Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

22.09.2025

Fitch Ratings Halyk инвестициялық рейтингін «BBB-» деңгейінде бекітті

Алматы, 2025 жылғы 22 қыркүйек. 2025 жылғы 17 қыркүйек күні Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Halyk Bank-тің шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді рейтингін «Тұрақты» болжаммен «BBB-» деңгейінде бекітті.

Fitch Ratings Қазақстанның банк секторындағы Halyk Bank-тің жоғары нарықтық үлесі, табыстылықтың тұрақты жоғары көрсеткіштері, елеулі капиталдандыру және орнықты өтімділік рейтингті қолдайтын негізгі факторлар болып табылатынын атап өтті. Агенттіктің түсініктемесі бойынша, «Тұрақты» болжам Halyk Bank-тің кредиттік көрсеткіштері орта мерзімді перспективада күшті болып қала беретінін айқындап тұр.

Fitch Ratings Halyk Bank-тің корпоративтік және бөлшек бизнестегі күшті нарықтық позициялары және теңдестірілген кредиттік портфелі бар сенімді бизнес-моделін, сондай-ақ Банк активтерінің сапасы соңғы бес жылда айтарлықтай жақсарғанын атап өтті. Сонымен қатар Агенттік тұрақты маржаның, жоғары операциялық тиімділіктің және тәуекелдің төмен құнының арқасында 2025-2026 жылдары Банктің жоғары табыстылығының сақталуын күтеді. 

«Fitch Ratings агенттігінің берген кредиттік рейтингі өзгермелі экономикалық орта мен сырттан төнген сындар жағдайында Банктің тиімді жұмысын, ал берген бағасы Halyk-тың Қазақстанның банк нарығындағы жетекші ойыншы ретіндегі қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігін көрсетеді. Сондай-ақ бұл нарықтың Halyk-қа көрсеткен сенімі мен сенімділігінің дәлелі», - делінген Банктің хабарламасында.

Қазақстан Халық Банкі туралы

Халық Банкі – бөлшек, ШОБ және корпоративтік банк қызметтерін, сақтандыруды, лизингті, брокерлік қызметтерді, активтерді басқаруды және өмірге қажетті қызметтерді (лайфстайл) қоса алғанда, әртүрлі сегменттерде жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Халық Банкінің Қазақстан қор биржасында 1998 жылдан бері, Лондон қор биржасында 2006 жылдан бері және Астана халықаралық биржасында 2019 жылдан бері листингі бар.

2025 жылғы 30 маусым жағдайы бойынша Банк жиынтығында 19,616 млрд теңге мөлшеріндегі активтерге ие бола отырып, Қазақстандағы ең ірі кредитор болып табылады. Банк елдегі ең ірі клиенттік базалардың біріне ие және филиал желісі кең тараған, ел бойынша 542 филиалы мен бөлімшесі бар. Сонымен қатар Банк Грузия мен Өзбекстанда қызмет етеді.

Банк туралы толығырақ ақпаратты: https://www.halykbank.com.


Қосымша ақпарат алуға болатын тұлғалар:

Мира Тиянақ

+7 727 259 04 30

Ir@halykbank.kz

MiraK@halykbank.kz 

Рустам Теліш

+7 727 330 15 66

RustamT3@halykbank.kz 

Екатерина Сванбаева

+7 (727) 330 12 88

EkaterinaS@halykbank.kz

Кустубаева Лаура

+7 727 259 60 27

LauraKus@halykbank.kz