Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі

Баспасөз орталығы

05.12.2023

Шекарасыз, проблемасыз 6 континент: Пандемиядан кейін қалай тиімді саяхаттауға болады

Halyk Travel-дің қайта басталған науқаны сізге саяхаттаудың барлық қызығын көруге мүмкіндік береді

Саяхат шабыттандырады. Адамдар өздерінің табиғаты бойынша күйбең тіршіліктен алыстап, жаңаға ұмытылып, жаңа жерлерді көргісі келеді. Алдымен ежелгі адамдар терімшілікпен айналысып, аң аулау арқылы физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін тұрған жерлерін ауыстырды. Содан кейін – әлеуметтік және мәдени қажеттіліктер үшін айналасындағы әлемді білгісі келді. Көп саяхаттау арқылы адам даналыққа кенеледі, деп бекер айтылмаған.

Саяхат географиясының кеңеюімен бүкіл әлем бойынша жүріп-тұрудың технологиялық мүмкіндіктері де кеңейді. Егер Магеллан экспедициясының бүкіл әлем бойынша алғашқы саяхаты 3 жылға созылса, 2010 жылы Риккардо Мортара, Габриэль Мортара және Флавьен Гудерзо бүкіл әлемді бар болғаны 58 сағатта айналып өтті.

Прогресс бір орында тұрмайды, бірақ, өкінішке қарай, адамдардың көпшілігі үшін саяхат бағасы да өсіп жатыр. Билеттер, қонақүйлер, ойын-сауық шығындары жыл сайын көбейіп келеді, бұл адамдардың бір жерге ұшу қажеттілігіне күмән тудырады. Сонымен, Reuters пандемиядан кейінгі кезеңде саяхатқа деген сұраныстың табиғи өсуімен әуе рейстері мен қонақүйлердің бағасы да өскенін атап өтті. Кейбір жағдайларда бағаның екі есе өскені көрсетіледі.

Көптеген адамдар дилеммаға тап болады: бір жағынан, карантиннен кейін саяхатқа деген қызығушылық бұрын-соңды болмаған деңгейге жетеді; екінші жағынан, жоғары бағаға байланысты әлеуетті туристер бір уақытта көп ақша жұмсағысы келмейді. Нәтижесінде, пандемиядан кейін саяхаттағысы келетіндер өз қалауларынан бас тартуға және бәрін кейінге қалдыруға мәжбүр.

Бірақ бұл дилеммадан шығудың басқа жолы бар. Нарыққа көз жүгіртсек, әртүрлі саяхат операторлары тиімді шешімдерді ұсынады, олардың бірі – Halyk Travel-ден 0-0-6 бөліп төлеу арқылы сатып алу, бұл бүкіл әлем бойынша ұшқысы келетіндерге қаржылық жүктемені тиімді бөлуге көмектеседі.

«Әлемдегі жағдайды ескере отырып, біз өз клиенттеріміздің қажеттіліктерін жақсы білеміз", - деп түсіндірді Halyk басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мукушев. "Біздің науқанымыз кез келген жерге көп ойланбай және қаржылық қиындықтарсыз ұшуға, әдемі әлемімізді зерттеуге және карантин кезінде бара алмаған саяхаттың қызығын көруге көмектеседі".

Halyk Travel-де 0-0-6 бөліп төлеудің артықшылықтары айқын. Отбасылық немесе жеке бюджетке қатты әсер етуі мүмкін билет төлемін бірден төлеудің орнына, толық сома комиссиясыз және қосымша пайыздарсыз алты бөлікке бөлінеді, бұл клиенттердің төлем қабілеттілігін айтарлықтай жеңілдетеді. Сонымен қатар, Halyk Travel қызметіндегі жаңартылған іздеу алгоритмінің арқасында барлық бағыт бойынша ең тиімді және икемді билеттерді оңай табуға болады.

"0-0-6 бөліп төлеу" науқанының өзі 1 маусымда басталып, жыл соңына дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде Halyk Travel-дің 15000-нан астам клиенті науқанды пайдаланып, бүкіл әлемді қаржылық қиындықсыз шарлады. Осы кезеңде Египет, Түркия, БАӘ және Таиланд, әсіресе жазғы маусымда ең танымал бағыттар болды. Осы бөліп төлеудің арқасында пандемияға байланысты ұзақ уақыт бойы шетелге саяхаттауға мүмкіндігі болмаған клиенттер кез келген қалаған бағытына еркін барып келе алды.

Біздің әлем таным үшін шексіз және пандемия немесе инфляция болсын қандай да бір кедергілерге қарамастан, әр адамның саяхаттауға тең мүмкіндігі болуы керек. Адам көп саяхаттаған сайын оның көкжиегі де кең болады, бұл өз кезегінде жалпы қоғамға және адамның өз бақытына оң әсер етеді. Осы әсерге қол жеткізу мақсатында Halyk Travel әр клиенттің жаңа белестерді бағындыруына кедергілер болмау үшін "0-0-6 бөліп төлеу" науқанын жасады!