Баспасөз орталығы
Altyn Bank клиенттері кез келген төлемді Halyk Bank POS-терминалдарында QR-мен төлей алады
Қазақстанда төлемдердің цифрлық экожүйесі кеңеюде, енді Altyn Bank клиенттері Altyn АІ мобильді қосымшасын пайдалана отырып, кез келген төлемді Halyk Bank POS-терминалдарында Halyk QR көмегімен төлей алады.
Бұл шешім елдегі қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың бірыңғай кеңістігін дамытудағы маңызды қадам болды. Бұрын тек Halyk клиенттері пайдалана алатын QR төлемі басқа банктердің пайдаланушыларына да қолжетімді бола түсті.
Осылайша, Altyn Bank клиенттері үшін кез келген төлемді төлеу одан да ыңғайлы болады: Halyk Bank POS-терминалдары бүкіл ел бойынша мыңдаған сауда нүктелерінде қол жетімді, төлем Altyn AI қосымшасынан QR кодын сканерлеу арқылы бірнеше секунд ішінде өтеді және әрбір транзакцияның қауіпсіздігіне банк жүйелері кепілдік береді.
Технологияның көмегімен Altyn АІ пайдаланушылары супермаркеттерде, кафелерде, дүкендерде, жанармай құю бекеттерінде және жүздеген мың басқа сауда орындарында кез келген төлемді оңай төлейтін болады.
Сонымен қатар, Halyk QR-дің Altyn Bank қосымшасында пайда болуы QR төлемдері біртіндеп салалық стандартқа айналатынын көрсетеді. Бұл технология тек бір ЕДБ-нің ішкі сервисі ғана болып қалмай, банкаралық интеграция деңгейіне шығуы мүмкін.