Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі

Баспасөз орталығы

18.04.2024

Қырғызстандағы еншілес ұйымның 100% акциясын сату туралы баспасөз релизі

«Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы (LSE: HSBK; KASE: HSBK, HSBKd; AIX: HSBK, HSBK.Y) Visor International DMCC инвестициялық тобының («Visor») құрамына кіретін сатып алушылар консорциумының пайдасына «Халық Банк Қырғызстан» ААҚ-тың 100% акциясын сату бойынша мәміленің аяқталғанын хабарлайды.

Visor тобы «Халық Банк Қырғызстан» ААҚ-ты дербес заңды тұлға ретінде сақтап, оны Қырғызстанда дамытуды жалғастыруды жоспарлап отыр.


Қазақстан Халық Банкі туралы

Қазақстан Халық Банкі – бөлшек, ШОБ және корпоративтік банк қызметтерін, сақтандыруды, лизингті, брокерлік қызметтерді және активтерді басқаруды қоса алғанда, әртүрлі сегменттерде жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банктің Қазақстан Қор Биржасында 1998 жылдан бастап, Лондон Қор Биржасында 2006 жылдан бастап және Astana International Exchange-де 2019 жылғы қазаннан бастап листингі бар.

2023ж. 31 желтоқсан жағдайы бойынша 15,494.4 млрд теңге мөлшеріндегі активтерге ие бола отырып, Банк Қазақстандағы жетекші кредиттік ұйым болып табылады. Банк клиенттердің ең ірі дерекқорына және филиал желісіне ие, ел бойынша 570 филиалы мен бөлімшесі бар. Банк Грузияда мен Өзбекстанда қызмет етеді.

Банк туралы толығырақ ақпаратты: https://www.halykbank.com сайтынан табуға болады


Қосымша ақпарат алуға болатын тұлғалар: 

Маханов Алмас


+7 727 244 77 63

 AlmasMa@halykbank.kz

Низамова Хатирям

+7 727 330 11 75

HATIRYAMN@halykbank.kz 

Бектемисов Азиз

+7 727 258 53 16

AZIZB@halykbank.kz