұстаған жөн. Алайда декларациялаудың маңызды функциясы бизнес жүргізудің жаңа мүмкіндіктерін ашу болып табылады. Кейіннен «кіріс» декларациясында көрсетілген мүлік және ақша қаражаттары туралы мәліметтер ірі сауда жасағанда немесе мәміле кезінде растау бола алады.

Салық есептілігінің 250-нысанының қазіргі маңыздылығы – бүкіл халықты салық декларациясына дайындау. Егер қазір бұл нысанды ЖШС және ЖК басшыларына және олардың жұбайларына жататын жеке тұлғалар ғана тапсырса, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 250-салық декларациясын барлық қазақстандықтар тапсыруы тиіс. Halyk келесі жылға қарай барлық клиенттер өз мүлкін жеңіл әрі сенімді түрде декларациялай алу үшін қазірден бастап салық есептілігінің 250-нысанын тапсыру бойынша ыңғайлы қызмет дайындады. Осылайша, салық есептілігін ұсыну әдетін біртіндеп енгізе отырып, Қазақстан азаматтары ашық және жемқорлық жайламаған қоғамға бір қадам жақындайды.