Баспасөз орталығы
Halyk Bank және re:Kassa стратегиялық әріптестік туралы келісім жасасты
Қазақстанның жетекші қаржы институты Halyk Bank және re:Kassa финтех-компаниясы Қазақстанда цифрлық кассалық шешімдерді дамытуға сонымен қатар шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдауға бағытталған стратегиялық әріптестік туралы келісім жасасқаны туралы хабарлады.
Тараптар заманауи төлем шешімдерін, цифрлық кассалар мен бизнес-процестерді автоматтандыру құралдарын енгізу арқылы кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін кеңейту бойынша бірқатар бастамаларды іске асыруды жоспарлап отыр. re:Kassa ұсыныстары, соның ішінде мобильді кассалар мен бұлттық кассалық сервистер Halyk клиенттеріне қол жетімді болады.
- Біз re:Kassa-мен арадағы серіктестік ШОБ секторындағы клиенттерімізге бизнесті жүргізу үшін жаңа, технологиялық құралдарды ұсынуға мүмкіндік беретініне және жалпы айтқанда, Қазақстандағы кәсіпкерліктің цифрлық трансформациясына оң әсер ететініне сеніміміз мол, – деді Halyk Bank Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәурен Сартаев.
-Halyk-пен ынтымақтастық игілікке бастайтын бастаманы қарқындатады және жаппай қамтудың жаңа деңгейіне көшу мүмкіндіктеріне жол ашады. Біз бірге кәсіпкерлерге төлем жасаудан бастап есептеуге дейін барлық құралдар ыңғайлы, тез, ашық әрі шынайы жұмыс істейтін экожүйені ұсынатын боламыз, – деп, re:Kassa co-founder сөзін қорытындылады.
Ымыралы ынтымақ нәтижесі қаржылық инклюзияны арттыруға, сауданы цифрландыруды жеделдетуге және Қазақстанда бизнес жүргізу барысындағы кедергілерді төмендетуге оң ықпалын тигізеді деп күтілуде.
Компаниялар туралы:
Halyk Bank – жеке және заңды тұлғаларға банктік қызметтердің толық спектрін ұсынатын, Қазақстанның ғасырдан астам терең тарихы бар сан салалы Банкі.
re: Kassa – сатуды автоматтандыруға бағытталған шешімдер, шағын бизнеске арналған онлайн-кассалар мен сервистер мәселелері саласында тер төгіп, қызмет етіп келе жатқан қазақстандық финтех-компания.